1. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы кәсiпорындары, мекемелерi мен ұйымдары құрған аймақаралық экономикалық ынтымақтастық пен дамудың ашық үлгiдегi "Достастық" ("Достастық" АҚ) акционерлiк қоғамын құру мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Достастық" АҚ-ның атқарушы аппаратын Алматы қаласында орналастыру туралы мәселенi қарайтын болсын.
3. "Достастық" АҚ-на мемлекет мұқтажы үшiн белгiленген
тапсырмаларын орындағаннан кейiн меншiк нысандарына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатып алуға рұқсат берiлсiн. 4. Мемлекеттiк басқару органдары "Достастық" АҚ қызметiне жәрдемдесетiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi