Мемлекетаралық шарттар мен келiсiмдерге сәйкес тәжiк-ауған учаскесiнде ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетудi күшейту жөнiндегi мiндеттердi орындаушы Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне берiлетiн қoсымша кепiлдiктер және оларға өтем жасау туралы <*> Ескерту. Өзгерiс ҚРМК-нiң 1994 ж. 4 қаңтар,

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 сәуiр 1993 ж. N 335

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 15 сәуiрдегi N 2162-XII қаулысын орындау үшiн және мемлекетаралық шарттар мен келiсiмдерге сәйкес тәжiк-ауған учаскесiнде ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетудi күшейту жөнiнде өмiрiне тәуекелдiк етумен байланысты мiндеттердi орындаушы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiн қорғаудың әлеуметтiк-құқықтық кепiлдiгiн күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Былай деп белгiленсiн: 02_10_08
      тәжiк-ауған учаскесiнде ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетудi күшейту жөнiндегi мiндеттердi орындаушы офицер құрамының адамдарына, прапорщиктерге, мичмандарға, мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге, сондай-ақ қызметiн контракт бойынша атқаратын әскери қызметшiлерге екi есе мөлшерiнде лауазымдық жалақы мен әскери атағы бойынша жалақы; <*>
      мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге 1-4 тарифтiк разряд бойынша лауазымдық жалақы және мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге көзделген нормалар бойынша ақшалай үлестiң ай сайынғы қосымша түрлерi, ал әскери қызметтен босатылған кезде оларға екi лауазымдық жалақы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы, ал жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы адамдарға - төрт лауазымдық жалақы мөлшерiнде төленетiн болсын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРМК-нiң 1993.09.30. N 968
               қаулысымен.
      2. Тәжiк-ауған учаскесiнде ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетудi күшейту жөнiндегi мiндеттердi орындаушы әскери қызметшiлерге зейнетақы тағайындау үшiн қызмет өткерген жылдарына (еңбек стажына) әскери қызметiнiң бiр айы үш ай болып қосылсын. 03_05_00
      3. Мыналар төленетiн болсын: 03_05_00
      әскери қызметшi қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан немесе әскери қызметтен босатылғаннан кейiн әскери қызметтi өткеру кезiнде алған зақым, жарақат, контузия салдарынан қайтыс болған жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына және оның қарауындағы адамдарға сол әскери қызметшiнi он жыл бойы ұстауға жұмсалатын қаржы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы. Аталған әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiне Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерi жөнiнде қолданылып жүрген кепiлдiктер мен өтем жасау қолданылсын;
      әскери қызметшi қызмет мiндетiн атқаруға байланысты зақымданған, жарақаттанған, контузияға ұшыраған, әскери қызметiн одан әрi өткеруге мүмкiндiк бермейтiн ауруға шалдыққан жағдайда, осы әскери қызметшiге бес жылдық ақшалай үлесi мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы. Жоғарыда аталған жағдайлар салдарынан әскери қызметшi мүгедек болған жағдайда оған Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне көзделген кепiлдiктер мен жеңiлдiктер қолданылсын.
      Осы тармақтың 1 және 2 бөлiмдерiнде көрсетiлген төлемдер осы қаулының 1-тармағында көзделген ақшалай жалақы есебiнен, ал мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге екi есе мөлшерiнде - Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнен жасалатын болсын.
      4. Осы қаулы мен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген барлық кепiлдiктер мен өтем жасау әскери қызметшi тұтқынға түскен немесе кепiл ретiнде ұсталған мерзiмге оның өзiне және оның отбасына сақталсын.
      5. Мыналар берiлсiн: 02_06_00
      тәжiк-ауған учаскесiнде ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетудi күшейту жөнiндегi мiндеттердi орындап жүрген офицер құрамның адамдарына, прапорщиктерге, мичмандарға және мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге әскери қызметiнiң әрбiр 3 айына 10 күнтiзбелiк күн қосымша демалыс:
      тәжiк-ауған учаскесiнде ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетудi күшейту жөнiндегi мiндеттердi орындап жүрген әскери қызметшiлерге: старшиналар мен сержанттарға - әскери қызметiнiң әрбiр үш айы үшiн тиiстi демалысына қоса 15 күнтiзбелiк, солдаттар мен матростарға -10 күнтiзбелiк күн қысқа мерзiмдi қосымша демалыс.
      Демалысты өткiзетiн жерге бару және қайту жолының уақыты

демалыс мерзiмiне қосылмайды.
     6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi
iстер министрлiгi және Ұлттық қауiпсiздiк комитетi тәжiк-ауған
учаскесiнде ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетудi күшейту жөнiндегi
мiндеттердi контракт бойынша орындайтын әскери қызметшiлердiң 
әскери қызметтi өткеруi туралы ереженi бiр ай мерзiм iшiнде 
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.

      Қазақстан Республикасы
       Премьер-министрiнiң  
        бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады