1. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi жеткiзген квоталар шегiнде мемлекет мұқтажына арналған келiсiлген номенклатура бойынша мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердi қоса алғанда Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы және Балтық елдерiмен аса маңызды өнiмдер мен тауарлар түрлерiн сатып алу мен сату жөнiндегi экспорттық-импорттық операцияларды "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясы жүзеге асыратын болып белгiленсiн.
Белгiленген квоталар шарттарды (контрактiлердi) жасау үшiн негiзге алынады және өндiрушi кәсiпорындардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi белгiленген тәртiппен "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясына өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы аса маңызды өнiмдер түрлерiнiң экспорты мен импортына қатысты сыртқы сауда қызметiнiң құқығын беру туралы мәселенi қарайтын болсын.
3. "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясына:
үкiметаралық келiсiмдер бойынша көзделген квоталар көлемiнде мемлекеттiк маңызы бар өнiмдерi берiп тұруға өндiрушi кәсiпорындармен және делдал ұйымдармен шарттар (контрактiлер) жасау, сондай-ақ аса маңызды өнiмдер мен тауарлар түрлерiн сатып алу жөнiнде, соның iшiнде өзара байланыс негiзiнде де Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мен Балтық елдерiнiң контракт жасаушы ұйымдарымен шарттар (контрактiлер) жасасуды ұйымдастыру;
аса маңызды өнiмдер түрлерiн, соның iшiнде мемлекеттiк маңызы бар өнiмдерi экспорттау мен қайтадан экспорттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен келiсу бойынша жекелеген өндiрiстердiң (бағыттардың) мемлекеттiк мұқтажы мен оларды мемлекет тарапынан қолдауды қамтамасыз ету үшiн шикiзатты, жабдықтарды, қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы бұйымдарды, өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдердi импорттауды жүзеге асыру жүктелсiн.
4. "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясы үкiметаралық келiсiмдерде көзделген мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердi өзара берiп тұруды орындау үшiн жауапкершiлiктi мойнына алатын және оның жүзеге асырылуының барысы туралы ай сайын Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiн хабардар етiп тұратын болып белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi үкiметаралық келiсiмдердiң орындалуы туралы тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне жиынтық ақпарат түсiрiп тұрады және орайы келген ретте үкiметтiң шешiмдерiн қажет ететiн ұсыныстар енгiзiп отырады.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiн қатыстыра отырып, үкiметаралық келiсiмдер бойынша мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердi сатып алу мен өткiзу үшiн "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясына қолданылып жүрген проценттiк ставка бойынша орталықтандырылған кредиттiк ресурстар бөлу мүмкiндiгiн қарастырсын.
6. "КРАМДС" Ұлттық акционерлiк компаниясының құрамына кiргiзiлген өндiрушi кәсiпорындар шығаратын ресурстардың, өнiмдердiң аса маңызды түрлерiмен қамтамасыз ету жөнiнен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асырудың осы қаулыда көзделген тәртiбi толық көлемiнде "КРАМДС-Снабсбыт" акционерлiк компаниясы қолданылатын болып белгiленсiн; <*>
Ескерту. 6 тармақ толықтырылды - ҚРМК-нiң 1994.01.31. N 115
қаулысымен.
(7-тармақ) <*> .
Ескерту. 7 тармақ күшiн жойды - ҚР Кабинет Министрінің 1994 ж. 26
сәуiрдегi N 435 қаулысымен.
8. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi мемлекет мұқтажы үшiн белгiленген квоталар есебiне өнiмдер мен тауарларды экспортқа жөнелту жөнiнде өздерiне мiндеттемелер алған жағдайда жөнелтушi кәсiпорындарға экспорттық лицензиялардың берiлуiн жүзеге асырсын және жөнелтiлiмдердiң нақты орындалуына қарай олардың берiлуiн ай сайын реттеп отырсын. <*>
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы
Кабинет Министрінің 1994 ж. 31 қаңтардағы N 115 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi