АЙМАҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ДАМЫТУДЫҢ АШЫҚ ҮЛГIДЕГI "ДОСТАСТЫҚ" АКЦИОНЕРЛIК ҚОҒАМЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 10 ақпан 1994 ж. N 166

      Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кәсiпорындары мен ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту және шаруашылық байланыстарын сақтап қалу, сондай-ақ нарықты өндiрiстiк және тұтыну тауарларымен неғұрлым толығырақ қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы кәсiпорындары, мекемелерi мен ұйымдары құрған аймақаралық экономикалық ынтымақтастық пен дамудың ашық үлгiдегi "Достастық" ("Достастық" АҚ) акционерлiк қоғамын құру мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Достастық" АҚ-ның атқарушы аппаратын Алматы қаласында орналастыру туралы мәселенi қарайтын болсын.
      3. "Достастық" АҚ-на мемлекет мұқтажы үшiн белгiленген

тапсырмаларын орындағаннан кейiн меншiк нысандарына қарамастан
шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы
өнiмдерiн сатып алуға рұқсат берiлсiн.
     4. Мемлекеттiк басқару органдары "Достастық" АҚ қызметiне
жәрдемдесетiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады