ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА "СПОРТЛОТО" АЙМАҚТЫҚ КӘСIПОРЫНДАРЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ОЙНАЛАТЫН СПОРТ ЛОТЕРЕЯЛАРЫН ӨТКIЗУ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 4 қаңтар N 22. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.10.31. N 1326 қаулысымен.

      Дене мәдениетi мен спортты дамытуға қосымша қаражаттар тарту, республикалық және жергiлiктi бюджеттi толықтыру, спорт лотереялары желiсiн сақтап қалу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Шымкент аймақтық спорт лотереялары кәсiпорындарының тұрақты жүргiзiлетiн ойындар - "Спортлото", "Спортболжам", "Спринт" және олардың түрлерiн өткiзуi жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
      2. Қаулыға тiркелген "Қазақстан Республикасы спорт лотереялары кәсiпорындарының спорт лотереяларын өткiзу аймақтары туралы" қосымша бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi мен Қаржы министрлiгi аймақтық спорт лотереялары кәсiпорындарымен бiрлесiп Қазақстан Республикасында "Спортлото" спорт-сандық лотереясын өткiзу шарттарын әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
      4. Аймақтық спорт лотереялары кәсiпорындарына жергiлiктi қаржы органдарымен келiсе отырып лотерея билетiнiң құнын нарық жағдайларына қарай белгiлеуге рұқсат етiлсiн, бұл ретте ұтыс қоры билеттердi сатудан түскен қаражаттың мiндеттi түрде 50 процентiн құрайтын болсын.
      5. Қазақстан Республикасы аймақтық спорт лотереялары кәсiпорындары билеттердi (ерiктiлiк пен әкiмшiлiк ережелерiн қатаң сақтай отырып) қоғамдық таратушылар, дене мәдениетi ұйымдарының қызметкерлерi, коммерциялық құрылымдар, өзiндiк дүңгiршектер желiсi арқылы спорт шараларының өткiзiлуi кезiнде спорт ғимараттарында, қоғамдық-сауда орындарында, мекемелерде, демалыс орындарында, көшелер мен жаяу жүргiншi жерасты өткелдерiнде сататын болып белгiленсiн.
      6. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, Қазақстан Республикасының аймақтық спорт лотереялары кәсiпорындары пайданың 25 проценттiк мөлшерiн республикалық және жергiлiктi бюджеттерге, 25 проценттiк мөлшерiн Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне, облыстық және жергiлiктi дене мәдениетi ұйымдарына дене мәдениетi мен спортты дамытуға, спорт шараларын өткiзуге, спорт ғимараттарын, оқу орындары мен оқу-жаттығу базаларын салуға, қалпына келтiруге және күрделi жөндеуге арнап жiберiп отыру мiндеттелсiн.
      7. Спорт лотереялары кәсiпорындарына халықты дене мәдениетi және спортпен айналысуға жұмылдыру үшiн спорт-сауықтыру орталықтарын, секцияларын, денсаулық топтарын ашуға рұқсат етiлсiн.
      8. Аймақтық спорт лотереялары кәсiпорындарына лотерея өнiмдерiнiң шетелде жасап шығаруға тапсырыс беру үшiн ақша қаражатын шоғырландыру, жаңа лотерея ойындарын енгiзу, типографиялық жабдық сатып алу, Қазақстан Республикасының аумағында бiрлескен кәсiпорындар мен ұйымдар құру үшiн инвесторларды тарту ұсынылсын.
      9. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы "Қазақстан" мемлекеттiк теле-радио хабарларын тарату компаниясы, республикалық газеттер мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдары жеңiлдiктi жағдайларда спорт лотереяларын жарнамалауды және насихаттауды қамтамасыз ететiн болсын.
      10. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi

Қазақстан Республикасы аймақтық спорт лотереялары кәсiпорындарына
спорт лотереяларын ұйымдастыру мен өткiзуде қолдау көрсететiн
болсын. Олардың өндiрiстiк қызметi үшiн қажеттi қызмет үй-жайларын,
көлiк құралдарын бөлiп, жұмыс iстеп тұрған мамандандырылған
дүңгiршектердiң орналасуын бекiтсiн, ал қажеттi жағдайда қосымша
лотерея дүңгiршектерiн, жарнама тақталары мен ойнаушыларға арналған
ақпарат орталықтарын орнату үшiн жаңа жайлар белгiлейтiн болсын.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 4 қаңтардағы
                                           N 22 қаулысына
                                            Қосымша
            Қазақстан Республикасының спорт лотереялары 
               кәсiпорындарының спорт лотереяларын 
                   өткiзу аймақтары туралы
                             (Кесте)

      
      


О проведении постоянно действующих спортивных лотерей зональными предприятиями "Спортлото" в Республике Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 января 1994 года N 22. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 31 октября 1996 г. N 1326 ~P961326

      В целях привлечения дополнительных средств на развитие физической культуры и спорта, пополнения республиканского и местных бюджетов, сохранения сети спортивных лотерей Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Принять предложение Министерства по делам молодежи, туризма и спорта Республики Казахстан о проведении и реализации Акмолинским, Актюбинским, Алматинским, Карагандинским, Восточно-Казахстанским, Шымкентским зональными предприятиями спортивных лотерей Республики Казахстан постоянно действующих игр - лотерей "Спортлото", "Спортпрогноз", "Спринт" и их модификаций.
      2. Утвердить зоны реализации спортивных лотерей предприятиями спортивных лотерей Республики Казахстан в соответствии с приложением.
      3. Министерству по делам молодежи, туризма и спорта, Министерству финансов Республики Казахстан совместно с зональными предприятиями спортивных лотерей разработать и утвердить условия проведения спортивно-числовой лотереи "Спортлото" в Республике Казахстан.
      4. Разрешить зональным предприятиям спортивных лотерей по согласованию с финансовыми органами на местах определять стоимость лотерейного билета, исходя из условий рынка, но при обязательном формировании выигрышного фонда в размере 50 процентов средств от реализации билетов.
      5. Установить, что зональные предприятия спортивных лотерей Республики Казахстан производят продажу билетов (при строгом соблюдении добровольности и административных правил) через общественных распространителей, работников физкультурных организаций, коммерческих структур, через собственную сеть киосков, на спортивных сооружениях во время проведения спортивных мероприятий, в торгово-общественных местах, учреждениях, местах отдыха, на улицах и в пешеходных переходах.
      6. В соответствии с действующим законодательством обязать зональные предприятия спортивных лотерей Республики Казахстан направлять прибыли в республиканский и местный бюджеты в размере 25 процентов, Министерству по делам молодежи, туризма и спорта Республики Казахстан, областным и местным физкультурным организациям - в размере 25 процентов на развитие физической культуры и спорта, проведение спортивных мероприятий, строительство, реконструкцию и капитальный ремонт спортивных сооружений, зданий, учебных заведений и учебно-тренировочных баз.
      7. Разрешить предприятиям спортивных лотерей открывать спортивно-оздоровительные центры, секции, группы здоровья для приобщения населения к занятиям физической культурой и спортом.
      8. Рекомендовать зональным предприятиям спортивных лотерей кооперировать денежные средства для заказа лотерейной продукции за рубежом, привлекать инвесторов для внедрения новых лотерейных игр, приобретения полиграфического оборудования, создания совместных предприятий и организаций на территории Республики Казахстан.
      9. Министерству печати и массовой информации Республики Казахстан, Государственной телерадиовещательной компании "Казахстан" при Кабинете Министров Республики Казахстан, редакциям республиканских газет и другим средствам массовой информации обеспечивать на льготных условиях рекламу и пропаганду спортивных лотерей.
      10. Главам областных, Алматинской и Ленинской городских администраций оказывать поддержку зональным предприятиям спортивных лотерей Республики Казахстан в организации и проведении спортивных лотерей. Выделять для их производственной деятельности необходимые служебные помещения, технические и транспортные средства, утвердить дислокацию существующих специализированных киосков, а при необходимости определить новые места для установки дополнительных лотерейных киосков, рекламных щитов и информационных центров для играющих.
      Премьер-министр Республики Казахстан
                                           Приложение

к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 января 1994 г. N 22

          Зоны реализации спортивных лотерей предприятиями
               спортивных лотерей Республики Казахстан
______________________________________________________________________
     Наименование предприятия      ! Зона реализации (области, города
                                   !  республиканского подчинения)
______________________________________________________________________
Актюбинское зональное предприятие  Актюбинская, Атырауская,
                                   Мангистауская, Западно-Казахстанская
                                   области
Акмолинское зональное предприятие  Акмолинская, Кустанайская,
                                   Северо-Казахстанская, Кокшетауская,
                                   Тургайская, Павлодарская области
Алматинское акционерное общество   Алматинская, Талдыкорганская области,
                                   г. Алматы
Восточно-Казахстанское зональное   Восточно-Казахстанская,
предприятие                        Семипалатинская области
Карагандинское зональное           Карагандинская, Жезказганская области
предприятие                         
Шымкентское зональное предприятие  Жамбылская, Кзыл-Ординская,
                                   Южно-Казахстанская области, г. Ленинск