ЖҮЗУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ, МҰЗ ҮСТIМЕН ЖҮРЕТIН ҚҰРАЛДАРДЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРIНЕН САПАРҒА ШЫҒУЫНА (ШЫҒАРЫЛУЫНА) ҚҰЖАТТАР РЕСIМДЕУДIҢ ТӘРТIБІ ЖӘНЕ ТОҚТАМАЛАРДЫ, АЙЛАҚТАР МЕН ЖҮЗУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ, МҰЗ ҮСТIМЕН ЖҮРЕТIН ҚҰРАЛДАРДЫҢ ОРНАЛАСҚАН ПУНКТТЕРIН ЖАБДЫҚТАУ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ НҰСҚАМА МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ӨТКIЗУ ПУНКТТЕРIНДЕГI ШЕКАРАЛЫҚ РЕЖИМНIҢ ЕРЕЖЕЛЕРIН БЕКIТУ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 4 қаңтар 1994 ж. N 20. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.01.2014 № 19 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Осыған қосылған: 
      Жүзу құралдарының, мұз үстiмен жүретiн құралдардың орналасқан жерiнен сапарға шығуына (шығарылуына) құжаттар ресiмдеудiң тәртiбi және тоқтамаларды, айлақтар мен жүзу құралдарының, мұз үстiмен жүретiн құралдардың орналасқан пункттерiн жабдықтау тәртiбi туралы Нұсқама
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi шекаралық режимнiң Ережелерi бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң Бас басқармасы, Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы Қазақстан мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнiң ерекшелiктерi мен түрлерiн ескере отырып, 1994 жылы осы Ережелердiң талаптарын орындауды қамтамасыз ету жөнiндегi келiсiлген шаралардың жиынтығын iске асырсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi болып табылатын әуежайлар, стансалар, вокзалдар әкiмшiлiктерiн шекара әскерлерi мен кеден органдарының өкiлдерiмен келiсу бойынша шекаралық және кедендiк бақылауға арналған орындар бөлуге мiндеттесiн. 
      4. Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Семей және Талдықорған облыстарының әкiмдерi бекiтiлген Нұсқамаға сәйкес өзi жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн, жүзу құралдарының және мұз үстiмен жүретiн құралдарды ұстау мен сақтау тұрақты қадағалауды жүзеге асыру үшiн жұмыс органдарын белгiлесiн. 
      Меншiктiң кез келген нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына 1994-1995 жылдары айлақтарды, тоқтамаларды, орналасу пункттерiн белгiленген тәртiп бойынша жабдықтау, олардың күзетiлуiн, шекара әскерлерiнiң бөлiмшелерiмен телефон немесе радио байланысымен қамтамасыз ету мiндеттелсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы  
Министрлер Кабинетiнiң  
1994 жылғы 4 қаңтардағы  
N 20 қаулысымен      
Бекiтiлген       

Жүзу құралдарының, мұз үстiмен жүретiн құралдардың
орналасқан жерiнен сапарға шығуына (шығарылуына) құжаттар
ресiмдеудiң тәртiбi және тоқтамаларды, айлақтар мен жүзу
құралдарының, мұз үстiмен жүретiн құралдардың орналасқан
пункттерiн жабдықтау тәртiбi туралы 
Нұсқама

      1. Шекара аймағы аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына жақын орналасқан аудандардың, қалалардың, поселкелердiң, селолардың (ауылдардың) аумағында немесе шекара аймағы белгiленбеген, шекара әскерлерi күзететiн теңiз жағасында балық аулайтын, аң аулайтын, ғылыми-зерттеу, спорттық және басқа да өздiгiнен жүретiн, өздiгiнен жүрмейтiн жүзгiлер, сондай-ақ кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға (колхоздарды қоса) және азаматтарға тиесiлi мұз үстiнде жүруге арналған құралдар (аэрошаналар, буерлер, мотошаналар) кемежайды қадағалау органдарында және шағын жүзгiлер мен мұз үстiнде жүруге арналған құралдар жөнiндегi инспекцияларда белгiленген тәртiппен тiркелумен қатар шекара әскерлерiнiң таяудағы бөлiмшелерiнде тiркеуден өтуге тиiс, бұл туралы олардың иесiнiң тiркеу құжаттарына арнаулы штамп қойылады. 
      Аталған жүзгiлер мен мұз үстiнде жүруге арналған құралдар орнатылған айлақтарға, тоқтамаларға, орналасу пункттерiне бекiтiлуге тиiс және олардың аялдауына арналған тұрақты орны болуы керек. 
      Бұл жүзгiлердiң кiмдердiкi екенiн бiлу үшiн олардың иелерi кемелердiң тұмсық бөлiгi мен артқы жағының шанақтарына берiлген тiркеме нөмiрлерiн және облыстар, аудандар, қалалардағы аудандар әкiмдерiнiң қаулыларымен (шешiмдерiмен) орнатылған шекаралық режим туралы жазуларды түсiредi. Жүзгiлердiң әуеден танылуы үшiн нөмiрлерi, сондай-аақ басқару бөлмесiнiң (рубканың) жоғарғы жағына, шанақтарда, желкендi және ескектi қайықтарда, мұз үстiмен жүретiн құралдарда - арнайы жабдықталған тұмсық жағындағы алаңқайларға түсiрiлуi қажет. Құтқарғыш құралдарда (оман қайықта, дөңгелекте, белдiкте), желкендерде осы жүзгiге (мұз үстiмен жүретiн құралға) берiлген индекс пен нөмiр болуға тиiс. 
      Осы тармақта көзделген шекара әскерлерiнiң жүзгiлердi тiркеу тәртiбi әскери кемелерге және Әскери-Теңiз Күштерiнiң өзге де жүзгiлерiне, сондай-ақ тиiстi теңiз және өзен кемежайларына бекiтiлiп  белгiленген  тәртiппен тiркелген Қазақбалықөнеркәсiпөткiзу бiрлестiгiнiң, басқа да министрлiктер мен ведомстволардың кәсiпорындары мен ұйымдарына (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi бекiткен тiзбе бойынша) қарасты жүзгiлерге қолданылмайды.

      2. Азаматтар шекара әскерлерi күзететiн теңiз жағасында, шекарадағы өзендер, көлдер мен өзге де су тоғандарының жағалауларында өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн жүзгiлермен, мұз үстiнде жүруге арналған құралдармен уақытша болған кезде олар иелерi тарапынан шекара әскерлерiнiң таяудағы бөлiмшесiнде уақытша есепке қойылуы және белгiленген айлақтарда, тоқтамалар мен орналасқан пункттерiнде ұсталуға тиiс.

      3. Шекара аймағының шегiнде, сондай-ақ шекара аймағы белгiленбеген шекара әскерлерi күзететiн теңiз жағасына жақын орналасқан аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар, поселкелер мен селолар (ауылдар) аумағында айлақтар, тоқтамалар (орналасатын жерлерi) мүдделi кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың ұсыныстары бойынша және шекара әскерлерiнiң келiсiмiмен тиiстi әкiмшiлiк айқындаған жерлерде орнатылады. 
      Айлақтың, тоқтаманың және орналасу пунктiнiң аумағына бөгде адамдардың кiрiп кетпеуi үшiн олардың қоршалған дуалы, суда және жазға сақталатын жүзу құралдарына, мұз үстiмен жүретiн құралдарға арналған бекiтпелерi, ескек, желкен, аспалы мотор сақтауға арналған үй-жайы, айлақтың сақшысына немесе күзетшiсiне арналған күркежайы, жанар-жағар материалдар қоймасы, заставамен немесе басқа да шекара әскерлерi бөлiмшелерiмен байланыс, пайдаланылмайтын жүзу құралдарын сақтайтын орны, тоқтаманың нөмiрi бар сiлтемесi болуы қажет. 
      Барлық жүзу құралдары, мұз үстiнде жүретiн құралдар олар бекiтiлген тоқтамаларда, айлақтарда (орналасқан жерлерiнде) ғана ұсталынады. Шағын жүзу құралдары (оман қайықтар, жай қайықтар), мұз үстiнде жүретiн құралдарға құлып салынып, жабылады да олардың кiлттерi күзетшiдегi арнайы жәшiкте сақталынады. 
      Кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар (колхоздарды қосқанда) тиiстi айлақтарды, тоқтамалар мен орналасу пункттерiн  белгiленген тәртiппен жабдықтауға, олардың күзетiлуiн және шекара әскерлерiнiң бөлiмшелерiмен байланысын қамтамасыз етуге мiндеттi. Азаматтарды осы объектiлердi күзетуге байланысты жұмысқа қабылдау iсi шекара әскерлерiмен келiсiледi.

      4. Белгiленген айлақтардан, тоқтамалардан (орналасу орындарынан) тыс жерлерде және осы үшiн бөлiнбеген басқа да орындарда өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн жүзгiлердi, мұз үстiнде жүретiн құралдарды сақтауға және тоқтатуға, адамдарды мiнгiзуге және түсiруге, жүктердi тиеуге және түсiруге, зiлзала мен авария жағдайынан басқа кезде, тыйым салынады.

      5. Өздiгiнен жүретiн, өздiгiнен жүрмейтiн жүзгiлердiң және мұз үстiмен жүруге арналған құралдардың теңiзге шығарылуын және шекаралық өзендердiң, көлдер мен өзге де су тоғандарының қазақстандық су бөлiгiне шығарылуын барлық жағдайларда шекара отряды бастығының (дербес бақылау-өткiзу пунктi - ДБӨП бастығының), ал шекаралық аудандарда тұратын адамдарға - шекара отряды бастығының (ДБӨП бастығының) немесе олардың орынбасарларының жазбаша рұқсаты негiзiнде белгiленген жерлер мен белгiлi бiр уақытта шекаралық застава (шекаралық әскерлер бөлiмшесi) жүзеге асырады.

      6. Шекарадағы кеме жүретiн өзендерде, көлдер мен өзге де тоғандарында балық аулау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақбалықөнеркәсiбi өткiзу бiрлестiгi белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi; шекарадағы кеме жүрмейтiн өзендерде  балық аулауға  ерекше жағдайларда ғана рұқсат етiлуi мүмкiн. Барлық жағдайларда да, балық аулауға отряд бастығының (дербес бақылау-өткiзу пунктi бастығының) жазбаша рұқсаты берiледi.

      7. Әуесқой балықшылардың, туристердiң және спортшылардың теңiзге шығуына, шекарадағы өзендердiң, көлдердiң және өзге де су тоғандарының қазақстандық су бөлiгiне, оның iшiнде су астынан балық аулауға шығуына тәулiктiң жарық мезгiлiнде шекара отряды бастығының (ДБӨП бастығының), ал шекаралық аудандарда тұратын адамдарға - шекара отряды бастығының (ДБӨП бастығының) немесе олардың орынбасарларының жазбаша рұқсаты негiзiнде және тiркелген өздiгiнен жүретiн, өздiгiнен жүрмейтiн жүзгiлерге, мұз жүруге арналған құралдарға ғана қараңғы түскенге дейiн белгiленген айлақтарға, тоқтамаларға (орналасқан орындарына) оралатындай етiп барлық жағдайда берiлетiн рұқсаттамалар бойынша рұқсат етiледi.

      8. Ұйымдар, мекемелер, кәсiпорындар (колхоздарды қосқанда) әзiрлеген, олардың басшылары қол қойған, мөр соғылған және Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi мен iшкi iстерiнiң аудандық органдарында келiсiмнен өткен тiзiмдер жазбаша рұқсат болып табылады.

      9. Тiзiмдер төрт данада мынадай нысан бойынша ресiмделедi:
      рет нөмiрi
      фамилиясы, аты, әкесiнiң аты
      паспортының сериясы, нөмiрi
      туған жылы және жерi
      тiркелген жерi
      келген пунктi, орны (жұмыс iстеуге, кәсiпшiлiкпен айналысуға, балық аулауға және т.б.).
      Тiзiмдердi шекара отрядының бастығы (ДБӨП бастығы) немесе олардың орынбасарлары бекiткен сәтiнен бастап 6 ай мерзiмде күшiнде болады.

      10. Бекiтiлген тiзiмдер негiзiнде шекара заставасының бастығы (шекара бөлiмшесiнiң командирi) рұқсаттамаларды толтырып, оларды кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына қол қойғызып, тапсырады. Жұмыс бiткен соң немесе рұқсаттаманың мерзiмi аяқталған соң олар алынған жерiне қайтарылып берiледi.

      11. Тоқтамалардан, айлақтардан (орналасқан орындарынан) жүзу құралдарын, мұз үстiмен жүретiн құралдардың тiкелей сапарға шығарылуын шекара нарядтары мынадай құжаттары: 
      тiркелуi туралы шекара әскерлерiнiң штампы соғылған осы құралды басқару құқына куәлiгi; 
      экипаждың әрбiр мүшесiнiң жеке басын куәландыратын құжаттары; 
      жүзгiлiк рөлi немесе кәсiпорынның мөрi басылған және басшысының қолы қойылған жүзгi экипажының (балықшылардың) тiзiмi немесе застава бастығы (шекара бөлiмшесiнiң командирi) берген рұқсаттамасы; 
      таным белгiлерi, тiркеме нөмiрлерi немесе жазылымдары болған жағдайда жүзеге асырады.
      Бұған қоса балық аулау үшiн шығатын адамдардың балық аулауға лицензиясы болуға тиiс.

      12. Жүзу құралдарының, мұз үстiмен жүретiн құралдардың сапарға шығуы мен одан қайта оралуының есебiн шекара нарядтары, заставалары (шекара бөлiмшелерi), шекара отрядтары схемаларда (макеттерде), арнайы журналдарда мынадай нысан бойынша жүргiзiледi:
      тоқтама нөмiрi;
      жүзу құралының, мұз үстiмен жүретiн құралдың нөмiрi немесе оның атауы;
      экипаждың тiзiмi немесе жетекшiсiнiң фамилиясы, аты, әкесiнiң аты;
      келген ауданы (кәсiпшiлiгi және т. б.);
      шығу (шығарылу) күнi мен уақыты;
      қайта оралған күнi мен уақыты;
      жiберушiнiң фамилиясы, аты-жөнi;
      кiмге мәлiмделдi (ақпарат берiлдi).

      13. Шекара әскерлерi күзететiн шекарадағы өзендердiң, көлдер мен өзге де су тоғандарының жағалауларында, теңiз жағасында дем алуға (шомылуға) арналған орындарды, оларды жабдықтау мен пайдалану тәртiбiн шекара әскерлерiмен келiсу бойынша аудандардың, қалалардың, қалалардағы аудандардың әкiмдерi айқындайды.

      14. Шекара әскерлерiнiң кемелерiне (катерлерiне) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (аумақтық теңiзiнде), Қазақстан Республикасының iшкi суларында, шекарадағы өзендердiң, көлдердiң және өзге де су тоғандарының қазақстандық су бөлiгiнде қажет болғанда түн мезгiлiнде орнатылған шамдарсыз жүзуге рұқсат етiледi. Мұндай жағдайда кемелердiң (катерлердiң) командирлерi басқа жүзгiлермен қақтығысып қалмаудан сақтандыратын шараларды қолдануға мiндеттi.

                                            Қазақстан Республикасы 
                                            Министрлер Кабинетiнiң 
                                           1994 жылғы 4 қаңтардағы 
                                                N 20 қаулысымен 
                                                 Бекiтiлген 
 

  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы 
арқылы өткiзу пункттерiндегi шекаралық режимнiң 
Ережелерi 

      Ескерту. Мәтін бойынша сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1132 қаулысымен.  P001132_
 

          Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пунктi дегенiмiз - бақылаудың шекаралық, кедендiк және өзге де түрлерi жүзеге асырылатын әрi адамдар, көлiк құралдарын, жүктер мен өзге де мүлiк өткiзiлетiн халықаралық немесе екi жақты қатынас үшiн ашық болатын темiр жол мен автомобиль стансаларының, теңiз және өзен кемежайларының, әуежайлар мен әуе айлақтарының аумағы немесе аумағының бөлiгi. 
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнiң мынадай түрлерi: 
      автомобиль; 
      темiр жол; 
      авиация; 
      теңiз (өзен) өткiзу пункттерi ашылып, жұмыс iстейдi. 
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде шекаралық режим белгiленедi. 
      Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiндегi режим адамдарды, көлiк құралдары мен жүктердi мемлекеттiк шекара арқылы өткiзуге қатысушы мекемелердiң қызметтiк қарекетi үшiн жағдай туғызу мен олардың қолдау мүддесiне орай белгiленедi. Ол осы пункттерге келу мен жүру, адамдарды, көлiк құралдарын өткiзу тәртiбiн реттейдi, өткiзу пункттерiндегi олар үшiн жабық орындарға, шетелге баратын көлiк құралдарына бөгде адамдардың кiрiп кетпеуiне ықпал етедi, сондай-ақ шекара арқылы өткiзуге қатысушы, оны орындау жөнiндегi лауазымды адамдар мен ұйымдардың мiндеттерiн реттейдi. 
      Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу жүзеге асырылатын әуежайлар мен әуе айлақтары, теңiз және өзен кемежайлары, темiр жол мен автомобиль стансалары режимдiк объектiлер болып табылады, бұлардың аумағы қоршаулы әрi жарық болуға тиiс, оларда адамдар мен көлiк құралдарының өтуi мен болуының айрықша ережелерi белгiленедi. Азаматтар мен көлiк құралдарын өткiзу, осы аумақты күзету әскерилендiрiлген күзет (ӘК) бөлiмшелерi мен басқа да күзет қызметi орындарына жүктеледi. 
      Қоршауларды, соның iшiнде ауыстырмалыларын, турникеттердi, шлагбаумдарды және т.б. орнату үшiн және оларды мемлекеттiк шекара арқылы өтетiн пункттерде сақтау үшiн жауапкершiлiк көлiк ұйымдарының әкiмшiлiктерiне жүктеледi.

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi режимдi реттеушi ережелер әуежайлардың, әуе айлақтарының, теңiз және өзен кемежайларының, темiр жол және автомобиль вокзалдары мен стансаларының бастықтары (бұдан әрi - көлiк ұйымдарының әкiмшiлiктерi) шекара әскерлерiмен, кеден органдарымен және iшкi iстер органдарымен келiсу бойынша шығарған тиiстi бұйрықтарына (нұсқамаларына) сәйкес белгiленедi. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсiздiк комитетiнiң Шекаралық қызметi, кедендiк қызмет және көлiктiк ұйымдардың әкiмшiлiгi шекаралық және кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн үй-жайлар мен өзге де орындарды белгiлейдi. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекаралық қызметi көлiктік ұйымдардың әкiмшiлiгiмен, кеден органдарымен келiсiм бойынша осы жерлерде қосымша режимдiк iс-шаралар белгілейдi, олар:<*> 
      шекаралық және кедендiк бақылау жүзеге асырылатын үй-жайлар мен өзге де жерлерге, сол көлiк құралдарын бақылау мен оларға қызмет көрсету жөнiндегi жұмысқа қатысатын адамдарды және солармен шетелге бара жатқан жолаушыларды көлiк құралдарына жiберуге, сондай-ақ басқа да адамдарды жiберуге қатаң тәртiп орнатуды; 
      белгiленген үлгiде рұқсаттамалар енгiзудi; 
      шетелге баратын жолаушыларды, көлiк құралдарын ресiмдеумен және оларға қызмет көрсетумен шұғылданатын адамдардың барлық санаттарына шекара әскерлерiнiң бақылау-өткiзу пункттерi оларға өздерiнiң тiкелей мiндеттерiн орындайтын жерлерiнiң ғана режимдiк аумағында болуына құқық беретiн белгiленген үлгiдегi рұқсаттама беруiн қамтиды. Мұндай рұқсаттамалары бар, бiрақ ауысылымда жолаушыларды, көлiк құралдарын, жүктердi қамту жөнiндегi жұмыспен шұғылданбайтын көлiк кәсiпорындарының қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекаралық қызметiнiң әскери қызметшілерiне және кеден органдарының қызметкерлерiне режимдiк аумақта болуға тиым салынады.<*> 
      Режимдiк аумақта жүрген кезде барлық адамдардың режимдiк аумаққа кiруiне құқық беретiн құжаттары да болуға мiндеттi. 
      Көлiк ұйымдарының әкiмшiлiктерi белгiсiз себептермен жұмысқа шықпай қалған немесе жұмыс бiткен соң қалып қойған жұмысшылар мен қызметшiлер туралы, олардың болған жерлерiн айқындауға қолданылған шаралар туралы, сондай-ақ жұмыстан босатылған адамдар туралы шекара әскерлерiнiң бақылау-өткiзу пункттерiн (БӨП) хабардар етедi. Қайтарылып алынған рұқсаттамалар олар босатылғаннан кейiн 24 сағаттан кешiктiрiлмей БӨП-ке қайтарылып берiледi. 
      Автокөлiк және басқа да өздiгiнен жүретiн құралдар режимдiк аумаққа шекара әскерлерiнiң арнайы рұқсаттамалары бойынша сол үшiн бөлiнген жерлер арқылы жiберiледi. Олардың режимдiк аумақ бойынша жүру тәртiбiн шекара әскерлерiнiң бақылау-өткiзу пункттерiмен келiсу бойынша көлiк ұйымдарының әкiмшiлiктерi айқындайды. 
      Шетелге баратын көлiк құралдарына: 
      - шетелге кетер кезiнде - шекаралық ресiмдеудiң басталуынан оның аяқталуына дейiн; 
      шетелден келген кезде - оның келу сәтiнен шекаралық ресiмдеу аяқталғанға дейiн бөгде адамдар жiберiлмейдi. 
      Жолаушылар мен қол жүктерiне шекаралық және кедендiк бақылау жасалып жатқан үй-жайларға, көлiк құралдарына қарсы алушылар мен шығарып салушылардың өтуiне тиым салынады. 
      Шетелге баратын көлiк құралдарын шекаралық ресiмдеу кезеңiнде қажеттi жағдайда осы құралдарға (үй-жайларға) жекелеген адамдар шекаралық әскерлердiң бақылау-өткiзу пункттерi бастықтарының рұқсатымен ғана жiберiлуi мүмкiн. 
      Қазақстан Республикасындағы шетелдiк елшiлiктер мен консулдықтардың қызметкерлерiне бұл үй-жайларға кiру құқына рұқсаттамаларды Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң хаттама бөлiмi бередi. Қазақстан Республикасындағы шетел мемлекеттерiнiң елшiлерiне бұл үй-жайларға олардың дипломатиялық паспорттарымен (кәртiшкелерiмен) өтуге рұқсат етiледi. 
      Шетелге баратын көлiк құралдарына шетелге кетер кезде жолаушыларды отырғызу және шет елден келгенде жолаушыларды түсiру, сондай-ақ қол жүгiн, почтаны, жүктердi және өзге де мүлiктердi тиеу (түсiру) шекара әскерлерiнiң бақылау-өткiзу пункттерiнiң рұқсатымен жүргiзiледi. 
      Шетелге баратын адамдардың жүктерi мен өзге де мүлiктерiн, көлiк құралдарын және олармен апарыла жатқан жүктердi тексерiп шығуды шекара әскерлерiнiң бақылау-өткiзу пункттерi кеден мекемелерiмен бiрге немесе дербес жүзеге асырады. Шекара әскерлерiнiң, шет елге кететiн уақытына қарамастан, көлiк құралдарын тәулiктiң кез келген уақытында тексерiп шығуға, ал қажеттi жағдайда қайтадан тексеру жүргiзуге құқы бар. 
      Арнайы рұқсаттамалармен ресiмделген пломбалары бар вагондар, контейнерлер, жүзгiлердiң бөлiктерi мен жүк тиелген көлiк құралдарының өзге де орындары, егер буып-қаттаудың, мөрлердiң, пломбалардың тұтастығы бұзылса, сондай-ақ бөгде адамдардың жасырыну белгiлерi бiлiнген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызметі тарапынан ашылып, тексерiледi. 
      Көлiк ұйымдарының лауазымды адамдары шетелге баратын пломбаланған контейнерлердi, вагондарды, бөлiктер мен көлiк құралдарының өзге де орындарын шекара әскерлерiнiң бақылау-өткiзу пункттерi өкiлдерiнiң талап етуi бойынша ашып көрсетуге мiндеттi. 
      Шетелдiк көлiк құралдары мен Қазақстан Республикасының шетелге баратын көлiк құралдарын мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде қабылдау мен жөнелтудi құрамында: 
      шекара әскерлерiнiң бақылау-өткiзу пунктiнiң өкiлi; 
      кеден мекемесiнiң өкiлi; 
      көлiк ұйымдарының өкiлдерi; 
      санитарлық қадағалау мен карантиндiк инспекцияның өкiлдерi бар комиссия жүргiзедi. 
      Құйма тұрпатындағы теңiз көлiктерiн жөнелту мен қабылдау кезiнде комиссия құрамына өрт сөндiру инспекциясының өкiлi енгiзiледi. 
      Комиссияны барлық жағдайда көлiк ұйымдарының әкiмшiлiгi шақырады, оның көлiк құралындағы жұмыс тәртiбiн шекара әскерлерiнiң бақылау-өткiзу пунктiнiң өкiлi белгiлейдi. 
      Көлiк ұйымдарының әкiмшiлiктерi шекара әскерлерiнiң бақылау-өткiзу пункттерiне шет елден жақында соғатын (келетiн) көлiк құралдары туралы мынадай деректердi хабарлауға мiндеттi: 
      көлiк құралының кiмдiкi екенi, типi, тоннажы; 
      экипаждың саналымы, жолаушылардың саны және олардың азаматтығы;
      әкеле жатқан жүгiнiң сипаты мен мөлшерi; 
      аялдама орны (тоқтама, бекет, темiр жол тарамы); 
      осы көлiк құралына қызмет көрсету жөнiндегi жұмысқа қандай бригадалар (жүк тиеушiлер, докерлер және басқа да қызмет көрсетушiлер) жiберiледi. 
      Шетелге адамдар, жүктер тасуға қатысатын көлiк ұйымдарының лауазымды адамдары (поездардың бастықтары, вагондардың жолсерiктерi, жүзгiлердiң капитандары, әуе кемелерiнiң командирлерi, автобустар мен жүк автомобильдерiнiң жүргiзушiлерi) бөгде адамдардың көлiк құралдарына кiрiп кетуiне жол бермеуге шаралар қолдануға мiндеттi, осы мақсатпен олар экипаждардың (поезд бригадаларының) күшiмен тексеру жүргiзуге тиiс. Бұған қоса, олар өткiзу пунктiне келгенi және алда болатын шекаралық бақылау туралы жолаушыларды хабардар етiп отыруға, көлiк құралы бойынша жолаушылардың ерсiлi-қарсылы жүруiн шектеуге, вагоннан вагонға және көпшiлiк орындарына (ресторандарға, буфеттерге және басқаларына) өтетiн есiктердi жабуға, жарық беретiн тетiктердi қосуға, шекара нарядына жолаушылардың саны және олардың жол үстiндегi тәртiбi туралы хабарлап отыруға мiндеттi. 
      Көлiк ұйымдарының әкiмшiлiктерi шекара әскерлерiнiң бақылау-өткiзу пункттерiнiң келiсуi бойынша шетелге баратын көлiк құралдары үшiн аялдама жасайтын орындарды (бекеттердi, тоқтамаларды, темiр жол тарамдарын) және аялдама жасау уақытының ұзақтығын белгiлейдi. Шетелге баратын көлiк құралдары шетелге аттанар кезде және шет елден келгенде шекара әскерлерiнiң бақылау-өткiзу пункттерiнiң рұқсатымен ғана жүрiсiн бастап, аялдама орнын ауыстыра алады. 
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1132 қаулысымен.  P001132

        2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде режим ережелерiн бұзған адамдар "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес қылмыстық және әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады. 
      "Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес шекара әскерлерi бақылау-өткiзу пункттерiнiң мемлекеттiк шекара арқылы өту пункттерiнде режимдi бұзған азаматтарды әкiмшiлiк жолымен бөгеуге және оларды көлiк ұйымдары арнайы бөлiп, жабдықтаған үй-жайларда ұстауға құқы бар.

      3. Өткiзу пункттерiнде режимдi сақтау мүддесiмен көлiк ұйымдарының басшылары тарапынан тұрақты бақылау жасалуымен қатар тоқсан сайын өткiзу пункттерiндегi шекаралық режимнiң жайын комиссиялық тексеру жүзеге асырылады. Комиссиялардың құрамына өткiзу пунктiнiң жұмысына мүдделi барлық ұйымдар өкiлдерiнiң кемiнде жартысы енгiзiлуге тиiс. 
      Бұған әрбiр жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызметі, кеден және көлiк ұйымдары өкiлдерiнiң қатысуы мiндеттi болып табылады. Комиссиялар жұмысының қорытындылары үш дана болатын актiмен ресiмделедi. 
      Өткiзу пункттерiнде шекаралық режим ережелерiнiң сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiне жүктеледi. 

ОБ УТВЕРЖДЕНИИ ИНСТРУКЦИИ О ПОРЯДКЕ ОФОРМЛЕНИЯ ДОКУМЕНТОВ НА ВЫХОД (ВЫПУСК) ПЛАВСРЕДСТВ, СРЕДСТВ ПЕРЕДВИЖЕНИЯ ПО ЛЬДУ С МЕСТ БАЗИРОВАНИЯ И ПОРЯДКЕ ОБОРУДОВАНИЯ ПРИЧАЛОВ, ПРИСТАНЕЙ И ПУНКТОВ БАЗИРОВАНИЯ ПЛАВСРЕДСТВ, СРЕДСТВ ПЕРЕДВИЖЕНИЯ ПО ЛЬДУ И ПРАВИЛ ПОГРАНИЧНОГО РЕЖИМА В ПУНКТАХ ПРОПУСКА ЧЕРЕЗ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ГРАНИЦУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ПОСТАНОВЛЕНИЕ Кабинета Министpов Республики Казахстан от 4 янваpя 1994 года № 20. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 января 2014 года № 19

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.01.2014 № 19 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые:
      Инструкцию о порядке оформления документов на выход (выпуск) плавсредств, средств передвижения по льду с мест базирования и порядке оборудования причалов, пристаней и пунктов базирования плавсредств, средств передвижения по льду;
      Правила пограничного режима в пунктах пропуска через государственную границу Республики Казахстан.
      2. Главному управлению Пограничных войск, Главному таможенному управлению Министерства финансов Республики Казахстан с учетом особенностей и видов пунктов пропуска через государственную границу Республики Казахстан провести в 1994 году комплекс согласованных мер по обеспечению выполнения требований настоящих Правил.
      3. Министерству транспорта Республики Казахстан обязать администрации аэропортов, станций, вокзалов, являющихся пунктами пропуска через государственную границу Республики Казахстан, выделить по согласованию с представителями пограничных войск и таможенных органов места для осуществления пограничного и таможенного контроля.
      4. Главам Алматинской, Атырауской, Восточно-Казахстанской, Мангистауской, Семипалатинской и Талдыкорганской областных администраций в соответствии с утвержденной Инструкцией определить рабочие органы для осуществления постоянного надзора за содержанием и хранением самоходных и несамоходных судов плавсредств и средств передвижения по льду.
      Обязать руководителей предприятий, учреждений и организаций любой формы собственности в 1994-1995 годах оборудовать в установленном порядке пристани, причалы, пункты базирования, обеспечить их охрану, телефонную или радиосвязь с подразделениями пограничных войск.

      Премьер-министр
      Республики Казахстан
                                              УТВЕРЖДЕНА
                                   постановлением Кабинета Министров
                                          Республики Казахстан
                                        от 4 января 1994 г. № 20

                            ИНСТРУКЦИЯ
             о порядке оформления документов на выход
        (выпуск) плавсредств, средств передвижения по льду
        с мест базирования и порядке оборудования причалов,
           пристаней и пунктов базирования плавсредств,
                   средств передвижения по льду
 
      1. На территории пограничной зоны, а также на территории районов, городов, районов в городах, поселков, сел (аулов), прилегающей к государственной границе Республики Казахстан или к охраняемому пограничными войсками побережью моря, где пограничная зона не установлена, рыболовные, охотничьи, научно-исследовательские, спортивные и другие самоходные и несамоходные суда, а также средства для передвижения по льду (аэросани, буера, мотосани), принадлежащие предприятиям, учреждениям, организациям (включая колхозы) и гражданам, помимо регистрации в установленном порядке в органах портового надзора и инспекциях по маломерным судам, средствам для передвижения по льду, должны быть зарегистрированы в ближайшем подразделении пограничных войск, о чем на регистрационных документах их владельца ставится специальный штамп.
      Указанные суда и средства для передвижения по льду должны быть приписаны к установленным пристаням, причалам и пунктам базирования и иметь постоянное место для их стоянки.
      Для опознавания принадлежности этих судов их владельцы наносят на бортах носовой части и корме присвоенные регистрационные номера и надписи, установленные постановлениями (решениями) глав администраций областей, районов, районов в городах, о пограничном режиме. Для опознавания судов с воздуха номера должны быть также нанесены и на верхней части рубки, а на бортах, парусных и весельных лодках, средствах передвижения по льду - на специально оборудованных в носовой части площадках. Спасательные средства (шлюпки, круги, пояса и т.п.), паруса должны иметь индекс и номер, присвоенный данному судну (средству передвижения по льду).
      Порядок регистрации судов пограничными войсками, предусмотренный настоящим пунктом, не распространяется на военные корабли и иные суда Военно-Морских Сил и Пограничных войск Республики Казахстан, а также на суда, принадлежащие предприятиям и организациям Казахрыбпромсбыта, других министерств и ведомств (по перечню, утвержденному Комитетом национальной безопасности Республики Казахстан), приписанные к соответствующим морским и речным портам и зарегистрированные в установленном порядке.
      2. Самоходные и несамоходные суда и средства для передвижения по льду, с которыми граждане на время прибывают на охраняемые пограничными войсками побережье моря, берега пограничных рек, озер и иных водоемов, должны быть поставлены их владельцами на временный учет в ближайшем подразделении пограничных войск и содержаться на установленных пристанях, причалах и в пунктах базирования.
      3. В пределах пограничной зоны, а также на территории районов, городов, районов в городах, поселков и сел (аулов), прилегающей к охраняемому пограничными войсками побережью моря, где пограничная зона не установлена, пристани, причалы (мест базирования) создаются в местах, определяемых соответствующей администрацией по представлениям заинтересованных предприятий, учреждений, организаций и согласованных с пограничными войсками.
      Пристань, причал и пункт базирования должны иметь забор, ограждающий их территорию от проникновения посторонних лиц, крепления для плавсредств, средств передвижения по льду, хранящихся на воде и берегу, помещения для хранения весел, парусов, подвесных моторов, будку для часового причала или сторожа, склад горюче-смазочных материалов, связь с заставой или другим подразделением пограничных войск, место хранения неиспользуемых плавсредств, указатель с номером причала.
      Все плавсредства, средства передвижения по льду содержатся только на тех причалах, пристанях (местах базирования), к которым они приписаны. Малые плавсредства (шлюпки, лодки), средства передвижения по льду запираются на замки, ключи от которых хранятся в специальном ящике у сторожа.
      Предприятия, учреждения и организации (включая колхозы) обязаны в установленном порядке оборудовать соответствующие пристани, причалы и пункты базирования, обеспечить их охрану и связь с подразделениями пограничных войск. Прием граждан на работу, связанную с охраной этих объектов, согласовывается с пограничными войсками.
      4. Хранение и стоянка самоходных и несамоходных судов, средств передвижения по льду, посадка и высадка людей, погрузка и выгрузка грузов вне установленных пристаней, причалов (мест базирования) и вне других отведенных для этого мест воспрещаются, за исключением случаев бедствий и аварий.
      5. Выпуск в море и в казахстанскую часть вод пограничных рек, озер и иных водоемов самоходных и несамоходных судов и средств для передвижения по льду осуществляется пограничной заставой (подразделением пограничных войск) во всех случаях на основании письменного разрешения начальника пограничного отряда (начальника отдельного контрольно-пропускного пункта - ОКПП), а лиц из числа жителей пограничных районов - начальника пограничного отряда (начальника ОКПП) или их заместителей в установленных местах и на определенное время.
      6. Рыбная ловля на пограничных судоходных реках, в озерах и иных водоемах производится в соответствии с международными договорами Республики Казахстан и правилами, устанавливаемыми Казахрыбпромсбытом; рыбная ловля на пограничных несудоходных реках может быть разрешена лишь в исключительных случаях. Во всех случаях на рыбную ловлю дается письменное разрешение начальником отряда (начальником отдельного контрольно-пропускного пункта).
      7. Выход в море и казахстанскую часть вод пограничных рек, озер и иных водоемов, в том числе на подледный лов, рыбаков-любителей, туристов и спортсменов разрешается в светлое время суток по пропускам, выдаваемым во всех случаях на основании письменного разрешения начальника пограничного отряда (начальника ОКПП), а лиц из числа жителей пограничных районов - начальника пограничного отряда (начальника ОКПП) или их заместителей и только на зарегистрированных самоходных и несамоходных судах, средствах для передвижения по льду с возвращением до наступления темноты на установленные пристани, причалы (места базирования).
      8. Письменным разрешением являются списки, подготовленные организациями, учреждениями, предприятиями (включая колхозы), подписанные их руководителями, скрепленные печатью и прошедшие согласование в районных органах национальной безопасности и внутренних дел Республики Казахстан.
      9. Списки оформляются в четырех экземплярах по форме:
      номер по порядку;
      фамилия, имя, отчество;
      серия, номер паспорта;
      год и место рождения;
      место прописки;
      пункт, место пребывания (производства работ, промысла, рыбной ловли и др.).
      Срок действия списков 6 месяцев с момента утверждения их начальником пограничного отряда (начальником ОКПП) или их заместителями.
      10. На основании утвержденных списков начальник пограничной заставы (командир пограничного подразделения) выписывает пропуска и выдает их руководителям предприятий, учреждений, организаций под роспись. По окончании работ или срока действия пропусков они сдаются по месту их получения.
      11. Непосредственный выпуск плавсредств, средств передвижения по льду с причалов, пристаней (мест базирования) осуществляется пограничными нарядами при наличии следующих документов:
      свидетельства на право управления этим средством, в котором проставлен штамп пограничных войск о регистрации;
      документов, удостоверяющих личность каждого члена экипажа;
      судовой роли или списка экипажа (рыбаков) судна, скрепленных печатью и подписью руководителя предприятия, или пропуска, выданного начальником заставы (командиром пограничного подразделения);
      опознавательных знаков, регистрационных номеров или надписей.
      Кроме этого, лица, выходящие для производства лова рыбы, должны иметь лицензии на лов рыбы.
      12. Учет выхода и возвращения плавсредств, средств передвижения по льду ведется пограничными нарядами, заставами (пограничными подразделениями), пограничными отрядами на схемах (макетах), в специальных журналах по форме:
      номер причала;
      номер плавсредства, средства передвижения по льду или его название;
      список экипажа или фамилия, имя, отчество старшего;
      район пребывания (промысла и др.); дата и время выхода (выпуска);
      дата и время возвращения;
      фамилия, инициалы выпускавшего;
      дата и время возвращения;
      кому доложено (передана информация).
      13. Места для отдыха (купания) на охраняемых пограничными войсками берегах пограничных рек, озер и иных водоемов, побережье моря, порядок их оборудования и использования определяются главами администраций районов, городов, районов в городах по согласованию с пограничными войсками.
      14. Кораблям (катерам) пограничных войск в территориальных водах (территориальном море) Республики Казахстан, внутренних водах Республики Казахстан и в казахстанской части вод пограничных рек, озер и иных водоемов разрешается при необходимости плавать в ночное время без установленных огней. В этих случаях командиры кораблей (катеров) обязаны принимать меры, предупреждающие столкновение с другими судами.
                                                УТВЕРЖДЕНЫ
                                    постановлением Кабинета Министров
                                           Республики Казахстан
                                          от 4 января 1994 г. N 20
 
 
                              ПРАВИЛА
               пограничного режима в пунктах пропуска
                    через государственную границу
                       Республики Казахстан

      Сноска. В тексте Правил заменены слова - постановлением Правительства РК от 27 июля 2000 г. N 1132.
 
      Под пунктом пропуска через государственную границу понимается территория или часть территории железнодорожных и автомобильных станций, морских и речных портов, аэропортов и аэродромов, открытых для международного или двухстороннего сообщения, где осуществляется пограничный, таможенный и иные виды контроля и пропуск через границу лиц, транспортных средств, грузов и иного имущества.
      В Республике Казахстан открыты и действуют следующие виды пунктов пропуска через государственную границу:
      автомобильные
      железнодорожные
      авиационные
      морские (речные).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной границе Республики Казахстан" в пунктах пропуска через государственную границу устанавливается пограничный режим.
      Режим в пунктах пропуска через государственную границу устанавливается в интересах создания и поддержания условий для служебной деятельности учреждений, участвующих в пропуске лиц, транспортных средств и грузов через государственную границу. Он регламентирует порядок пребывания и передвижения в этих пунктах, пропуска лиц, транспортных средств, способствует исключению доступа посторонних лиц к закрытым для них в пунктах пропуска местам и транспортным средствам заграничного следования, а также обязанности должностных лиц и организаций, участвующих в пропуске через границу, по его выполнению.
      Аэропорты и аэродромы, морские и речные порты, железнодорожные и автомобильные станции (вокзалы), в которых осуществляется пропуск через государственную границу, являются режимными объектами, территории их должны быть огорожены и освещены, на них устанавливаются особые правила пропуска и пребывания лиц и транспортных средств. Пропуск граждан и транспортных средств, охраны данной территории возлагаются на подразделения военизированной охраны (ВОХР) и другие службы охраны.
      Ответственность за устройство ограждений, в том числе переносных, турникетов, шлагбаумов и т.д. и их содержание в пунктах пропуска через государственную границу возлагаются на администрации транспортных организаций.
      1. Правила, регламентирующие режим в пунктах пропуска через государственную границу Республики Казахстан, устанавливаются соответствующими приказами (инструкциями), издаваемыми по согласованию с Пограничной службой Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, таможенными органами и органами внутренних дел, начальниками аэропортов, аэродромов, морских и речных портов, железнодорожных и автомобильных вокзалов и станций (далее - администрации транспортных организаций). Пограничная служба Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, таможенная служба и администрация транспортных организаций определяют помещения и иные места для осуществления пограничного и таможенного контроля. При этом, Пограничная служба Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по согласованию с администрацией транспортных организаций, таможенных органов устанавливает в этих местах дополнительные режимные мероприятия, которые включают:
      определение строгого порядка допуска в помещения и иные места, где осуществляется пограничный и таможенный контроль, на транспортные средства заграничного следования лиц, участвующих в работе по контролю и обслуживанию этих транспортных средств, и следующих на них пассажиров, а также допуска других лиц;
      введение пропусков установленного образца;
      выдачу контрольно-пропускными пунктами Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан всем категориям лиц, занятых оформлением и обслуживанием пассажиров, транспортных средств заграничного следования, пропусков установленного образца, которые дают им право находиться на режимной территории только в тех местах, где они выполняют свои функциональные обязанности. Работникам транспортных предприятий, военнослужащим Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан и сотрудникам таможенных органов, имеющим эти пропуска, но не занятым в смене по обслуживанию (оформлению) пассажиров, транспортных средств, грузов, находиться на режимной территории запрещается.
      Во время нахождения на режимной территории все лица обязаны иметь также документы на право входа на режимную территорию;
      информирование администрациями транспортных организаций контрольно-пропускных пунктов (КПП) Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан о рабочих и служащих, не вышедших на работу по неизвестным причинам или оставшихся после окончания работы, о мерах, принятых к установлению их места пребывания, а также о лицах, уволенных с работы, возвращение в КПП не позднее чем через 24 часа после их увольнения изъятых у них пропусков.
      Автотранспорт и другие самодвижущиеся средства пропускаются на режимную территорию по специальным пропускам Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в отведенных для этого местах. Порядок их передвижения по режимной территории определяется администрациями транспортных организаций по согласованию с контрольно-пропускными пунктами Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.
      На транспортные средства заграничного следования посторонние лица не допускаются:
      при убытии транспортного средства за границу - с началом пограничного оформления и до его окончания;
      по прибытии из-за границы - с момента его прибытия и до окончания пограничного оформления.
      В помещения, на транспортные средства, где осуществляется пограничный и таможенный контроль пассажиров и багажа, встречающим и провожающим проходить запрещается.
      В период пограничного оформления транспортных средств заграничного следования в необходимых случаях на эти средства (в помещения) могут быть допущены отдельные лица только с разрешения начальников контрольно-пропускных пунктов Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.
      Сотрудникам иностранных посольств и консульств Республики Казахстан пропуска на право входа в эти помещения выдаются протокольным отделом Министерства иностранных дел Республики Казахстан. Послам иностранных государств в Республике Казахстан разрешается проходить в эти помещения по их дипломатическим паспортам (карточкам).
      Посадка пассажиров в транспортные средства заграничного следования при убытии за границу и высадка пассажиров по прибытии из-за границы, а также погрузка (выгрузка) багажа, почты, грузов и иного имущества производятся с разрешения контрольно-пропускных пунктов Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.
      Досмотр грузов и иного имущества лиц, транспортных средств заграничного следования и перевозимых на них грузов осуществляется контрольно-пропускными пунктами Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан совместно с таможенными учреждениями или самостоятельно. Пограничная служба Комитета национальной безопасности Республики Казахстан имеет право проводить досмотр транспортных средств в любое время суток, независимо от времени убытия за границу, а в случае необходимости и повторно.
      Опломбированные вагоны, контейнеры, трюмы судов и иные помещения транспортных средств с грузами, на которые оформлены специальные пропуска, Пограничной службой Комитета национальной безопасности Республики Казахстан вскрываются, если нарушена целостность упаковки, печатей, пломб, а также при наличии признаков укрытия в них посторонних лиц.
      Должностные лица транспортных организаций обязаны вскрывать по требованию представителей контрольно-пропускных пунктов Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан опломбированные контейнеры, вагоны, трюмы и прочие помещения транспортных средств заграничного следования.
      Прием и отправка иностранных транспортных средств и транспортных средств Республики Казахстан заграничного следования в пунктах пропуска через государственную границу производятся комиссией в составе:
      представителя контрольно-пропускного пункта Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан;
      представителя таможенного учреждения;
      представителей транспортных организаций;
      представителей санитарного надзора и карантинной инспекции.
      При отправке и приеме морских транспортов наливного типа в состав комиссии включается представитель пожарной инспекции.
      Комиссия во всех случаях созывается администрацией транспортных организаций, порядок ее работы на транспортном средстве определяет представитель контрольно-пропускного пункта Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.
      Администрации транспортных организаций обязаны информировать контрольно-пропускные пункты Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан о предстоящем заходе (прибытии) транспортного средства из-за границы:
      принадлежность, тип, тоннаж транспортного средства;
      численность экипажа, количество пассажиров и их гражданство;
      характер и количество перевозимого груза;
      место стоянки (причал, рейд, железнодорожный путь);
      какие бригады (грузчиков, докеров и других служб) допущены к работе по обслуживанию данного транспортного средства.
      Должностные лица транспортных организаций, участвующие в заграничных перевозках людей, грузов (начальники поездов, проводники вагонов, капитаны судов, командиры воздушных судов, водители автобусов и грузовых автомобилей) обязаны принимать меры к недопущению проникновения на транспортные средства посторонних лиц, в этих целях они должны проводить досмотр транспортных средств силами экипажей (поездных бригад). Кроме того, они обязаны принимать меры по оповещению пассажиров о прибытии в пункт пропуска в предстоящем пограничном контроле, ограничивать передвижение пассажиров по транспортному средству, закрывать переходы из вагона в вагон и места общего пользования (рестораны, буфеты и другие), включать полное освещение, информировать пограничный наряд о количестве пассажиров и их поведении в пути следования.
      Администрации транспортных организаций по согласованию с контрольно-пропускными пунктами Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан определяют места и продолжительность стоянок (рейды, причалы, железнодорожные пути) для транспортных средств заграничного следования. Транспортные средства заграничного следования при отправке за границу и по прибытии из-за границы могут начинать движение или менять место стоянки только с разрешения контрольно-пропускных пунктов Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.
      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 27 июля 2000 г. N 1132.
      2. Лица, нарушившие правила режима в пунктах пропуска через государственную границу Республики Казахстан, подлежат уголовной и административной ответственности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      В соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О Пограничных войсках Республики Казахстан" контрольно-пропускные пункты Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан имеют право производить административное задержание граждан, нарушивших режим в пунктах пропуска через государственную границу, и содержать их в специально выделенных и оборудованных транспортными организациями помещениях.
      3. В интересах поддержания режима в пунктах пропуска наряду с постоянным контролем со стороны руководителей транспортных организаций ежеквартально осуществляется комиссионная проверка состояния пограничного режима в пунктах пропуска. В состав комиссий должны включаться не менее половины представителей всех организаций, заинтересованных в работе пунктов пропуска. Присутствие представителей Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, таможни и транспортной организации в каждом случае обязательно. Результаты работы комиссий оформляются актом в трех экземплярах.
      Контроль за соблюдением правил пограничного режима в пунктах пропуска возлагается на Пограничную службу Комитета национальной безопасности Республики Казахстан Республики Казахстан.