ТӘУЕЛСIЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕРI БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСIНIҢ 1993 ЖЫЛҒЫ 24 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ ШЕШIМIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 4 қаңтар 1994 ж. N 6

      Достастық мемлекеттерi басшылары Кеңесiнiң "Тәжiкстан Республикасының Ауғанстанмен мемлекеттiк шекарасы учаскесiндегi жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 24 желтоқсандағы Ашғабат қаласында қабылдаған шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасынан барған жиынтық батальонның Тәжiкстан Республикасының Ауғанстанмен мемлекеттiк шекарасы учаскесiнде болу мерзiмi 1994 жылдың соңына дейiн ұзартылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне, Ұлттық қауiпсiздiк Комитетiне, Iшкi iстер министрлiгiне 1994 жылғы 20 қаңтарға дейiнгi мерзiмде алмастырылуға тиiс батальонның жеке құрамына алып шығу және ТМД-ның сыртқы шекарасын қорғау үшiн контракт негiзiнде жаңа жиынтық батальон жасақтау тапсырылсын. Оны мiндетiн орындауы үшiн 1994 жылғы 25 қаңтардан 1 ақпанға дейiн Тәжiкстан Республикасына кiргiзетiн болсын.
      Жиынтық батальонның командованиесi Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi офицерлерiнiң қатарынан тағайындалсын, ал басшылық жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара әскерлерi бас басқармасына жүктелсiн.
      3. Достастықтың сыртқы шекарасын қорғау, Тәжiкстан Республикасының Ауғанстанмен мемлекеттiк шекарасы учаскесiндегi жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi мемлекетаралық шарттарға, келiсiмдер мен шешiмдерге сәйкес мiндетiн орындап жүрген Қазақстан Республикасы қарулы күштерiнiң әскери қызметшiлерiне Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекетаралық шарттар мен Келiсiмдерге сәйкес тәжiк-ауған учаскесiнде ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетудi күшейту жөнiндегi мiндеттердi орындаушы Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне берiлетiн қосымша кепiлдiктер және оларға өтем жасау туралы" 1993 жылғы 30 сәуiрдегi N 335 P930335_ Қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 14, 172-бап) қолданылсын.
      4. Тәжiкстан Республикасындағы жиынтық батальонды ауыстыру мен ұстауға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының жалпы мақсаттағы Қарулы Күштерiн, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Iшкi iстер министрлiгiн қаржыландыру үшiн республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүргiзiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


О pеализации Решения Совета глав госудаpств Содpужества Независимых Госудаpств от 24 декабpя 1993 г.

ПОСТАНОВЛЕНИЕ Кабинета Министpов Республики Казахстан от 4 янваpя 1994 г. N 6

      В соответствии с Решением Совета глав государств Содружества "О дополнительных мерах по стабилизации обстановки на участке государственной границы Республики Таджикистан с Афганистаном", принятого в г. Ашгабате 24 декабря 1993 г., Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Продлить до конца 1994 года срок пребывания сводного батальона от Республики Казахстан на участке государственной границы Республики Таджикистан с Афганистаном.
      2. Поручить Министерству обороны, Комитету национальной безопасности, Министерству внутренних дел Республики Казахстан в срок до 20 января 1994 г. вывести личный состав батальона, подлежащий замене, и сформировать на контрактной основе новый сводный батальон для охраны внешней границы СНГ. Ввести его в Республику Таджикистан для выполнения задачи с 25 января по 1 февраля 1994 г.
      Командование сводного батальона назначить из числа офицеров Пограничных войск Республики Казахстан, а руководство возложить на Главное управление Пограничных войск Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.
      3. Распространить на военнослужащих Вооруженных Сил Республики Казахстан, выполняющих задачи согласно межгосударственным договорам, соглашениям и решениям по охране внешней границы Содружества, стабилизации обстановки на участке государственной границы Республики Таджикистан с Афганистаном, действие постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 30 апреля 1993 г. N 335 P930335_ "О дополнительных гарантиях и компенсациях военнослужащим Республики Казахстан, выполняющим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны внешней границы СНГ на таджикско-афганском участке" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 14, ст. 172).
      4. Расходы, связанные с перемещением и содержанием сводного батальона в Республике Таджикистан, произвести за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете для финансирования Вооруженных Сил общего назначения, Комитета национальной безопасности и Внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
     Премьер-министр Республики Казахстан