ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ПАСПОРТЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНI БЕКIТУ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 14 ақпан 1994 ж. N 182

     Лауазымды адамдарға шетелге iссапарға баруға арналған қызметтiк паспорт берудi ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     1. Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорты туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қызметтiк паспортты берген кезде аталған Ереженi қатаң басшылыққа алатын болсын. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы         
Министрлер Кабинетiнiң         
1994 жылғы 14 ақпандағы         
N 182 қаулысымен           
Бекiтiлген                 

            Қазақстан Республикасының қызметтiк
                     паспорты туралы
                        Ереже

      1. Қызметтiк паспорт Қазақстан Республикасы азаматының ол шетелге жол жүргенде, шетелде тұрып жатқанда және Қазақстан Республикасына келерде жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.
      2. Қызметтiк паспорт Қазақстан Республикасынан дүние жүзiнiң барлық мемлекеттерiне бару үшiн жарамды. 
      3. Қызметтiк паспорт Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады және оны осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық басқармасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi бередi. 
      4. Қызметтiк паспорттың үлгiсiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiленген тәртiппен бекiтедi. 
      5. Қызметтiк паспорт 5 жыл мерзiмге берiледi. Оның қолданыста болу мерзiмiн Қазақстан Республикасы Сыртқыiсминiнiң Консулдық басқармасы мен оның шетелдiк мекемелерi ұзарта алады. 
      6. Қызметтiк паспорт осы Ереженiң қосымшасында көрсетiлген мемлекеттiк қызметтегi лауазымды адамдарға берiледi. 
      7. Қызметтiк паспорттары бар адамдармен бiрге кетiп бара жатқан жұбайларға, 18 жасқа дейiнгi балаларға және жасы 18-ден асқан, тұрмысқа шықпаған қыздарға да қызметтiк паспорттар берiледi. 16 жасқа дейiнгi балалар ата-аналардың бiрiнiң паспортына жазылады. 
      8. Қызметтiк паспортқа паспорт иесiмен бiрге кетiп бара жатқан 16 жасқа дейiнгi балаларды жазудан, оларды жазудан шығарудан, шекараны кесiп өткенi туралы шекара органдарының белгiлерiнен, сондай-ақ шетел мемлекеттерiнiң визаларынан басқа қандай да бiр жазбаларды енгiзуге тыйым салынады. 
      9. Қызметтiк паспорттардың бланктерi қатаң есеп жүргiзу құжаттары болып табылады. Олар Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң өтiнiмi бойынша дайындалады. 
      Қызметтiк паспорттарды есепке алуды, сақтауды және жоюды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады. 
      10. Шетелде қызметтiк паспортты жоғалтып алған жағдайда паспорттың иесi бұл туралы Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiне дереу хабарлауға мiндеттi. 
      Егер паспорт республика аумағында жоғалған болса, паспорттың иесi дереу Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне мәлiмдеуге мiндеттi. 
      Жаңа паспортты беру келiп түскен ақпарат тексерiлгеннен кейiн жүзеге асырылады. 
      11. Азаматтар шетелдiк iссапардан қайтқан соң қызметтiк паспорттар бiр апталық мерзiмде Сыртқы iстер министрлiгiне тапсырылуға тиiс. Тапсырылған соң паспорттардың сақталуы үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктеледi. 
      12. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi халықаралық қауымдастыққа қызметтiк паспорттардың жаңа үлгiлерiнiң табыс етiлуiн қамтамасыз етедi. 
      13. Азаматқа берiлген қызметтiк паспорт заңда анықталғандай паспортты беруден уақытша бас тарту үшiн негiз болатын жағдайларда, сондай-ақ ол қолдан жасалғанда, заңсыз ресiмделгенде, қылмыс жасау үшiн пайдаланылғанда және Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда қайтарылып алынуы мүмкiн. 
      Қайтарып алуды құқық қорғау органдары, шекаралық және кедендiк қызмет орындары, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық басқармасы жүргiзедi және бұған сот тәртiбiмен шағым берiлуi мүмкiн. 
      14. Қазақстан Республикасының қызметтiк паспортын оның иесi республика аумағында азаматтық-құқықтық iстердi, қолданыстағы банк операцияларын және сенiмхаттарды ресiмдеуге пайдалана алмайды.
Бұл шектеулер қызметтiк паспортты Қазақстан Республикасының аумағында оның шетелдегi ұзақ мерзiмдi iссапарға жүрген азаматы Қазақстан Республикасына келген кезiнде пайдаланатын жағдайларға таратылмайды.
     Ескерту. Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорты даярланып, айналымға қабылданғанға дейiн Қазақстан Республикасының 
азаматтығына жататыны туралы белгi соғылған бұрынғы КСР 
Одағының қызметтiк паспорты күшiн сақтайды деп саналсын. 

                                                     Қосымша

            Ескерту. Тiзбе жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң 1994.12.13. N 1407 қаулысына сәйкес.

        Қызметтiк iстер бойынша шетелге барар кезде қызметтiк
паспорт алуға құқы бар Қазақстан Республикасы
лауазымды адамдарының 
Тiзбесi

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң аймақтардағы өкiлдерi, Қазақстан Республикасының Президентi Аппараты, Жоғарғы Кеңесiнiң Аппараты басшыларының Министрлер Кабинетi Iс Басқарушысының, Қазақстан Республикасының Премьер-министрi орынбасарларының, Мемлекеттiк кеңесшiлерiнiң, Қауiпсiздiк Кеңесi мен Мемлекеттiк саясат жөнiндегi Ұлттық кеңес хатшыларының көмекшiлерi 
      Қазақстан Республикасының Президентi Аппараты, Жоғарғы Кеңесiнiң Аппараты мен Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының бөлiм меңгерушiлерiнiң орынбасарлары, сектор меңгерушiлерi, консультанттары, бас сарапшылары, аға сарапшылары мен сарапшылар, аға референттерi мен референттерi 
      Қазақстан Республикасының министрлерiнiң орынбасарлары, мемлекеттiк комитеттерi (комиссиялары) төрағаларының орынбасарлары, Министрлер Кабинетi жанындағы комитеттердiң (комиссиялардың), бас басқармалардың, агенттiктердiң, ведомстволар мен бiрлестiктердiң бiрiншi басшыларының орынбасарлары 
      Қазақстан Республикасының министрлерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң (комиссияларының), Министрлер Кабинетi жанындағы комитеттердiң (комиссиялардың), бас басқармалар мен агенттiктер басқармаларының, бөлiмдерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары. Қазақстан Республикасының министрлерi мен мемлекеттiк комитеттерi (комиссиялары) төрағаларының көмекшiлерi 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк акционерлiк және холдинг компанияларының, мемлекеттiк кәсiпорындарының басшылары мен басшыларының орынбасарлары. 
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Конституциялық соты, Жоғары төрелiк соты аппаратының басшылары, бөлiм меңгерушiлерi және олардың орынбасарлары. 
      Қазақстан Республикасының облыстары, Алматы және Ленинск қалалары әкiмдерiнiң орынбасарлары, әкiмшiлiктер аппаратының басшылары мен олардың орынбасарлары, басқарма бастықтары мен олардың орынбасарлары, комитеттерiнiң төрағалары мен олардың орынбасарлары, бөлiм меңгерушiлерi мен олардың орынбасарлары 
      Қазақстан Республикасының қала әкiмдерi, әкiмдерiнiң орынбасарлары, әкiмшiлiктер аппаратының басшылары, басқарма бастықтары мен олардың орынбасарлары, комитеттерiнiң төрағалары мен олардың орынбасарлары, бөлiм меңгерушiлерi мен олардың орынбасарлары
      Қазақстан Республикасының аудан әкiмдерi, әкiмдерiнiң орынбасарлары 
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк банкiлерiнiң төрағалары мен олардың орынбасарлары, басқарма бастықтары мен олардың орынбасарлары, бөлiм меңгерушiлерi мен олардың орынбасарлары 
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қорғаныс министрлiгi мен әскери комиссариаттарының офицерлiк атағы бар қызметкерлерi, Бас Прокуратурасының аттестацияланған прокурор-тергеушi қызметкерлерi 
      Елшiлiктердiң, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардағы өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелердiң, Қазақстан Республикасының шетелдегi сауда өкiлдiктерiнiң әкiмшiлiк-техникалық құрамы, сондай-ақ, "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясының, "Саяхат" авиакомпаниясының, Қазақстанның басқа авиакомпанияларының мемлекеттiк және үкiмет делегацияларының халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге тартылатын ұшу-техникалық құрамдары. 
       Ескерту. 12-шi абзац толықтырылды - ҚРМК-нiң 1995.31.10.
N 1414  қаулысымен .

Об утвеpждении Положения о служебном паспоpте Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 14 февpаля 1994 г. N 182

      В целях упорядочения выдачи служебных паспортов для выезда в загранкомандировки должностным лицам Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить Положение о служебном паспорте Республики Казахстан (прилагается).
      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан при выдаче служебных паспортов строго руководствоваться указанным Положением.
        Премьер-министр
                                         Утверждено
                               постановлением Кабинета Министров
                                    Республики Казахстан
                                 от 14 февраля 1994 г. N 182
 
                             Положение
             о служебном паспорте Республики Казахстан
 
      1. Служебный паспорт является документом, удостоверяющим личность гражданина Республики Казахстан при его выезде за границу, проживании за рубежом и въезде в Республику Казахстан.
      2. Служебный паспорт действителен для выезда из Республики Казахстан во все государства мира.
      3. Служебный паспорт является собственностью Республики Казахстан и выдается Консульским управлением Министерства иностранных дел Республики Казахстан, а также дипломатическими представительствами и консульскими учреждениями Республики Казахстан за границей в соответствии с настоящим Положением.
      4. Образец служебного паспорта утверждается Кабинетом Министров Республики Казахстан по представлению Министерства иностранных дел Республики Казахстан в установленном порядке.
      5. Служебный паспорт выдается сроком на 5 лет. Срок его действия может быть продлен Консульским управлением МИД Республики Казахстан и его загранучреждениями.
      6. Служебный паспорт выдается должностным лицам государственной службы, указанным в приложении к настоящему Положению.
      7. Супругам, детям до 18 лет и незамужним дочерям старше 18 лет, следующим вместе с лицами, имеющими служебные паспорта, также выдаются служебные паспорта. Дети до 16 лет вписываются в паспорт одного из родителей.
      8. В служебный паспорт запрещается вносить какие-либо записи кроме вписания детей до 16 лет, следующих в сопровождении владельца паспорта, их выписки, отметок пограничных органов о пересечении границы, а также виз иностранных государств.
      9. Бланки служебных паспортов являются документами строгой отчетности. Они изготавливаются по заявкам Министерства иностранных дел Республики Казахстан.
      Учет, хранение и уничтожение служебных паспортов осуществляется Министерством иностранных дел Республики Казахстан.
      10. В случае утраты служебного паспорта за рубежом владелец паспорта обязан незамедлительно сообщить об этом в консульское учреждение Республики Казахстан.
      Если утрата произошла на территории республики, владелец паспорта обязан незамедлительно информировать Министерство иностранных дел Республики Казахстан.
      Выдача нового паспорта производится после проверки представленной информации.
      11. По возвращении граждан из загранкомандировки служебные паспорта подлежат сдаче в Министерство иностранных дел в недельный срок. Ответственность за хранение паспортов после сдачи возлагается на Министерство иностранных дел Республики Казахстан.
      12. Министерство иностранных дел Республики Казахстан обеспечивает представление новых образцов служебных паспортов международному сообществу.
      13. Выданный гражданину служебный паспорт может быть изъят в случаях, определяемых законодательством, как основание для временного отказа в выдаче паспорта, а также при его подделке, в незаконном оформлении, использовании для совершения преступлений и при прекращении гражданства Республики Казахстан.
      Изъятие служебного паспорта производится правоохранительными органами, пограничной и таможенной службами, Консульским управлением Министерства иностранных дел Республики Казахстан и может быть обжаловано в судебном порядке.
      14. Служебный паспорт Республики Казахстан не может быть использован на территории республики его владельцем при оформлении гражданско-правовых дел, действительных банковских операций и оформлении доверенностей. Эти ограничения не распространяются на случаи использования служебного паспорта на территории Республики Казахстан ее гражданином, который пребывает в долгосрочной командировке за рубежом, в момент приезда в Республику Казахстан.
 
      Примечание. До изготовления и принятия в обращение служебных паспортов Республики Казахстан считать действительными служебные паспорта бывшего Союза ССР с отметкой о принадлежности к гражданству Республики Казахстан.

                                                           Приложение
 
 
 
                           Перечень
               должностных лиц Республики Казахстан,
               имеющих право на получение служебных
                  паспортов Республики Казахстан
 
      Сноска. Перечень - в редакции постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 13 декабря 1994 г. N 1407.
 
      Представители Президента Республики Казахстан в регионах, помощники руководителей Аппарата Президента, Аппарата Верховного Совета, Управляющего Делами Кабинета Министров, заместителей Премьер-министра, государственных советников, секретарей Совета Безопасности и Национального Совета по государственной политике Республики Казахстан
      Заместители заведующих отделами, заведующие секторами, консультанты, главные эксперты, старшие эксперты и эксперты, старшие референты и референты Аппарата Президента, Аппарата Верховного Совета и Управления Делами Кабинета Министров Республики Казахстан
      Заместители министров, заместители председателей государственных комитетов (комиссий), заместители первых руководителей комитетов (комиссий), главных управлений, агентств, ведомств и объединений при Кабинете Министров Республики Казахстан
      Начальники управлений, отделов и их заместители министерств, государственных комитетов (комиссий), комитетов (комиссий), главных управлений и агентств при Кабинете Министров Республики Казахстан, помощники министров и председателей Государственных комитетов (комиссий) Республики Казахстан
      Руководители и заместители руководителей государственных акционерных и холдинговых компаний, государственных предприятий Республики Казахстан
      Руководители аппарата, заведующие отделами и их заместители Верховного Суда, Конституционного суда, Высшего арбитражного суда Республики Казахстан
      Заместители глав, руководители аппаратов и их заместители, начальники управлений и их заместители, председатели комитетов и их заместители, заведующие отделами и их заместители областных, Алматинского и Ленинского городских администраций Республики Казахстан
      Главы, заместители глав, руководители аппаратов, начальники управлений и их заместители, председатели комитетов и их заместители, заведующие отделами и их заместители городских администраций Республики Казахстан
      Главы, заместители глав районных администраций Республики Казахстан
      Председатели и их заместители, начальники управлений и их заместители, заведующие отделами и их заместители государственных банков Республики Казахстан
      Сотрудники органов внутренних дел, Комитета национальной безопасности, Министерства обороны и военных комиссариатов, имеющие офицерские звания, аттестованные прокурорско-следственные работники Генеральной прокуратуры Республики Казахстан
      Административно-технический персонал посольств, представительств Республики Казахстан в международных организациях, консульских учреждений, торговых представительств Республики Казахстан за рубежом, а также летно-технический персонал Национальной акционерной авиакомпании "Казахстан ауе жолы", авиакомпании "Саяхат", других казахстанских авиакомпаний, привлекаемых для обеспечения международных перелетов государственных и правительственных делегаций.
      Сноска. В абзац двенадцатый внесены изменения - постановлением Правительства РК от 31 октября 1995 г. N 1414.