1. "Филип Моррис Интернэшнл Инвестмент Корпорейшн" компаниясының "Алматы Темекi Компаниясы" акционерлiк қоғамының жарғы капиталын алуына қатысты барлық шарттары мен келiсiмдерiнен туындайтын және соған қатысты талаптары мен берешектерiн қоса, "Филип Моррис Интернэшнл Инвестмент Корпорейшн" компаниясының өзiнiң барлық құқығын, мiндеттерi мен мiндеттемелерiн "Филип Моррис Холланд А. Б." компаниясына бергенiне келiсiм бiлдiрiлсiн. Осы орайда, "Филип Моррис Интернэшнл Корпорейшн" компаниясының "Алматы Темекi Компаниясы" акционерлiк қоғамының акцияларын "Филип Моррис Холланд А. Б." компаниясына бұлайша бергенi бағалы қағаздарды сатып алу мен сату ретiнде қаралмайтын болып танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Алматы темекi комбинатын жеке жоба бойынша жекешелендiру туралы" 1993 жылғы 27 қыркүйектегi N 951 қаулысында "Филип Моррис Интернэшнл Инвестмент Корпорейшн" компаниясына қатысты көзделген барлық құқықтар мен кепiлдiктер "Филип Моррис Холланд А. Б." компаниясына өтетiн болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары - Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасына аталған берiмге келiсiм беру туралы құжатқа Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қол қою тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi