"ҚАЗАҚ РАДИОТЕХНИКА ЗАУЫТЫ" АКЦИОНЕРЛIК ҚОҒАМЫ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 28 сәуiр N 446. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.10.02. N 1208 қаулысымен.

      "Қазақ радиотехника зауыты" акционерлiк қоғамының негiзгi қызметiн халық тұтынатын тауарларды топтамалап өндiруге бағдарлау, радиоэлектроника аппаратурасы мен тұрмыстық техниканы жаппай шығаруды ұйымдастыруға шет ел инвесторларын тартуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазақ радиотехника зауыты" акционерлiк қоғамы "Қорғау" Ұлттық акционерлiк компаниясының құрамына енгiзiлсiн.
      2. "Қорға" Ұлттық акционерлiк компаниясына "Қазақ радиотехника зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығы табысталсын. Бұл орайда акциялардың мемлекеттiк пакетiне өкiмшiлiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнде қалдырылады.
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника мен байланыс жөнiндегi ұлттық орталығының қызметiн қамтамасыз ету шаралары туралы" 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 8 қаулысының 7 және 15 тармақтарының ("Қазақ радиотехника зауыты" акционерлiк қоғамы жөнiнен) күшi жойылған деп танылсын.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi

Об акционерном обществе "Казахский радиотехнический завод"

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 28 апреля 1994 года N 446. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 2 октября 1996 г. N 1208 ~P961208

      В целях направления основной деятельности акционерного общества "Казахский радиотехнический завод" на серийное производство товаров народного потребления, обеспечения привлечения иностранных инвесторов для организации массового выпуска радиоэлектронной аппаратуры и бытовой техники Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Ввести акционерное общество "Казахский радиотехнический завод" в состав Национальной акционерной компании "Коргау".
      2. Делегировать Национальной акционерной компании "Коргау" права владения, пользования и управления государственным пакетом акций акционерного общества "Казахский радиотехнический завод". При этом право распоряжения государственным пакетом акций остается за Государственным комитетом Республики Казахстан по государственному имуществу.
      3. Признать утратившими силу пункты 7 и 15 (в части акционерного общества "Казахский радиотехнический завод") постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 января 1994 г. N 8 "О мерах по обеспечению деятельности Национального центра по радиоэлектронике и связи Республики Казахстан".
      Премьер-министр Республики Казахстан