ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР КЕН ОРЫНДАРЫН (ЖЕР ҚОЙНАУЛАРЫН), СОНДАЙ-АҚ ТЕХНОГЕНДI КЕН ОРЫНДАРЫН ПАЙДАЛАНУМЕН ШҰҒЫЛДАНАТЫН МЕМЛЕКЕТТIК МЕНШIК ОБЪЕКТIЛЕРIН БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНI БЕКIТУ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 14 наурыз 1994 ж. N 269. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Пайдалы қазбалардың кен орындарын (жер қойнауларын), сондай-ақ техногендi кен орындарын пайдаланумен шұғылданатын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн басқарудың ерекшелiктерi туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 наурыздағы N 269 қаулысымен Бекiтiлген Пайдалы қазбалар кен орындарын (жер қойнауларын), сондай-ақ техногендi кен орындарын пайдаланумен шұғылданатын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн басқарудың ерекшелiктерi туралы Ереже I. Жалпы ережелер
      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және пайдалы қазбаларды қазумен, соның iшiнде жұмысы тоқтатылған мұнай мен газ кен орындарын қайталап пайдаланумен, сондай-ақ баруы қиын аудандардағы ұсақ кенiштердi пайдаланумен байланысты барлық ұйымдық құрылымдар (бұдан әрi текст бойынша - заңды ұйым) мен нақты адамдар бағыныстылығына қарамастан басшылыққа алуға мiндеттi.
      2. Пайдалы қазбаларды қазу жөнiндегi барлық жұмыстарды заңды ұйым мен нақты адам тек кәсiпорынға немесе жеке адамға Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес берiлген кен және жер бөлiнiстерi шегiнде арнаулы рұқсат-лицензиялар бойынша және белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобаларға қатаң түрде сәйкес атқарады. Объектiлердi басқару конкурс негiзiнде контракт жасау жолымен жүзеге асырылады.
      3. Объектiнi басқаруға контракт жасасу үмiткерден объект жөнiндегi белгiлi бiр шарттарды орындау талап етiлген кезде мемлекеттiң иелену, басқару және пайдалану құқығын нақты адам мен заңды ұйымға беруiнiң әдiсi болып табылады.
      Контракт жасасылған нақты адам немесе заңды ұйым мынадай негiзгi талаптарды орындауға:
      өндiрiстiң бағытын, шығарылатын өнiмнiң көлемiн белгiлi бiр деңгейде сақтауға;
      контрактта белгiленген жұмыс орнының санын сақтауға тиiс.
      Әрбiр нақты жағдайда объектiнiң ерекшелiктерiне талаптардың өзгеруi және толықтырылуы мүмкiн.
      4. Конкурс - объектiнi басқаруға қатысушылар арасынан комиссияның пiкiрiнше ең таңдаулы үмiткердi баламалы негiзде iрiктеу тәсiлi.
      5. Конкурстардың жабық және ашық болуы мүмкiн. Ашық конкурстарға тiлек бiлдiрген нақты адамдар мен заңды ұйымдар қатыстырылады. Жабық конкурстарға нақты адамдардың комиссия белгiлеген шектеулi саны шақырылады.
      6. Конкурс процедурасы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 шiлдедегi N 633 қаулысымен бекiтiлген "Кәсiпорынды (объектiнi) басқаруға контракт жасасу жөнiндегi конкурс туралы ережеге" сәйкес жүзеге асырылады.
 
                    II. Бастапқы деректердi әзiрлеу
 
      7. Бiрiншi кезеңде конкурсқа шығарылуға тиiстi объектi таңдап алынады және оның экономикалық, қаржы, технологиялық жайына талдау жасалады. Сонымен бiрге мына мәселелер бойынша егжей-тегжейлi мәлiмет беру қажет:
      Кен орнының кен-геологиялық және кен-техникалық сипаттамасы, кәсiпорынның құрылымы, шығарылатын өнiм, кәсiпорынның жекелеген құрылымдық бөлiктерiнiң пайдалы немесе шығынмен жұмыс iстеуi;
      шығарылатын өнiм номенклатурасы, өнiм Қазақстанда, ТМД-да және алыс шетелде сұраныс таба ма, экспортталатын өнiмнiң экспорт мүмкiндiктерi мен көлемi;
      банк қарызы және басқа кәсiпорындармен өзара берешегi, сот талабының бар-жоғы;
      технологиялық жабдықтар, оның типтiк стандарттарға сәйкестiгi, ескiрген жабдықтың бар-жоғы;
      кенiштердi қайталап пайдалану, шикiзат базасын ұлғайту, үйiндiлердi қайта өңдеу мүмкiндiктерi (бағалау) және мұнай мен газды қосымша шығару үшiн үстеменi үдетудiң қайталама әдiстерiнiң мүмкiндiктерi қандай;
      жөндеу қызметтерiнiң жайы, экологиялық проблемалар;
      кәсiпорын қызметкерлерiн, соның iшiнде басшы буынды даярлау деңгейi;
      өндiрiске жұмсалатын шығын, республика, ТМД елдерi мен алыс шетелдiң нарықтарындағы өнiмнiң бәсекелесу қабiлетi;
      объектiнiң жұмыс iстеуiне ықпал жасайтын, шикiзат сатып алуға бөлiнетiн субсидияның, дотацияның мөлшерi және энергиямен жабдықтауға жасалатын жеңiлдiктер. 8. Кәсiпорынның мүлкi Қазақстан Республикасы Меммүлiккомының 1993 жылғы 29 қазандағы N 3/82 қаулысымен бекiтiлген әдiстемелiк нұсқауларға сәйкес бағаланады. 9. Жұмыс қорытындылары бойынша жұмыс комиссиясы алдын-ала шешiмдер, соның iшiнде: объектiнi қорғау (алдын-ала) мақсатында қайта құру мүмкiндiгi (қажеттiгi); ескiрген активтердi жабу немесе жою; штатты қысқарту; қарыздарды алып тастау немесе оларды акцияларға көшiру; кәсiпорынды құрылымдық жағынан қайта құру; қоғамдық қорларды бөлу;
      қоғамдық қорларға иелiк етудiң орындылығы (жұмысшы асханаларын, бөлшек сауданың iшкi дүкендерiн, демалыс үйлерiн және басқа әлеуметтiк объектiлердi шағын жекешелендiру шеңберiнде аукциондарда сату, ведомстволық тұрғын үйдi жекешелендiру);
      кен орнын қазу үшiн жер учаскесiн белгiленген тәртiппен пайдалану құқығын беру енгiзiлетiн шешiмдер әзiрлейдi.
 
               III. Объектiнi басқаруға контракт жасасу
 
      10. Объектiнi басқаруға жасалған контракт үш дана етiп толтырылады, олардың заңдық күшi бiрдей болады.
      Шығыммен жұмыс iстейтiн, жұмысшыларының саны 5 мыңға дейiнгi акционерлiк қоғамдар үшiн акциялар былайша бөлiнуi мүмкiн: резервтiк қор акцияларының 39 процентiнiң 51 процентi сатып алушыға тегiн, ал акциялардың 49 процентi қаржы қарызының 5 жыл iшiнде өтелуiн ескере отырып номиналдық құны бойынша берiледi.
      Басқа объектiлер үшiн аларманға резервтiк қор акцияларын сатып алуға қатысты бөлiгiнде жеңiлдiктер берiлуi немесе жылдық қызмет нәтижелерi бойынша таза кiрiстен дивидендтер төленуi мүмкiн. Объектi кәсiпорынның немесе ұйымның құрамынан бөлiнiп шыққан жағдайда мүлiк пен технологиялық жабдық актi бойынша берiледi. Комиссияның осы және басқа да шешiмдерi контракттың ерекше шарттарына енгiзiледi.
      11. Мемлекеттiк кәсiпорынды (объектiнi) басқару құқығын қабылдау-беру актiсi контрактiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
      12. Жеңiмпаз контракт жасасудан бас тартқан жағдайда:
      ашық конкурс жағдайында объектiнi басқару құқығын екiншi нәтиже көрсеткен қатысушы алады;
      жабық конкурс жағдайында екiншi нәтиже көрсеткен үмiткер жеңiмпаз деп жарияланады. Екi жағдайда да қорытынды хаттамаға тиiстi өзгертулер енгiзiледi.
 
                    IV. Дауларды шешу
 
      Кәсiпорынды басқару құқығы конкурстық негiзде контракт бойынша берiлген жағдайда пайда болатын дауларды сот қарайды.
 

Об утверждении Положения об особенностях управления объектами государственной собственности, занятыми разработкой месторождений полезных ископаемых (недр), а также техногенных месторождений

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 14 марта 1994 года N 269. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2009 года № 1411

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 19.09.2009 № 1411.

      В целях реализации Национальной программы разгосударствления и приватизации в Республике Казахстан на 1993-1995 годы (II этап) Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      Утвердить прилагаемое Положение об особенностях управления объектами государственной собственности, занятыми разработкой месторождений полезных ископаемых (недр), а также техногенных месторождений.
      Премьер-министр Республики Казахстан
                                                Утверждено
                                   постановлением Кабинета Министров
                                          Республики Казахстан
                                      от 14 марта 1994 г. N 269
 
                             Положение
        об особенностях управления объектами государственной
         собственности, занятыми разработкой месторождений
          полезных ископаемых (недр), а также техногенных
                           месторождений
 
                       I. Общие положения
      1. Настоящее Положение действует на территории Республики Казахстан и обязательно для руководства всеми организационными образованиями (далее по тексту - юридическое лицо) и физическими лицами, независимо от подчиненности, связанными с разработкой полезных ископаемых, в том числе вторичной отработкой, законсервированных месторождений нефти и газа, а также разработкой мелких месторождений в труднодоступных районах.
      2. Все работы по разработке полезных ископаемых производятся юридическим или физическим лицом только по специальным разрешениям-лицензиям в пределах горного и земельного отводов, предоставленных предприятию или физическому лицу в соответствии с существующим законодательством Республики Казахстан и в строгом соответствии с проектами, утвержденными в установленном порядке. Управление объектами осуществляется путем заключения контракта на конкурсной основе.
      3. Заключение контракта на управление объектом является способом передачи государством права владения и пользования физическому и юридическому лицу, когда от претендента требуется выполнение определенных условий по отношению к объекту.
      Физическое или юридическое лицо, с которым заключен контракт, должно выполнить следующие основные требования:
      сохранить профиль производства, объем выпускаемой продукции на установленном уровне;
      сохранить количество рабочих мест, определенное контрактом.
      В каждом конкретном случае в зависимости от особенности объекта требования могут изменяться и дополняться.
      4. Конкурс представляет собой способ выбора на альтернативной основе лучшего с точки зрения комиссии претендента из числа участников на управление объектом.
      5. Конкурсы могут быть закрытыми и открытыми. К участию в открытых конкурсах допускаются изъявившие желание участвовать физические и юридические лица. На закрытые конкурсы приглашается ограниченное число физических лиц, определенное комиссией.
      6. Процедура конкурса осуществляется в соответствии с "Положением о конкурсе по заключению контракта на управление предприятием (объектом)", утвержденным постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 20 июля 1993 г. N 633. P930633_
 
                     II. Подготовка исходных данных
      7. На первом этапе производится выбор и анализ экономического, финансового, технологического состояния объекта, выставляемого на конкурс. При этом необходимо представить подробную информацию по следующим вопросам:
      горно-геологическая и горнотехническая характеристики месторождения, структура предприятия, выпускаемая продукция, прибыльность или убыточность отдельных структурных единиц предприятия;
      номенклатура выпускаемой продукции, имеет ли продукция спрос в Казахстане, СНГ и дальнем зарубежье, экспортные возможности и объем экспортируемой продукции;
      банковские задолженности и взаимозадолженности с другими предприятиями, наличие судебных исков;
      технологическое оборудование, соответствие его типовым стандартам, наличие устаревшего оборудования;
      каковы возможности (оценка) повторной отработки на рудниках, расширения сырьевой базы, переработки отвалов и возможности вторичных методов интенсификации притоков для дополнительной добычи нефти и газа;
      состояние ремонтных служб, экологические проблемы;
      уровень подготовки персонала предприятия, в том числе руководящего звена;
      затраты на производство, конкурентоспособность продукции на рынках республики, стран СНГ и дальнего зарубежья;
      объемы субсидий, дотаций на приобретение сырья и льготы на энергоснабжение, которые могут оказать влияние на жизнеспособность объекта.
      8. Оценка имущества предприятия производится в соответствии с методическими указаниями, утвержденными Госкомимуществом Республики Казахстан от 29 октября 1993 г. N 3/82. 9. По итогам работы рабочая комиссия готовит предварительное решение, в том числе включающее: возможность (необходимость) защитной (предварительной) перестройки объекта; закрытие или ликвидация устаревших активов; сокращение штатов; списание долгов или перевод их в акции; структурные преобразования предприятия;
      целесообразность распоряжения объектами соцкультбыта (продажа рабочих столовых, внутренних магазинов розничной торговли, домов отдыха и других социальных объектов на аукционах в рамках малой приватизации, приватизация ведомственного жилья);
      предоставление права пользования земельным участком в установленном порядке для разработки месторождения.
 
          III. Заключение контракта на управление объектом
      10. Контракт на управление объектом составляется в трех экземплярах, имеющих одинаковую юридическую силу.
      Для убыточных акционерных обществ с численностью работающих менее 5 тыс. человек акции могут распределяться следующим образом: из 39 процентов акций резервного фонда 51 процент передается покупателю безвозмездно, а 49 процентов акций - по номинальной стоимости с учетом погашения финансовых долгов с выплатой в течение 5 лет.
      Для других объектов могут быть даны льготы покупателю в части приобретения акций резервного фонда или выплаты дивидендов от чистых доходов по результатам годовой деятельности. В случае выделения объекта из состава предприятия или организации имущество и технологическое оборудование передаются по акту. Эти и другие решения комиссии вносятся в особые условия контракта.
      11. Акт приема-передачи государством права на управление предприятием (объектом) является составной частью контракта.
      12. В случае отказа победителя от заключения контракта:
      при открытом конкурсе право на управление объекта получает участник, имеющий второй результат;
      при закрытом конкурсе победителем объявляется претендент, имеющий второй результат. В обоих случаях в итоговый протокол вносятся соответствующие изменения.
 
                      IV. Разрешение споров
      Споры, возникающие при передаче права на управление предприятием по контракту на конкурсной основе, рассматриваются судом.