"ҚАЗАҚ РАДИОТЕХНИКА ЗАУЫТЫ" АКЦИОНЕРЛIК ҚОҒАМЫ ТУРАЛЫ
Күшін жойғанҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 28 сәуiр N 446. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.10.02. N 1208 қаулысымен.
1. "Қазақ радиотехника зауыты" акционерлiк қоғамы "Қорғау" Ұлттық акционерлiк компаниясының құрамына енгiзiлсiн.
2. "Қорға" Ұлттық акционерлiк компаниясына "Қазақ радиотехника зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығы табысталсын. Бұл орайда акциялардың мемлекеттiк пакетiне өкiмшiлiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнде қалдырылады.
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника мен байланыс жөнiндегi ұлттық орталығының қызметiн қамтамасыз ету шаралары туралы" 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 8 қаулысының 7 және 15 тармақтарының ("Қазақ радиотехника зауыты" акционерлiк қоғамы жөнiнен) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз