1. "Маңғыстаумұнайгаз" өндiрiс бiрлестiгi мен "Куэст Петролеум Қазақстан ГмбХ" австрия фирмасы арасындағы ұңғымаларда жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу мен озық технологияларды енгiзу есебiнен Жетiбай кен орнында көмiр сутегiн өндiрудi жеделдету жөнiнен "Жетiбай-Куэст" бiрлескен кәсiпорнын құру туралы шарт мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, Маңғыстау облысының әкiмi жасасылған шарт шеңберiнде "Жетiбай-Куэст" бiрлескен кәсiпорнын белгiленген тәртiппен барлық қажеттi лицензиялармен және рұқсаттармен қамтамасыз етсiн, сондай-ақ бiрлескен кәсiпорын қызметiнiң ұйымдық мәселелерiн шешу кезiнде көмек көрсететiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Маңғыстау облысы Ералиев ауданының әкiмшiлiгi "Жетiбай-Куэст" бiрлескен кәсiпорнын белгiленген тәртiппен тiркейтiн болсын.
4. "Жетiбай-Куэст" бiрлескен кәсiпорнының жұмысты орындау барысын бақылауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Энергетика және отын қорлары министрлiгiне тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi