Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 ақпандағы N 1414 толықтыру мен өзгерту енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 31 қазан N 1414

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорты туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 ақпандағы N 182 P940182_ қаулысымен /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 9, 92-бап/ бекiтiлген Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорты туралы ережеге Қазақстан Республикасының қызмет паспортын алуға құқы бар Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының Тiзбесiне мынадай толықтыру мен өзгерту енгiзiлсiн:
      Он екiншi абзац "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясының сөздерiнен кейiн "Саяхат" авиакомпаниясының, Қазақстанның басқа авиакомпанияларының" сөздерiмен толықтырылсын;
      осы абзацтың жетiншi жолындағы "құрамы" сөзi "құрамдары" сөзiмен ауыстырылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады