Қазақстан Республикасы, тәуелсiз мемлекеттер достастығы және Балтық елдерi арасында аса маңызды өнiм түрлерiн экспорттау мен импорттауды қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 17 желтоқсан 1993 ж. N 1257

      Сауда-экономикалық ынтымақтастығы туралы үкiметаралық келiсiмдер бойынша мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердi берiп тұруды қоса алғанда 1994 жылы Қазақстан Республикасы, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы және Балтық елдерi арасында өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы аса маңызды өнiмдер мен тауарлар түрлерiн сатып алу мен сатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 30 шiлдедегi N 1311 Жарлығына сәйкес тауарларды экспорттау мен импорттау саласындағы бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi жеткiзген квоталар шегiнде мемлекет мұқтажына арналған келiсiлген номенклатура бойынша мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердi қоса алғанда Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы және Балтық елдерiмен аса маңызды өнiмдер мен тауарлар түрлерiн сатып алу мен сату жөнiндегi экспорттық-импорттық операцияларды "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясы жүзеге асыратын болып белгiленсiн.
      Белгiленген квоталар шарттарды (контрактiлердi) жасау үшiн негiзге алынады және өндiрушi кәсiпорындардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi белгiленген тәртiппен "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясына өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы аса маңызды өнiмдер түрлерiнiң экспорты мен импортына қатысты сыртқы сауда қызметiнiң құқығын беру туралы мәселенi қарайтын болсын.
      3. "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясына:
      үкiметаралық келiсiмдер бойынша көзделген квоталар көлемiнде мемлекеттiк маңызы бар өнiмдерi берiп тұруға өндiрушi кәсiпорындармен және делдал ұйымдармен шарттар (контрактiлер) жасау, сондай-ақ аса маңызды өнiмдер мен тауарлар түрлерiн сатып алу жөнiнде, соның iшiнде өзара байланыс негiзiнде де Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мен Балтық елдерiнiң контракт жасаушы ұйымдарымен шарттар (контрактiлер) жасасуды ұйымдастыру;
      аса маңызды өнiмдер түрлерiн, соның iшiнде мемлекеттiк маңызы бар өнiмдерi экспорттау мен қайтадан экспорттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен келiсу бойынша жекелеген өндiрiстердiң (бағыттардың) мемлекеттiк мұқтажы мен оларды мемлекет тарапынан қолдауды қамтамасыз ету үшiн шикiзатты, жабдықтарды, қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы бұйымдарды, өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдердi импорттауды жүзеге асыру жүктелсiн.
      4. "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясы үкiметаралық келiсiмдерде көзделген мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердi өзара берiп тұруды орындау үшiн жауапкершiлiктi мойнына алатын және оның жүзеге асырылуының барысы туралы ай сайын Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiн хабардар етiп тұратын болып белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi үкiметаралық келiсiмдердiң орындалуы туралы тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне жиынтық ақпарат түсiрiп тұрады және орайы келген ретте үкiметтiң шешiмдерiн қажет ететiн ұсыныстар енгiзiп отырады.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiн қатыстыра отырып, үкiметаралық келiсiмдер бойынша мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердi сатып алу мен өткiзу үшiн "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясына қолданылып жүрген проценттiк ставка бойынша орталықтандырылған кредиттiк ресурстар бөлу мүмкiндiгiн қарастырсын.
      6. "КРАМДС" Ұлттық акционерлiк компаниясының құрамына кiргiзiлген өндiрушi кәсiпорындар шығаратын ресурстардың, өнiмдердiң аса маңызды түрлерiмен қамтамасыз ету жөнiнен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асырудың осы қаулыда көзделген тәртiбi толық көлемiнде "КРАМДС-Снабсбыт" акционерлiк компаниясы қолданылатын болып белгiленсiн; <*>
      Ескерту. 6 тармақ толықтырылды - ҚРМК-нiң 1994.01.31. N 115
               қаулысымен.
      (7-тармақ) <*> .
      Ескерту. 7 тармақ күшiн жойды - ҚР Кабинет Министрінің 1994 ж. 26
               сәуiрдегi N 435 қаулысымен.
      8. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi мемлекет мұқтажы үшiн белгiленген квоталар есебiне өнiмдер мен тауарларды экспортқа жөнелту жөнiнде өздерiне мiндеттемелер алған жағдайда жөнелтушi кәсiпорындарға экспорттық лицензиялардың берiлуiн жүзеге асырсын және жөнелтiлiмдердiң нақты орындалуына қарай олардың берiлуiн ай сайын реттеп отырсын. <*>
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы
               Кабинет Министрінің 1994 ж. 31 қаңтардағы N 115 қаулысы.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


Об обеспечении экспорта и импорта важнейших видов продукции между Республикой Казахстан, странами содружества независимых государств и Балтии в 1994 году

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 17 декабря 1993 года N 1257

      В целях обеспечения закупок и продажи важнейших видов продукции и товаров производственно-технического назначения между Республикой Казахстан, странами Содружества Независимых Государств и Балтии в 1994 году, включая поставки продукции государственного значения по межправительственным соглашениям о торгово-экономическом сотрудничестве, а также усиления контроля в области экспорта и импорта товаров в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 30 июля 1993 г. N 1311 (U931311 у.с. N 2021 от 11.01.95) "О дополнительных мерах по организации внешнеэкономической деятельности Республики Казахстан" Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить, что экспортно-импортные операции со странами Содружества Независимых Государств и Балтии по закупке и продаже важнейших видов продукции и товаров, включая продукцию государственного значения по согласованной номенклатуре для государственных нужд в пределах установленных квот, доводимых Министерством внешнеэкономических связей Республики Казахстан, осуществляются Республиканской контрактной корпорацией "Казконтракт".
      Установленные квоты являются основанием для заключения договоров (контрактов) и обязательны для исполнения предприятиями-производителями.
      2. Министерству внешнеэкономических связей Республики Казахстан рассмотреть в установленном порядке вопрос о наделении Республиканской контрактной корпорации "Казконтракт" правами внешнеторговой деятельности в части экспорта и импорта важнейших видов продукции производственно-технического назначения.
      3. Возложить на Республиканскую контрактную корпорацию "Казконтракт":
      заключение договоров (контрактов) с предприятиями-производителями и посредническими организациями на поставку продукции государственного значения по межправительственным соглашениям в объемах предусмотренных квот, а также организацию заключения договоров (контрактов) c контрактными организациями стран Содружества Независимых Государств и Балтии по закупке важнейших видов продукции и товаров, в том числе и на взаимосвязанной основе;
      осуществление экспорта и реэкспорта важнейших видов продукции, в том числе государственного значения, а также импорта сырья, оборудования, запасных частей и комплектующих изделий, продукции производственно-технического назначения для обеспечения государственных нужд и государственной поддержки отдельных производств (направлений) по согласованию с Министерством внешнеэкономических связей Республики Казахстан.
      4. Установить, что Республиканская контрактная корпорация "Казконтракт" несет ответственность за выполнение взаимных поставок продукции государственного значения, предусмотренных межправительственными соглашениями, и о ходе их реализации ежемесячно информирует Министерство внешнеэкономических связей Республики Казахстан.
      Министерство внешнеэкономических связей Республики Казахстан ежеквартально представляет Кабинету Министров Республики Казахстан сводную информацию о выполнении межправительственных соглашений и при необходимости вносит предложения, требующие решения Правительства.
      5. Национальному банку Республики Казахстан с участием Министерства финансов и Министерства внешнеэкономических связей Республики Казахстан рассмотреть возможность выделения централизованных кредитных ресурсов по действующей процентной ставке Республиканской контрактной корпорации "Казконтракт" для закупки и поставки продукции государственного значения по межправительственным соглашениям.
      6. Установить, что предусмотренный настоящим постановлением порядок осуществления экспертно-импортных операций в части обеспечения важнейшими видами ресурсов, продукции, выпускаемой предприятиями-производителями, включенными в состав Национальной акционерной компании "КРАМДС", распространяется в полном объеме на акционерную компанию "КРАМДС-Снабсбыт". <*>
      Сноска. Дополнено пунктом 6 - постановлением от 31 января 1994 г. N 115.
      7. Утратил силу - постановлением от 26 апреля 1994 г. N 435.
  Премьер-министр
Республики Казахстан