Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04 N 406 Қаулысымен.
"Халлибуртон-Атырау Ойл энд Газ Сервисиз" бiрлескен кәсiпорнының мұнай және газ скважиналарын геофизикалық зерттеу кезiнде ионды сәулелегiштердiң көздерiн пайдалану қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ Қазақстанның кен орындарында жүргiзiлетiн бұрғылау жұмыстарын технологиялық қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi "Халлибуртон-Атырау Ойл энд Газ Сервисиз" бiрлескен кәсiпорнына белгiленген тәртiп бойынша ионды сәулелегiштердiң көздерiн әкелу мен әкетуге лицензия беретiн болсын.
2. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi Ядролық материалдардың экспорты мен импорты туралы ережеге сәйкес АҚШ-қа ионды сәулелегiштердiң көздерi мен радиоактивтi қалдықтардың әкелiнуi мен әкетiлуiне бақылауды қамтамасыз ететiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi