"ПРИБОР-АЛМАТРОНИКС" ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БIРЛЕСТIГIНIҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҒЫЛЫМҒА СҮЙЕНЕТIН ӨНДIРIСТЕРДI ДАМЫТУ ЖӨНIНДЕГI ҚЫЗМЕТIН ҚОЛДАУ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 3 мамыр 1994 ж. N 468

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiнiң Қазақстан Республикасында ғылымға сүйенетiн өндiрiстердi дамыту жөнiндегi ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi республиканың мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесiп, "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiнiң нақты жобаларын қарастырсын және оларды Экономиканы өзгерту қорының, Ғылым қорының қаржысынан, сондай-ақ валюталық кредит жүйесiн ашу есебiнен қаржыландыру мүмкiндiгiн iздестiретiн болсын. <*>
      Ескерту. 2-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРМК-нiң
               1995.06.09. N 809 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен, республиканың мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесiп "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiн тиiстi ұлттық мемлекеттiк және республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламалардың тапсырмаларын жүзеге асыруға қатыстыру мүмкiндiгiн қарастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Еңбек министрлiгi, Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Алматы облысы мен қаласының әкiмдерi "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiнiң Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Шағын бизнес орталықтарын құру тәртiбi туралы" 1993 жылғы 15 қыркүйектегi N 884 P930884_ қаулысына сәйкес ғылымға сүйенетiн шағын бизнес орталықтарын құру жөнiндегi ұсынысын қарап, оларды экологиялық таза аймақтарда жер учаскелерiмен, өндiрiстiк үй-жайлармен және материалдық ресурстармен қамтамасыз етуде жәрдем көрсететiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiне оның балансындағы зертханалық-өндiрiстiк үйлердi жеңiлдiктi шарттар негiзiнде жалға беру туралы мәселенi белгiленген тәртiппен шешетiн болсын.
      6. Алматы қаласының әкiмiне "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгi мен оның құратын ғылымға сүйенетiн шағын бизнес орталықтарын 1996 жылға дейiн олардың қалыптасу кезеңiне қаланың электрмен және жылумен жабдықталуын дамытуға үлес қосып қатысу қаржысын төлеуден босату ұсынылсын.
      7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Бiлiм министрлiгi жыл сайын "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiнiң кемiнде 5 жас қызметкерiн шет елдердiң жетекшi оқу және ғылыми орталықтарында оқуға және тәжiрибеден өтуге жiберудi көздейтiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


О поддержке деятельности научно-технического объединения "Прибор-Алматроникс" по развитию наукоемких производств в Республике Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 3 мая 1994 г. N 468

      Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Одобрить предложения научно-технического объединения "Прибор-Алматроникс" по развитию наукоемких производств в Республике Казахстан.
      2. Министерству экономики, Министерству науки и новых технологий Республики Казахстан совместно с заинтересованными министерствами и ведомствами республики рассмотреть конкретные проекты научно-технического объединения "Прибор-Алматроникс" и изыскать возможности их финансирования из средств Фонда преобразования экономики, Фонда науки, а также за счет открытия валютной кредитной линии.<*>
      Сноска. Из пункта 2 исключены слова - постановлением КМ РК от 9 июня 1995 г. N 809.
      3.-7. (Пункты 3-7 утратили силу - постановлением Правительства РК от 29 сентября 2005 г. N 964  )

      
             Премьер-министр
         Республики Казахстан