1. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi және Экономика министрлiгiмен келiсiлген 1996-2005 жылдар аралығында 600 мың текше метр көлемдi екiншi кезектегi оқу өндiрiстiк ғимараттар кешенi, бiр мезгiлде 240 адам қабылдайтын емхана, жеке тамақтандыру бөлiмi бар 100 орындық емдеу-сауықтыру орны, 3 мың орындық студенттер жатақханасының құрылысын жүзеге асыру туралы ұсыныстары қабылдансын.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрге 1994-1995 жылдары жобалау-сметалық құжаттар жасауға қажет қаржы қарастырсын.
Әл-Фараби атындағы ҚазМУ - 1994 жылдың соңына дейiн университеттiң екiншi кезектегi құрылысына қажет техникалық-экономикалық негiздеме жасауды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi 1994-1995 жылдары республика экономикасының жаңару қорынан мыналарға қаржы бөлудi көздесiн:
Ыстық көл жағасындағы университеттiң спорт-сауықтыру лагерiнiң ғимараты мен құрылысын 1994 жылы бiтiруге, Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi спорт базасын ұлғайтуға және лагерьдi спорт жабдықтарымен қамтамасыз етуге қолғабыс тигiзсiн;
1994 жылы тiс емдеу емханасы бар 64 пәтерлi тұрғын үй құрылысын аяқтауға;
үлестiк қатынаспен университет технопаркiн салуға;
шығыстану факультетiнiң оқу-тәжiрибе ғимаратын 200 орындық қонақ үй тұрпатты жатақхана кешенiмен бастап салуға.
3. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.01.11.
N 53 қаулысымен. P960053_
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1997.04.02. N 465
қаулысымен. P970465_
4. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi ҚазМУ-дiң және полиграфиялық базасы бар "Университет" баспасын құру iсiне қолғабыс етсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика министрлiгi осы мақсат үшiн 1994-1996 жылдары Республика бюджетiнен қосымша қаржы бөлудi қарастырсын.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi және Қаржы министрлiгi халықаралық мамандықтар бойынша шетелдерде студенттердi оқыту және бiлiктiлiк арттыру, халықаралық байланыстарды дамыту, шет елден баспа жабдықтары мен оқу-ғылыми құралдарын алу үшiн - жыл сайын оған қажет еркiн айналым валюта қаражатын бөлудi қарастырсын.
6. Алматы қаласының әкiмi:
құрылыстан бос жерден 500 пәтерлiк көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына жер бөлудi рәсiмдесiн;
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi және Қаржы министрлiгi 1994-2000 жылдары көп пәтерлi тұрғын үйлер құрылысы мен жоспарлық-сметалық құжаттар әзiрлеуге қажет қаржы қарастырсын;
белгiленген тәртiп бойынша қалалық қызмет орындары өзектi
және iшкi алаңдық инженерлiк желiлердi өз жүйесiнде қабылдауды жүзеге асырсын. 7. Алматы облысының әкiмi; Қапшағай көлi маңынан құрылыс салынатын демалыс аймағына қажет жер бөлу мәселесiн қарастырсын; қалалық әкiмшiлiкпен бiрлесе отырып профессор-оқытушылар үшiн жеке тұрғын үй және саяжай салатын жер бөлу жайлы мәселенi қарасын. 8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1993 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ге үлестiк қатысумен жастардың тұрғын үй кешенiн салуға қажет қаржы қарастырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi