Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 692 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi ұсынған Қазақстан Республикасының жұмыс қолы көп және жұмыс қолы жетiспейтiн селолық аудандарының 1994-1995 жылдарға арналған тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қаржы министрлiгi, "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясы, облыстардың әкiмдерi аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеу кезiнде халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатымен 1994 жылдан бастап қаржының (кредиттiң) және материалдық-техникалық ресурстардың қосымша жұмыс орындарын құруға, жұмыс қолы көп аудандарда және қоныс аударушыларды қабылдаушы аудандарда тұрғын үй салуға басымдықпен жұмсалуын ескеретiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi, облыстардың әкiмдерi халықты жұмыспен қамтудың аймақтың бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде:
жұмыс қолы көп аудандар үшiн - жұмыссыздыққа жол бермеу шараларына негiзделген, жұмыс күшiнiң қайта бөлiну процестерiн басқаруға, кадрлар даярлау мен қайта даярлауды жетiлдiруге, қосымша жұмыс орындарын құруды көтермелеуге бағытталған белсендi жұмыспен қамту саясатын жүргiзудi;
жұмыс қолы жетпейтiн аудандар үшiн - негiзiнен басқа мемлекеттер мен ТМД республикаларынан қоныс аударушыларды жiберудi, олардың жұмысқа және шаруашылық-тұрмыстық жағынан орналасуларына бақылаудың күшейтiлуiн көздейтiн болсын.
4. 1996 жылдан бастап жұмыс қолы көп және жұмыс қолы жетiспейтiн аудандардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Еңбек және Ауыл шаруашылығы министрлiктерiмен келiсе отырып, облыстардың әкiмдерi бекiтетiн болсын.
5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан
Республикасының жұмыс қолы көп және жұмыс қолы жетiспейтiн селолық
аудандарының 1992-1993 жылдарға арналған тiзбесiн бекiту туралы"
1992 жылғы 10 наурыздағы N 208 қаулысының (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 10, 179-бап) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 17 желтоқсандағы
N 1256 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасының жұмыс қолы көп және жұмыс
қолы жетiспейтiн селолық аудандарының 1994-1995 жылдарға
арналған
Тiзбесi
-----------------------!---------------------------!------------------
Облыстар ! Жұмыс қолы көп ! Жұмыс қолы
! селолық аудандар ! жетiспейтiн
! ! селолық аудандар
-----------------------!---------------------------!------------------
1 ! 2 ! 3
-----------------------!---------------------------!------------------
Ақмола Атбасар
Вишнев
Селетi
Ақтөбе Әйтекеби
Ақтөбе
Алға
Байғанин
Бөгеткөл
Исатай
Ленин
Қобда
Мартөк
Мұғаджар
Ойыл
Октябрь
Темiр
Хромтау
Шалқар
Ырғыз
Алматы Қаскелен
Кеген
Райымбек
Ұйғыр
Атырау Құрманғазы Жылыой
Қызылқоға
Батыс Қазақстан Жанқала
Қаратөбе
Сырым
Тайпақ
Жамбыл Жамбыл
Жуалы
Қордай
Луговой
Мерке
Сарысу
Свердлов
Шу
Жезқазған Шет
Көкшетау Еңбекшiлдер
Қызылту
Куйбышев
Ленинград
Ленин
Рузаев
Уәлиханов
Чистополь
Қарағанды Қарқаралы Қазыбекби
Қостанай Қамысты
Комсомол
Ленин
Қызылорда Арал
Жалағаш
Жаңақорған
Қазалы
Қармақшы
Сырдария
Тереңөзек
Шиелi
Маңғыстау Қарақия
Маңғыстау
Оңтүстiк Қазақстан Алғабас
Арыс
Жетiсай
Қазығұрт
Келес
Киров
Мақтаарал
Отырар
Сайрам
Сарыағаш
Созақ
Төлеби
Түлкiбас
Түркiстан
Шардара
Павлодар Ақсу
Ақтоғай
Баянауыл
Екiбастұз
Ертiс
Железин
Качир
Май
Павлодар
Успен
Шарбақты
Лебяжье
Семей Ақсуат
Аягөз
Бородулиха
Жаңасемей
Жарма
Мақаншы
Таскескен
Ұржар
Шар
Солтүстiк Қазақстан Тимирязев
Талдықорған Қаратал Алакөл
Кербұлақ Көксу
Панфилов
Сарқанд
Торғай Жангелдi
Шығыс Қазақстан Большенарым Самар
Зайсан
Күршiм
Қатонқарағай
Марқакөл
Тарбағатай