Үкiметаралық комиссияларды қалыптастыруды ретке келтiру мен олардың қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Үкiметаралық комиссияның Қазақстан жағының тең төрағасы мен жауапты хатшысын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтетiн болып белгiленсiн.
2. Үкiметаралық комиссияның Қазақстан жағының тең төрағасына
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң келiсiмi бойынша
комиссияның адам саны мен жеке құрамына өзгерту енгiзу және онда
жұмыс атқару үшiн республиканың мүддесi министрлiктерi мен
ведомстволарының өкiлдерiн тарту құқығы берiлсiн.
3. Үкiметаралық комиссиялардың Қазақстан жағының тең
төрағаларына атқарылған жұмыс жөнiнде Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетiне жарты жылда кемiнде бiр рет ақпарат берiп
отыратын болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi