1. Қазақстан Республикасы Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Шымкент аймақтық спорт лотереялары кәсiпорындарының тұрақты жүргiзiлетiн ойындар - "Спортлото", "Спортболжам", "Спринт" және олардың түрлерiн өткiзуi жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
2. Қаулыға тiркелген "Қазақстан Республикасы спорт лотереялары кәсiпорындарының спорт лотереяларын өткiзу аймақтары туралы" қосымша бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi мен Қаржы министрлiгi аймақтық спорт лотереялары кәсiпорындарымен бiрлесiп Қазақстан Республикасында "Спортлото" спорт-сандық лотереясын өткiзу шарттарын әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
4. Аймақтық спорт лотереялары кәсiпорындарына жергiлiктi қаржы органдарымен келiсе отырып лотерея билетiнiң құнын нарық жағдайларына қарай белгiлеуге рұқсат етiлсiн, бұл ретте ұтыс қоры билеттердi сатудан түскен қаражаттың мiндеттi түрде 50 процентiн құрайтын болсын.
5. Қазақстан Республикасы аймақтық спорт лотереялары кәсiпорындары билеттердi (ерiктiлiк пен әкiмшiлiк ережелерiн қатаң сақтай отырып) қоғамдық таратушылар, дене мәдениетi ұйымдарының қызметкерлерi, коммерциялық құрылымдар, өзiндiк дүңгiршектер желiсi арқылы спорт шараларының өткiзiлуi кезiнде спорт ғимараттарында, қоғамдық-сауда орындарында, мекемелерде, демалыс орындарында, көшелер мен жаяу жүргiншi жерасты өткелдерiнде сататын болып белгiленсiн.
6. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, Қазақстан Республикасының аймақтық спорт лотереялары кәсiпорындары пайданың 25 проценттiк мөлшерiн республикалық және жергiлiктi бюджеттерге, 25 проценттiк мөлшерiн Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне, облыстық және жергiлiктi дене мәдениетi ұйымдарына дене мәдениетi мен спортты дамытуға, спорт шараларын өткiзуге, спорт ғимараттарын, оқу орындары мен оқу-жаттығу базаларын салуға, қалпына келтiруге және күрделi жөндеуге арнап жiберiп отыру мiндеттелсiн.
7. Спорт лотереялары кәсiпорындарына халықты дене мәдениетi және спортпен айналысуға жұмылдыру үшiн спорт-сауықтыру орталықтарын, секцияларын, денсаулық топтарын ашуға рұқсат етiлсiн.
8. Аймақтық спорт лотереялары кәсiпорындарына лотерея өнiмдерiнiң шетелде жасап шығаруға тапсырыс беру үшiн ақша қаражатын шоғырландыру, жаңа лотерея ойындарын енгiзу, типографиялық жабдық сатып алу, Қазақстан Республикасының аумағында бiрлескен кәсiпорындар мен ұйымдар құру үшiн инвесторларды тарту ұсынылсын.
9. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы "Қазақстан" мемлекеттiк теле-радио хабарларын тарату компаниясы, республикалық газеттер мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдары жеңiлдiктi жағдайларда спорт лотереяларын жарнамалауды және насихаттауды қамтамасыз ететiн болсын.
10. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi
Қазақстан Республикасы аймақтық спорт лотереялары кәсiпорындарына спорт лотереяларын ұйымдастыру мен өткiзуде қолдау көрсететiн болсын. Олардың өндiрiстiк қызметi үшiн қажеттi қызмет үй-жайларын, көлiк құралдарын бөлiп, жұмыс iстеп тұрған мамандандырылған дүңгiршектердiң орналасуын бекiтсiн, ал қажеттi жағдайда қосымша лотерея дүңгiршектерiн, жарнама тақталары мен ойнаушыларға арналған ақпарат орталықтарын орнату үшiн жаңа жайлар белгiлейтiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 22 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының спорт лотереялары кәсiпорындарының спорт лотереяларын өткiзу аймақтары туралы (Кесте)