ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТIК ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТIНIҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН ОДАН ӘРI НЫҒАЙТУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 7 ақпан 1994 ж. N 142

      "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң мәртебесi жөнiндегi" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1059 K931059_ қаулысын орындау және республика жоғары бiлiм беру жүйесiнде университет ролiн арттыру, оқу процесiн ұйымдастыруды және ғылыми-зерттеу жұмысын жетiлдiру, университеттiң ғылыми және оқу-тәжiрибе базасын нығайту, ҚазМУ-дiң студент жастары мен профессор-оқытушылар құрамының тұрмыстық-тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi және Экономика министрлiгiмен келiсiлген 1996-2005 жылдар аралығында 600 мың текше метр көлемдi екiншi кезектегi оқу өндiрiстiк ғимараттар кешенi, бiр мезгiлде 240 адам қабылдайтын емхана, жеке тамақтандыру бөлiмi бар 100 орындық емдеу-сауықтыру орны, 3 мың орындық студенттер жатақханасының құрылысын жүзеге асыру туралы ұсыныстары қабылдансын.
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрге 1994-1995 жылдары жобалау-сметалық құжаттар жасауға қажет қаржы қарастырсын.
      Әл-Фараби атындағы ҚазМУ - 1994 жылдың соңына дейiн университеттiң екiншi кезектегi құрылысына қажет техникалық-экономикалық негiздеме жасауды қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi 1994-1995 жылдары республика экономикасының жаңару қорынан мыналарға қаржы бөлудi көздесiн:
      Ыстық көл жағасындағы университеттiң спорт-сауықтыру лагерiнiң ғимараты мен құрылысын 1994 жылы бiтiруге, Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi спорт базасын ұлғайтуға және лагерьдi спорт жабдықтарымен қамтамасыз етуге қолғабыс тигiзсiн;
      1994 жылы тiс емдеу емханасы бар 64 пәтерлi тұрғын үй құрылысын аяқтауға;
      үлестiк қатынаспен университет технопаркiн салуға;
      шығыстану факультетiнiң оқу-тәжiрибе ғимаратын 200 орындық қонақ үй тұрпатты жатақхана кешенiмен бастап салуға.
      3. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.01.11.
               N 53 қаулысымен. P960053_
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1997.04.02. N 465
               қаулысымен. P970465_
      4. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi ҚазМУ-дiң және полиграфиялық базасы бар "Университет" баспасын құру iсiне қолғабыс етсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика министрлiгi осы мақсат үшiн 1994-1996 жылдары Республика бюджетiнен қосымша қаржы бөлудi қарастырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi және Қаржы министрлiгi халықаралық мамандықтар бойынша шетелдерде студенттердi оқыту және бiлiктiлiк арттыру, халықаралық байланыстарды дамыту, шет елден баспа жабдықтары мен оқу-ғылыми құралдарын алу үшiн - жыл сайын оған қажет еркiн айналым валюта қаражатын бөлудi қарастырсын.
      6. Алматы қаласының әкiмi:
      құрылыстан бос жерден 500 пәтерлiк көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына жер бөлудi рәсiмдесiн;
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi және Қаржы министрлiгi 1994-2000 жылдары көп пәтерлi тұрғын үйлер құрылысы мен жоспарлық-сметалық құжаттар әзiрлеуге қажет қаржы қарастырсын;
      белгiленген тәртiп бойынша қалалық қызмет орындары өзектi

және iшкi алаңдық инженерлiк желiлердi өз жүйесiнде қабылдауды
жүзеге асырсын.
     7. Алматы облысының әкiмi;
     Қапшағай көлi маңынан құрылыс салынатын демалыс аймағына
қажет жер бөлу мәселесiн қарастырсын;
     қалалық әкiмшiлiкпен бiрлесе отырып профессор-оқытушылар
үшiн жеке тұрғын үй және саяжай салатын жер бөлу жайлы мәселенi
қарасын.
     8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1993 жылдан
бастап Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ге үлестiк қатысумен жастардың 
тұрғын үй кешенiн салуға қажет қаржы қарастырсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
      
      


О мерах по дальнейшему укреплению материально-технической базы Казахского государственного национального университета им. Аль-Фараби

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 7 февраля 1994 года N 142

      Во исполнение постановления Президента Республики Казахстан от 9 января 1993 г. N 1059 K931059_ "О статусе Казахского государственного национального университета им. Аль-Фараби" и в целях повышения роли университета в системе высшего образования республики, совершенствования организации учебного процесса и научно-исследовательской деятельности, укрепления научной и учебно-лабораторной базы университета, улучшения жилищно-бытовых условий студенческой молодежи и профессорско-преподавательского состава КазГУ Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Принять предложения Казахского государственного национального университета им. Аль-Фараби, согласованные с Министерством экономики и Министерством финансов Республики Казахстан, о строительстве в 1996-2005 годах второй очереди комплекса учебно-производственных зданий объема 600 тыс. кубометров, поликлиники на 240 посещений в смену, санатория-профилактория с отдельным пищеблоком на 100 посадочных мест, студенческих общежитий на 3 тыс. мест.
      Министерству экономики Республики Казахстан совместно с Министерством финансов Республики Казахстан предусмотреть в 1994-1995 годах необходимые ассигнования на разработку проектно-сметной документации.
      КазГУ им. Аль-Фараби до конца 1994 года обеспечить разработку технико-экономического обоснования на строительство второй очереди университета.
      2. Министерству экономики и Министерству финансов Республики Казахстан предусмотреть выделение в 1994-1995 годах ассигнований из фонда преобразования экономики республики:
      на завершение строительства в 1994 году зданий и сооружений спортивно-оздоровительного лагеря университета на побережье озера Иссык-Куль. Министерству по делам молодежи, туризма и спорта Республики Казахстан оказать содействие в расширении спортивной базы и оснащения лагеря спортинвентарем;
      на окончание строительства в 1994 году 64-квартирного жилого дома со встроенной стоматологической поликлиникой;
      на долевое участие в строительстве технопарка университета;
      для начала работ по сооружению учебно-лабораторного корпуса факультета востоковедения в комплексе с общежитием гостиничного типа на 200 мест.
      3. (Пункт 3 утратил силу - постановлением Правительства РК от 2 апреля 1997 г. N 465)
      4. Министерству печати и массовой информации Республики Казахстан оказать содействие в создании в КазГУ им. Аль-Фараби издательства "Университет" и собственной полиграфической базы. Министерству финансов и Министерству экономики Республики Казахстан предусмотреть для этих целей в 1994-1996 годах дополнительное выделение средств из республиканского бюджета.
      5. Министерству финансов и Министерству экономики Республики Казахстан предусмотреть ежегодное выделение необходимых средств в свободно конвертируемой валюте на обучение и стажировку студентов международных специальностей за рубежом, развитие международных связей, приобретение учебно-научных приборов и полиграфического оборудования.
      6. Главе Алматинской городской администрации:
      оформить отвод земельных участков, свободных от застройки, под строительство многоквартирных жилых домов на 500 квартир;
      Министерству экономики и Министерству финансов Республики Казахстан предусмотреть в 1994-2000 годах необходимые ассигнования на разработку проектно-сметной документации и строительство многоквартирных жилых домов;
      осуществить принятие магистральных и внутриплощадных инженерных сетей городскими службами в установленном порядке.
      7. Главе Алматинской областной администрации:
      рассмотреть вопрос об отводе земельного участка в районе озера Капчагай под зону отдыха с последующим строительством;
      совместно с городской администрацией рассмотреть вопрос об отводе земельных участков под строительство индивидуальных жилых домов для профессорско-преподавательского состава и под дачи.
      8. Министерству экономики Республики Казахстан, начиная с 1993 года, предусмотреть КазГУ им. Аль-Фараби необходимые ассигнования в порядке долевого участия в сооружении молодежно-жилищных комплексов.
      Премьер-министр Республики Казахстан