1. Акционерлiк қоғам болып қайта құрылатын көтерме сауда кәсiпорындарының және бұрын Қазақстан Республикасы Сауда министрлiгiнiң "Қазбакалейпродпромторг" республикалық концернiнiң құрамына кiрген акционерлiк қоғамдардың негiзiнде N 1 және 2 қосымшаларға сәйкес "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы құрылсын.
Көтерме сауда кәсiпорындары қайта құрылғанға дейiн олардың сегментациясы жүргiзiледi, бұлардың жанындағы дүкендер бөлiнедi, заңды ұйым мәртебесiн алады және алдағы уақытта шағын жекешелендiру шегiнде қайта құрылады.
2. "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы "Казбакалейпродпромторг" республикалық концернiнiң мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң құқылы мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
3. "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының негiзгi мiндеттерi:
халықты қамтамасыз ету үшiн белгiленген номенклатурадағы тауарларды қалыптастыру, сақтау және берiп тұру;
өзiнiң номенклатурасына кiретiн өнiмдердi әкелу мен әкету жөнiндегi мемлекетаралық келiсiмдердi орындау;
тұтынушылардың қамтамасыз етiлуiн жақсарту үшiн аймақтар арасында азық-түлiк ресурстарының ауыс-күйiсiн жасау;
"Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдардың қызметiн үйлестiру және реттеу;
компанияның коммерциялық қызметi мен оның кәсiпорындарының жарналары есебiнен материалдық базаны дамыту мен жаңғырту, нысаналы қаржы қорларын қалыптастыру деп анықталсын.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
"Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру жөнiндегi құрылтай құжаттарын бiр айлық мерзiмде белгiленген тәртiп бойынша әзiрлеп, бекiтсiн;
облыстық көтерме сауда кәсiпорындарының мемлекеттiк мүлкiн, сондай-ақ бұрын құрылып, "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына енгiзiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына табыстайтын болсын;
"Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясымен бiрлесiп көтерме сауда базаларының уақтылы акционерлендiрiлуiн және осы компанияға акционерлiк қоғамдар акцияларының пакеттерi өткiзiлуiн қамтамасыз етiп, аталған акционерлiк қоғамдардың жекешелендiрiлуiне қарай акциялар пакетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiппен сатады деп белгiлесiн. 5. "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының басқармасы Алматы қаласында орналасады деп белгiленген. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 қарашадағы N 1181 қаулысына N 1 қосымша Акционерлiк қоғамдар болып қайта құрылатын және "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына енгiзiлетiн көтерме сауда кәсiпорындарының Тiзбесi "Қазбакалейсауда" базасы, Ақмола қаласы "Қазбакалейсауда" базасы, Ақтөбе қаласы "Қазбакалейсауда" базасы, Ақтау қаласы "Қазбакалейсауда" базасы, Арқалық қаласы "Қазбакалейсауда" базасы, Жамбыл қаласы "Қазбакалейсауда" базасы, Қарағанды қаласы "Қазбакалейсауда" базасы, Қызылорда қаласы "Қазбакалейсауда" базасы, Көкшетау қаласы "Қазбакалейсауда" базасы, Қостанай қаласы "Қазбакалейсауда" базасы, Петропавл қаласы "Қазбакалейсауда" базасы, Талдықорған қаласы "Қазбакалейсауда" базасы, Орал қаласы "Қазбакалейсауда" базасы, Шымкент қаласы
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 қарашадағы N 1181 қаулысына N 2 қосымша
"Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдардың Тiзбесi "Албақ" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы "Жемiсбакалейсауда" акционерлiк қоғамы, Атырау қаласы "Бакалейсауда" акционерлiк қоғамы, Жезқазған қаласы "Бакалейсауда" акционерлiк қоғамы, Павлодар қаласы "Шығысбакалейсауда" акционерлiк қоғамы, Өскемен қаласы