Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердiң жолаушыларына қызмет көрсетудi жақсарту жөнiндегі шаралары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 шілде N 1132

      Әуежайлар қызметтерiнiң тиiмдi және сапалы жұмысына қол жеткiзу, халықаралық рейстердiң жолаушыларына қызмет көрсету мәдениетiн жақсарту, авиажолаушыларға қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттiк органдардың келiсiлген iс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ ел экономикасына шетелдiк инвестицияларды тартуға ықпал ететiн Қазақстан Республикасының имиджiн көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердiң жолаушыларына қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестірушi болып белгiленсiн. 
      2. Халықаралық авиарейстердiң жолаушыларына қызмет көрсетудi және оларды теңдеме жүктерi мен жүктердi ресiмдеудi: 
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң кеден органдарымен бiрлесiп халықаралық рейстерге қызмет көрсететiн әуежайлардың қызметтерi; 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекаралық қызметi қамтамасыз етедi деп белгiленсiн. 
      Әуежайдың әкiмшiлiгi халықаралық авиарейстерде авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн жауаптылықта болады. 
      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн. 
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн. 
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

                                 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                     2000 жылғы 27 шілдедегі
                                          N 1132 қаулысына
                                                 қосымша

       Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне 
                   өзгерiстер мен толықтырулар

        1. <*>
       Ескерту. Қаулының 1-тармағының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.27. N 781  қаулысымен .
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.01.2014 № 19 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).       
      3. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 25.12.2013 № 1398 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi). 
      4. "1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Рсспубликасының шекарасын аса қауiптi жұқпалы аурулардан санитарлық қорғау" мақсатты кешендiк бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 11 ақпандағы N 93  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 4, 26-құжат): 
      4-тармақ "санитарлық-эпидемиологиялық, малдәрiгерлiк және фитосанитарлық бақылауды жүзеге асырушы мамандарды" деген сөздерден кейiн "тазартылған аймақтан тысқары жерлерде" деген сөздермен толықтырылсын. 
      5. <*>
       Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.28.   N   407   қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады