ҮКIМЕТАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЖАҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫНА ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГIЗУ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 31 наурыз N 307. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 18.01.1995 ж. N 62 қаулысымен.

      Үкiметаралық комиссияларды қалыптастыруды ретке келтiру мен олардың қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Үкiметаралық комиссияның Қазақстан жағының тең төрағасы мен жауапты хатшысын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтетiн болып белгiленсiн.
      2. Үкiметаралық комиссияның Қазақстан жағының тең төрағасына

 

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң келiсiмi бойынша

комиссияның адам саны мен жеке құрамына өзгерту енгiзу және онда

жұмыс атқару үшiн республиканың мүддесi министрлiктерi мен

ведомстволарының өкiлдерiн тарту құқығы берiлсiн.

     3. Үкiметаралық комиссиялардың Қазақстан жағының тең

төрағаларына атқарылған жұмыс жөнiнде Қазақстан Республикасының

Министрлер Кабинетiне жарты жылда кемiнде бiр рет ақпарат берiп

отыратын болсын.

            Қазақстан Республикасының

              Премьер-министрi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады