"ЖЕТIБАЙ-КУЭСТ" БIРЛЕСКЕН КӘСIПОРНЫ ТУРАЛЫ

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 18 сәуiр 1994 ж. N 399

      Жетiбай кен орнында мұнай өндiру деңгейiн сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Маңғыстаумұнайгаз" өндiрiс бiрлестiгi мен "Куэст Петролеум Қазақстан ГмбХ" австрия фирмасы арасындағы ұңғымаларда жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу мен озық технологияларды енгiзу есебiнен Жетiбай кен орнында көмiр сутегiн өндiрудi жеделдету жөнiнен "Жетiбай-Куэст" бiрлескен кәсiпорнын құру туралы шарт мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, Маңғыстау облысының әкiмi жасасылған шарт шеңберiнде "Жетiбай-Куэст" бiрлескен кәсiпорнын белгiленген тәртiппен барлық қажеттi лицензиялармен және рұқсаттармен қамтамасыз етсiн, сондай-ақ бiрлескен кәсiпорын қызметiнiң ұйымдық мәселелерiн шешу кезiнде көмек көрсететiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Маңғыстау облысы Ералиев ауданының әкiмшiлiгi "Жетiбай-Куэст" бiрлескен кәсiпорнын белгiленген тәртiппен тiркейтiн болсын.
      4. "Жетiбай-Куэст" бiрлескен кәсiпорнының жұмысты орындау барысын бақылауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Энергетика және отын қорлары министрлiгiне тапсырылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады