Автомобиль көлiгiнiң едәуiр өсуi әуе бассейнiне керi әсерiн тигiзуде. Тек 1992 жылы ғана жекеменшiк автомобильдер саны 34 мыңға көбейдi.
Автокөлiк кәсiпорындарын қаланың сыртына көшiру жөнiндегi тапсырма орындалған жоқ. Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу бүгiнгi күн талабына сай жолға қойылмаған. Өндiрiстiк қалдықтарды кәдеге жарату мен залалсыздандыру полигонын салу мәселесi де шешiлмей келедi, бұлардың қала аумағында уақыт өткен сайын жинақталып, үйiлiп жатуы қаланың санитарлық-экологиялық жағдайына салқынын тигiзуде.
Министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар мен ұйымдар атмосфераға залалды заттардың шығарылуын қысқарту, өнеркәсiп пен тұрмыс қалдықтарын кәдеге жарату, су пайдалануды реттеу жөнiнде пәрмендi шаралар қолданбай отыр.
Алматы қаласының экологиялық жағдайын сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Алматы қаласының әкiмi:
мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және басқа да ұйымдармен бiрлесiп, 1993-1994 жылдары Алматы қаласын экологиялық сауықтырудың кешендi бағдарламасын әзiрлеудi аяқтасын;
1994 жылғы 1 шiлдеге дейiн экологиялық талаптарды ескере отырып, Алматы қаласында құрылыс жүргiзу ережесiн әзiрлесiн;
1994-1996 жылдардың iшiнде тұрғын алаптар, су сақтау жүйектерi санитарлық-экологиялық және қала құрылысы талаптарына сәйкес келтiрiлсiн.
Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен бiрлесiп, 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаланың коммуналдық қажетiне қызмет етпейтiн жаңа өнеркәсiп объектiлерi мен кәсiпорындары салынуына тиым салсын. Қаланың тiршiлiгiмен сабақтас өнеркәсiп орындарын дамытуды "Қайрат" және "Шамалған" өнеркәсiп аймақтарында жүзеге асырсын, жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарда реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтауды ластау лимитiн 10 процентке қысқарту арқылы өндiрiс алаңдарын ұлғайтпай жүзеге асыруды көздесiн;
коммуналдық объектiлер құрылысына, саяжай, гараждар мен автотұрақтары құрылысына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оңды қорытындысынсыз жер бөлу жүргiзiлмесiн.
2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi 1994 жылдың 1 шiлдесiне дейiн Алматы қаласындағы табиғи ортаның сапасын жақсарту үшiн өнеркәсiп пен тұрмыс қалдықтарын, шағын және жалпықалалық тазарту ошақтарынан шыққан ластағыш заттар тастандыларын, тұрақты және жылжымалы көздерден бөлiнетiн залалды қоспалар шығарындыларын орналастыруға қатысты ағымдағы нормативтердi қайта қарап, жаңа нормативтер әзiрлеп енгiзсiн.
3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн пайдалану мен дамыту жөнiндегi "Қазтұрғынкомшар" мемлекеттiк республикалық концернi:
Алматы қаласының әкiмiмен бiрлесiп 1995 жылдың 1 шiлдесiне дейiн өз бетiнше пайда болған үйiндiлердiң жойылуын, тұрғын үй құрылысы жүрiп жатқан аудандардан қоқыс тиеу стансаларын әкетiп, босаған аумақтарды жаңғыртуды, тұрмыстық қатты қалдықтарды үздiксiз жинау, тасымалдау, оларды кәдеге жарату және жаңа полигонда көмiп отыру жұмыстарының ұдайы жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн;
1994 жылдың 1 тоқсанында бұрынғы бар және жаңадан қолға алынған аумақтарда суармалы жасыл көшет алаптарын жаңарту мен жасау бағдарламасын бекiтiп, оны жүзеге асыруға кiрiссiн;
өнеркәсiп орындары мен коммуналдық шаруашылықтарда суық және ыстық су тұтынудың есебiн жүргiзетiн аспаптар енгiзу мәселесiн қарасын.
4. Алматы облысының және Алматы қаласының әкiмдерi:
1994 жылдың бiрiншi жартысында қала мен облыс кәсiпорындарының өнеркәсiптiк улы тастандыларын кәдеге жаратуға, залалсыздандыруға және көмуге арналған полигон салуға (кәсiпорындар мен ұйымдардың үлестiк қаржыларын есепке ала отырып) жер бөлу мәселесiн шешсiн;
Алматы қаласының тау бөктерлерiндегi бөлiгiнде және iргедегi тау шатқалдарында санитарлық-экологиялық аймақтар жасап, онда автокөлiктiң еркiн жүрiп-тұруын шектеу көзделсiн.
5. Алматы қаласының әкiмi "Желдiрме" мемлекеттiк холдинг компаниясымен, Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен бiрлесе отырып, 1994 жылдың екiншi тоқсанынан бастап, көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың кешендi схемасының 1-кезеңiн жүзеге асыруға кiрiссiн, мұнда электр көлiгiн басымдықпен дамыту, "Медеу" шатқалына троллейбус маршрутын тарту көзделсiн. <*>
Ескерту. 5-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң
1996.06.28. N 836 қаулысымен. P960836_
6. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, "Желдiрме" мемлекеттiк холдинг компаниясы қалалық автокөлiктi шығаратын газын тазартуға арналған құралмен жабдықтау, экологиялық талаптарға сай келмейтiн автомотокөлiктер әкелудi шектеу, сондай-ақ шығатын газды тазартатын жаңа технологиялар ендiру жөнiнде шаралар қолдансын.
7. "Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" Қазақ ССР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне, коммерциялық және басқа банкiлерге мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оңды қорытындысы болмаған жағдайда меншiктiң барлық түрiндегi объектiлер салу мен реконструкция жасауға қаржы бөлуге тиым салу ұсынылсын.
8. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi:
1994 жылдың II тоқсанынан бастап Алматы облысының мұнай өнiмдерiн сақтау орындарын кезең-кезеңмен қала сыртына шығаруды қолға алып, босаған алаңдардың қалпына келтiрiлуiн қамтамасыз етсiн;
Алматы N 1 жылу электр орталығы және қаладағы басқа да энергетика көздерi Бұқара газды ауданы - Ташкент - Алматы газ құбырының екiншi желiсi iске қосылғаннан кейiн және газ құбырының жұмыс iстеп тұрған бiрiншi желiсi жаңартылғаннан кейiн табиғи газды пайдалануға көшiрiлсiн.
9. Алматы қаласының әкiмi жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне осы қаулының орындалу барысы туралы ақпар берiп отырсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi