ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МҰҚТАЖЫНА АРНАЛМАҒАН ОРМАНДЫ (ТОҒАЙЛЫ) ЖЕРЛЕРДI АЛУ БАРЫСЫНДА ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДIРIСIНIҢ ШЫҒЫНДАРЫН ӨТЕУ НОРМАТИВТЕРIН БЕКIТУ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 4 сәуiр N 324. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.03.04. N 299 қаулысымен. ~P970299

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Жер кодексiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының "Шаруа қожалығы туралы" Заңын күшiне енгiзу туралы" 1993 жылғы 8 сәуiрдегi N 2092а-ХII қаулысына сәйкес, орман қорларының жерлерiн алу барысында орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылардың залалдары мен шығындарын толық көлемiнде өтеу, сондай-ақ ормандарды, орман шаруашылығы өндiрiсiнiң қажеттi көлемi мен ормандылықтың нормативтi деңгейiн сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған орман қорларының жерлерiн алу барысында орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылардың залалдарын, сондай-ақ орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу тәртiбi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылық алаптарын алу барысында жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылардың, жалгерлердiң шығындарын және ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң залалдарын өтеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 978 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 40, 470-бап) бекiтiлген ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылық алаптарын алу барысында жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылардың, жалгерлердiң залалдарын және ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң шығындарын өтеу тәртiбi туралы Ережемен анықталатын болып белгiленсiн.
      2. Орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған орманды (тоғайлы) жерлердi алу барысында орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу Нормативтерi N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      Орман қорының орманды емес (тоғайсыз) жерлерiн алу барысында орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылық алаптарының орнына алынатын жаңа жерлердi игеру құнының Нормативтерi бойынша (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 978 қаулысына N 1 қосымша) жүргiзiледi.
      3. Қазақстан Республикасы Экология және биологиялық ресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетiне бағаны тоқсан сайын индекстеу жөнiндегi мемлекеттiк статистика деректерi негiзiнде қажеттiлiкке орай бекiтiлген нормативтердi анықтау құқы берiлсiн.
      4. Орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған алынған орманды (тоғайлы) жерлердiң қорғаныштық категорияға жатқызылуына қарай орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерiне N 2 қосымшаға сәйкес коэффициенттер белгiленсiн.
      5. Орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған орманды жерлер (ауыл шаруашылығына пайдаланылатынын қоспағанда) уақытша пайдалануға немесе жалға берiлген жағдайда орман шаруашылығы өндiрiсi шығынының мөлшерi шығындарды өтеу нормативтерiне процентпен есептеледi.
      Бұл орайда 3 жылға дейiнгi уақытша пайдаланған немесе 10 жылға дейiн жалға алынған әр жыл үшiн белгiленген нормативтiң 5 процентi қоса алынады. 11 жылдан 20 жылға дейiнгi жалға алған жылдардың әр жылы үшiн 2 процент, 21 жылдан және одан арғы жылдар үшiн 1 процент алынады.
      6. Орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеуге арналған қаржы тиiсiнше Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнде және оның облыстық басқармаларында ашылатын Қазақстан Республикасы Экология және биологиялық ресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетiнiң арнаулы шотына 20 процент мөлшерiнде және орман шаруашылығы басқармасы облыстық органдарының арнаулы шотына 80 процент мөлшерiнде аударылады.
      7. Орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған орман қорының жерлерiн алу немесе оларды уақытша ала тұру барысында орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығынын өтеуге арналған қаржы пайдаланылатын жұмыстар түрiнiң тiзбесi N 3 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      8. Орманды жерлердi қорықтар, заказниктер, мемориалдық, ұлттық, зоологиялық және дендрологиялық парктер; ботаникалық бақтар, сорт сынау учаскелерi; орман шаруашылығы, ауыл шаруашылығы және биологиялық саладағы ғылыми-зерттеу, оқу орындарының тәжiрибелiк алаңдары; жемiс және орман питомниктерi; тұрақты ағаш көшеттерiнiң плантациялары мен учаскелерi үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 978 қаулысымен

бекiтiлген ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылық
алаптарын алу барысында жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылардың,
жалгерлердiң шығындарын және ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң залалдарын
өтеу тәртiбi туралы Ереженiң 29-тармағында көзделген жағдайда алу 
барысындағы орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындары өтелмейдi.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 4 сәуiрдегi
                                           N 324 қаулысына
                                            N 1 қосымша
            Орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған орманды
           (тоғайлы) жерлердi алу барысында орман шаруашылығы 
                     өндiрiсiнiң шығындарын өтеу
                             НОРМАТИВТЕРI
----------------------------------------------------------------------
Рет  !      Орман түрлерiнiң топтары              ! Орман шаруашылығы
саны !                                            ! өндiрiсi 
     !                                            ! шығындарының 
     !                                            ! мөлшерi, теңге/га
----------------------------------------------------------------------
  1  !                   2                        !        3
----------------------------------------------------------------------
  1. Ақ сексеуiлдi және қара сексеуiлдi                    1066,4
  2. Тянь-Шань ормандарындағы құрғақ байырғы               2012,2
     қайыңдықтар;
     Тянь-Шань құрғақ байырғы көктеректерi:
     Ұзына бойы созылған қарағайлардың құрғақ өндiрiстiк
     көктеректi тоғайлары
  3. Шөлейт аймақтардағы су жайылмалы ормандары;           2628,4
     Аралдардағы қарағайлардың құрғақ өндiрiстiк 
     көктеректi тоғайлары
  4. Ылғалды шоқ қайыңдықтар, ойпаң жердегi қайыңдықтар    3293,6
  5. Қазақтың шағын адырлы аса құрғақ қарағайлы            4056
     ормандары;
     жас және дымқыл шоқ ағашты көктеректi тоғайлар
  6. Дымқыл шоқ ағашты қайыңдықтар                         4711,2
  7. Қазақ Алтайындағы қалың шөптi және қырыққұлақты       5431,8
     өндiрiстiк көктеректi тоғайлар;
     Қалба тауындағы аса құрғақ қарағайлар;
     жартылай шөлейт аймақтардың су жайылмалы ормандары
  8. Ұзына бойы созылған қарағайлардың жас байырғы,        6193
     жас және ылғалды көктеректi тоғайлары
  9. Аралды қарағайлы тоғайлардың ылғалды байырғы,         6974,2
     жас, ылғалды қайыңдықтары;
     Таудағы бұталы өндiрiстiк көктеректi тоғайлар;
     Қалба тауының құрғақ қарағайлары
 10. Тянь-Шаньның таулық байырғы, түрлi шөптiастық         7901,4
     тұқымдас қайыңдықтары;
     Қазақтың шағын адырлы жерлерiндегi құрғақ
     қарағайлар
 11. Қазақтың шағын адырлы жерлерiндегi шоқ ағашты         9156,6
     жас және ылғалды, уақытша өсiрiлген қайыңдықтар
     мен байырғы ылғалды қайыңдықтар, ұзына бойы созылған 
     қарағайлы тоғайлардың ылғалды және жас қайындықтары;
     ұзына бойы созылған қарағайлы тоғайлардың аса құрғақ
     қарағайлары;
     құрғақ мүктi және аршалы балқарағайлар
 12. Қазақтың шағын адырлы және аралдардағы қарағайлы      10445,4
     тоғайларындағы ылғалды шоқ ағашты көктеректi тоғайлар
     мен уақытша өсiрiлген ылғалды көктеректi тоғайлар;
     аралдардағы қарағайлы тоғайлардың аса құрғақ 
     қарағайлары;
     субальпiлiк көк, қарақоңыр-қылқан жапырақты ормандар,
     бұталы майқарағайлар
 13. Тянь-Шаньның құрғақ шыршалары және тастағы            11622,2
     мүктi-шөптi шыршалар;
     ұзына бойы созылған қарағайлы тоғайлардың құрғақ
     қарағайлары
 14. Қазақтың шағын адырлы жерлерiнiң және Баян-Қарқаралы  12930,2
     тауларының жас және ылғалды қарағайлары;
     Қалба тауларының жас қарағайлары
 15. Ұзына бойы созылған қарағайлы тоғайлардың су          14449
     жайылмалы ормандары;
     аралдардағы қарағайлы тоғайлардың құрғақ қарағайлары
 16. Түрлi шөптi-астық тұқымдас, тобылғылы, жас және       15932,8
     ылғалды балқарағайлар;
     жас және ылғалды қайыңдықтар;
     ұзына бойы созылған қарағайлы тоғайлардың жас және
     ылғалды қарағайлары
 17. Көк және жас қарақоңыр-қылқан жапырақты қалың шөптi,  17577
     қырыққұлақты және таулы алаптағы майқарағайлар
 18. Солтүстiк Тянь-Шаньның түрлi шөптi-астық тұқымдас,    19275,4
     шетендi-талды, мүктi-шөптi жас және ылғалды
     шыршалы ормандары
 19. Аралдардағы қарағайлы тоғайлардың жас және ылғалды    21528,4
     қарағайлары
----------------------------------------------------------------------


                                       Қазақстан Республикасы      

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 сәуiрдегi N 324 қаулысына N 2 қосымша

            Орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған
   алынған орманды (тоғайлы) жерлердiң қорғаныштық категорияларына
         жатқызылуына қарай орман шаруашылығы өндiрiсiнiң 
                  шығындарын өтеу нормативтерiнiң
                             КОЭФФИЦИЕНТI
----------------------------------------------------------------------
        Орманды (тоғайлы) жерлер қорғаныштық           ! Коэффициентi
            категорияларының атауы                    !  
----------------------------------------------------------------------
                     1                                 !      2
----------------------------------------------------------------------
Далалық шоқ ағаш және бұйратты орман                          2

Айналадағы ортаны қорғау үшiн маңызы бар шөл,                 3
шөлейт, далалық, далалық-орманды және аз орманды
таулы аудандардағы ормандар

Қалалардың, басқада елдi мекендер мен өнеркәсiп               3
орындарының (орман шаруашылығы бөлiгi) маңындағы
жасыл аймақтар орманы

Курорттардың санитарлық қорғау округтерi үшiншi аймағының     3
орманы

Ұзына бойы созылған қарағайлы тоғай                           3

Эрозияға қарсы орман                                          4

Республикалық және облыстық мақсаттағы темiр жолдардың,       4
автомобиль жолдарының жағасындағы ормандардың қорғаныштық
алқабы

Мемлекеттiк қорғаныштық орман алқабы                          4

Субальпiлiк орман                                             4

Қалалардың, басқа да елдi мекендер мен өнеркәсiп              5
орындарының (орман-парк бөлiгi) маңындағы жасыл аймақтар
орманы

Қала орманы мен орман-парк                                    5

Өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да тоғандардың        5
жағалауындағы ормандардың тыйым салынған алқабы

Сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтары        5
бiрiншi, екiншi белдеулерiнiң орманы

Курорттардың санитарлық қорғау округтары бiрiншi, екiншi      5
аймақтарының орманы

Аса бағалы орман массивтерi                                   5

Жаңғақ кәсiпшiлiгi аймағы мен жемiс ағаш көшеттерiнiң        5
орманы

Ғылыми мәнi бар ормандар                                      5

Ұлттық парктер (қорықтық режимi бар жер учаскелерiнсiз)       5

     Ескерту:


      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 978 (3 тармақ) және 1994 жылғы (4 тармақ, N 2 қосымша) қаулыларында белгiленген орман қорының жерлерiн алу шарты қойылған кезде осы қаулылардың аталған тармақтарында белгiленген коэффициенттер дәйектi түрде қолданылады.
      2. Қорықтық, дендрологиялық және зоологиялық парктердiң, ботаникалық бақшалардың, табиғат ескерткiштерiнiң жерлерi; қорықтық режимi бар ұлттық парктердiң жер учаскелерi; жемiс және орман питомниктерi бар, сондай-ақ селекциялық-генетикалық мәнi, өсiмдiктердiң бiрегей немесе сирек кездесетiн түрлерi бар көшеттер мен орман дақылдары, тұрақты ағаш көшеттерiнiң плантациялары бар жер учаскелерi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 3 шiлдедегi N 1515-XII қаулысымен мемлекеттiң және қоғамның мұқтажы үшiн алуға жатпайтын ерекше құнды жерлердiң, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи және тарихи-мәдени объектiлерi бар жерлердiң Тiзбесiне енгiзiлген.
                                       Қазақстан Республикасы      

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 сәуiрдегi N 324 қаулысына N 3 қосымша

             Орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған
     орман қорының жерлерiн алу немесе оларды уақытша ала тұру
     барысында шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеуге арналған
                 қаржы пайдаланылатын жұмыс түрлерiнiң
                              ТIЗБЕСI
      1. Қолайсыз жерлер есебiнен (жыра-сайлар, орлар, құмдақтар, сортаңдар және басқалар) орманды алқап үшiн жаңа жерлердi игеру, игерiлетiн жерлердi жақсарту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу.
      2. Игерiлетiн учаскелерге жол салу.
      3. Суландыру жүйелерiн салу мен жаңғырту, топырақты әктеу, гипстеу, сортаң-тұзды жерлердi шаю, құрғату және басқа мелиорациялық жұмыстар.
      4. Эрозияға ұшыраған жерлерде қорғаныштық орман көшеттерiн отырғызу, сондай-ақ эрозияға қарсы басқа да шаралар.
      5. Қорғаныштық және санитарлық-гигиеналық қызмет атқаратын судан қорғайтын көшеттер мен ағаштар отырғызу.
      6. Жасыл аймақтар жасау және рекреациялық ағаштарды көркейту.
      7. Орманды жерлердiң өнiмдiлiгiн арттыру, көшеттердiң тұқымдық құрамын жақсарту, олардың орман құрайтын тұқымдарының селекциялық-тұқымдық шаруашылық базасын дамыту.
      8. Ормандардың өртке қарсы жайын жақсарту және оларды қорғаудың тиiмдiлiгiн арттыру.
      9. Ормандардың өнiмдiлiгiн және олардың қорғаныштық қасиеттерiн арттыруға байланысты ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру жұмыстары.

Об утверждении нормативов возмещения потерь лесохозяйственного производства при изъятии лесных (покрытых лесом) земель для несельскохозяйственных нужд

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 апреля 1994 года N 324. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 4 марта 1997 г. N 299 ~P970299

      В соответствии с постановлением Верховного Совета Республики Казахстан от 8 апреля 1993 г. N 2092-ХП "О введении в действие Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Земельный кодекс Республики Казахстан и Закон Республики Казахстан "О крестьянском хозяйстве", в целях возмещения в полном объеме убытков и потерь лесовладельцам и лесопользователям при изъятии земель лесного фонда, а также сохранения лесов, необходимых объемов лесохозяйственного производства и нормативного уровня лесистости Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Установить, что порядок возмещения убытков лесовладельцам и лесопользователям при изъятии земель лесного фонда для нелесохозяйственных нужд, а также потерь лесохозяйственного производства определяется Положением о порядке возмещения убытков землевладельцам, землепользователям, арендаторам и потерь сельскохозяйственного производства при изъятии сельскохозяйственных угодий для несельскохозяйственных нужд, утвержденным постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 30 сентября 1993 г. N 978 P930978_ "Об утверждении Положения о порядке возмещения убытков землевладельцам, землепользователям, арендаторам и потерь сельскохозяйственного производства при изъятии сельскохозяйственных угодий для несельскохозяйственных нужд" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 40, ст. 470).
      2. Утвердить Нормативы возмещения потерь лесохозяйственного производства при изъятии лесных (покрытых лесом) земель для нелесохозяйственных нужд согласно приложению N 1.
      Возмещение потерь лесохозяйственного производства при изъятии нелесных (непокрытых лесом) земель лесного фонда производится по Нормативам стоимости освоения новых земель взамен изымаемых сельскохозяйственных угодий для несельскохозяйственных нужд (приложение N 1 к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 30 сентября 1993 г. N 978).
      3. Предоставить право Комитету лесного хозяйства Министерства экологии и биоресурсов Республики Казахстан уточнять по мере необходимости утвержденные нормативы на основании данных государственной статистики о поквартальной индексации цен.
      4. Установить коэффициенты к нормативам возмещения потерь лесохозяйственного производства в зависимости от отнесения к категории защитности изымаемых лесных (покрытых лесом) земель для нелесохозяйственных нужд согласно приложению N 2.
      5. В случаях предоставления лесных земель для нелесохозяйственных нужд (исключая сельскохозяйственное использование) во временное пользование или аренду размер потерь лесохозяйственного производства исчисляется в процентах к нормативам возмещения потерь.
      При этом за каждый год временного пользования до 3 лет или аренды до 10 лет включительно взимается 5 процентов установленного норматива. За последующие годы аренды от 11 до 20 лет за каждый год взимается 2 процента, от 21 и более лет - 1 процент.
      6. Средства, предназначенные для возмещения потерь лесохозяйственного производства, перечисляются на специальный счет Комитета лесного хозяйства Министерства экологии и биоресурсов Республики Казахстан в размере 20 процентов и на специальные счета областных органов управления лесным хозяйством в размере 80 процентов, открываемые соответственно в Национальном банке Республики Казахстан и его областных управлениях.
      7. Утвердить перечень видов работ, на которые могут использоваться средства, предназначенные для возмещения потерь лесохозяйственного производства при изъятии земель лесного фонда для несельскохозяйственных нужд либо при их временном занятии, согласно приложению N 3.
      8. Потери лесохозяйственного производства не возмещаются при изъятии лесных земель под заповедники, заказники, мемориальные, национальные, зоологические и дендрологические парки; ботанические сады, сортоиспытательные участки; опытные поля научно-исследовательских и учебных заведений лесохозяйственного, сельскохозяйственного и биологического профиля; плодо- и лесопитомники; постоянные лесосеменные плантации и участки, а также в случаях, предусмотренных пунктом 29 Положения о порядке возмещения убытков землевладельцам, землепользователям, арендаторам и потерь сельскохозяйственного производства при изъятии сельскохозяйственных угодий для несельскохозяйственных нужд, утвержденного постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 30 сентября 1993 г. N 978.
      Премьер-министр Республики Казахстан
                                              Приложение N 1

к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 апреля 1994 года N 324

                     Нормативы
  возмещения потерь лесохозяйственного производства
       при изъятии лесных (покрытых лесом) земель
            для нелесохозяйственных нужд
______________________________________________________________________
NN!                                          !Размер потерь
пп!     Группы типов леса                    !лесохозяйственного
  !                                          !производства, тенге/га     
 _____________________________________________________________________
1 !               2                          !    3
______________________________________________________________________
1. Белосаксаульники и черносаксаульники           1066,4
2. Березняки сухие коренные лесов Тянь-Шаня;      2012,2
   осинники сухие коренные Тянь-Шаня;
   сухие производственные осинники ленточных боров
3. Пойменные леса пустынной зоны;                 2628,4
   сухие производные осинники островных боров
4. Мокрые колочные березняки, березняки согровые  3293,6
5. Очень сухие сосняки Казахского мелкосопочника; 4056
   свежие и сырые колочные осинники
6. Сырые колочные березняки                       4711,2
7. Осинники широкотравные и папоротниковые
   производные Казахского Алтая;                  5431,8
   очень сухие сосняки Калбинских гор;
   пойменные леса полупустынной зоны
8. Свежие коренные, свежие и влажные осинники     6193
   ленточных боров
9. Влажные коренные, свежие и влажные березняки   6974,2
   островных боров;                               
   осинники горные кустарниковые производные;
   сухие сосняки Калбинских гор
10. Березняки горные коренные, разнотравно-злаковые
    Тянь-Шаня;                                    7901,4
    сухие сосняки Казахского мелкосопочника
11. Березняки колочные свежие и влажные, временные
    и коренные влажные березняки Казахского
    мелкосопочника, влажные и свежие березняки     9156,6
    ленточных боров;
    очень сухие сосняки ленточных боров;
    лиственничники сухие моховые и можжевельниковые
12. Влажные колочные осинники, временные влажные
    осинники Казахского мелкосопочника и островных
    боров;                                         10445,4
    очень сухие сосняки островных боров;
    субальпийские сырые темнохвойные леса, пихтачи
    кустарниковые
13. Сухие ельники и ельники каменистые моховотравяные 11622,2
    Тянь-Шаня;
    сухие сосняки ленточных боров
14. Свежие и влажные сосняки Казахского мелкосопочника 12930,2
    и Баян-Каркаралинских гор;
    свежие сосняки Калбинских гор
15. Пойменные леса ленточных боров;                    14449
    сухие сосняки островных боров
16. Лиственничники злаково-разнотравные, спирейные,    15932,8
    свежие и влажные;
    березняки свежие и влажные;
    свежие и влажные сосняки ленточных боров
17. Сырые свежие темнохвойные, пихтачи широкотравные,
    папоротниковые и горно-долинные                    17577
18. Свежие и влажные ельники злаково-разнотравные,
    рябиново-ивовые, мохово-травяные Северного 
    Тянь-Шаня                                          19275,4
19. Свежие и влажные сосняки островных боров           21528,4


                                        Приложение N 2

к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 апреля 1994 г. N 324


                         К о э ф ф и ц и е н т ы

         к нормативам возмещения потерь лесохозяйственного
        производства в зависимости от отнесения к категории
           защитности изымаемых лесных (покрытых лесом)
                земель для нелесохозяйственных нужд
______________________________________________________________________
 Наименование категории защитности лесных       !  Коэффициенты
        (покрытых лесом) земель                 !
______________________________________________________________________
                  1                             !      2
______________________________________________________________________
Степные колки и байрачные леса                         2

Леса в пустынных, полупустынных, степных,
лесостепных и малолесных горных районах,
имеющие важное значение для защиты окружающей среды    3

Леса зеленых зон вокруг городов, других населенных
пунктов и промышленных предприятий 
(лесохозяйственная часть)                              3

Леса третьей зоны округов санитарной охраны
курортов                                               3

Ленточные боры                                         3

Противоэрозионные леса                                 4

Защитные полосы вдоль железных дорог, автомобильных
дорог республиканского и областного значения           4

Государственные защитные лесные полосы                 4

Субальпийские леса                                     4

Леса зеленых зон вокруг городов, других населенных
пунктов и промышленных предприятий (лесопарковая
часть)                                                 5

Городские леса и лесопарки                             5

Запретные полосы лесов по берегам рек, озер,
водохранилищ и других водоемов                         5

Леса первого и второго поясов зон санитарной охраны
источников водоснабжения                               5

Леса первой и второй зон округов санитарной
охраны курортов                                        5

Особо ценные лесные массивы                            5

Леса орехопромысловых зон и лесоплодовые
насаждения                                             5

Леса, имеющие научное значение                         5

Национальные парки (без земельных участков с
заповедным режимом )                                   5
     Примечания:


      1. При наложении условий изъятия земель лесного фонда, определенных постановлениями Кабинета Министров Республики Казахстан от 30 сентября 1993 г. N 978 (пункт 3) и от 4 апреля 1994 г. (пункт 4, приложение N 2), коэффициенты, установленные названными пунктами указанных постановлений, применяются последовательно.
      2. Земли заповедников, дендрологических и зоологических парков, ботанических садов, памятников природы; земельные участки национальных парков с заповедным режимом; земельные участки, занятые плодо- и лесопитомниками, а также насаждениями и лесными культурами, имеющими селекционно-генетическое значение, реликтовыми или эндемичными видами растений, постоянными лесосеменными плантациями, постановлением Верховного Совета Республики Казахстан от 3 июля 1992 г. N 1515-ХП включены в Перечень особо ценных земель, а также земель, занятых особо охраняемыми природными и историко-культурными объектами, не подлежащих изъятию для государственных и общественных нужд.
                                     Приложение N 3

к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 апреля 1994 г. N 324


                          П е р е ч е н ь
          видов работ, на которые могут использоваться
        средства, предназначенные для возмещения потерь
       лесохозяйственного производства при изъятии земель
         лесного фонда для нелесохозяйственных нужд либо
                    при их временном занятии

      1. Освоение новых земель под лесные угодья за счет неудобных земель (оврагов, балок, песков, солонцов и прочих), проведение работ по окультуриванию осваиваемых земель.
      2. Строительство дорог к осваиваемым участкам.
      3. Строительство и реконструкция оросительных систем, известкование, гипсование почв, промывка засоленных земель, осушение и другие мелиоративные работы.
      4. Создание защитных лесных насаждений на землях, подверженных эрозии, а также другие противоэрозионные мероприятия.
      5. Закладка водоохранных насаждений и лесов, выполняющих защитные и санитарно-гигиенические функции.
      6. Закладка зеленых зон и благоустройство рекреационных лесов.
      7. Повышение продуктивности лесных земель, улучшение породного состава насаждений, развитие селекционно-семеноводческой базы лесообразующих пород.
      8. Улучшение противопожарного состояния лесов и повышение эффективности их охраны.
      9. Научно-исследовательские и проектно-изыскательские работы, связанные с повышением продуктивности лесов и их защитных свойств.