КӨМIР ӨНЕРКӘСIБI КӘСIПОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖӨНIНДЕГI ҚОСЫМША ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ 1994 жылғы 5 мамырдағы N 482 ҚАУЛЫСЫ. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Көмiр өнеркәсiбiнiң қаржы-экономикалық жағдайын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1994 жылғы 1 мамырдан бастап көмiр өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары көмiрдi өндiрiс шығындарына қарай анықталатын еркiн (уағдаластық) баға бойынша сатуды жүзеге асырсын.
      Көмiрдiң еркiн бағасы жөнелткен франко-стансаның шарттары негiзiнде анықталады деп белгiленсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.03.05. N 280 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      көмiр өндiрушi бiрлестiктер мен шахта құрылысы комбинаттарына 1994 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша бюджетке төлемдердiң барлық түрiнiң, айлықақыдан алынатын табыс салығынан және жергiлiктi бюджетке аударымнан басқа, мерзiмiн 1994 жылғы 1 қазанға дейiн кейiнге қалдырсын;
      "Қарағандыкөмiр" өндiрiс бiрлестiгi 1994 жылғы ақпанда 150 млн. теңге мөлшерiнде және "Екiбастұзкөмiр" өндiрiс бiрлестiгi 1994 жылы желтоқсанда және 1994 жылғы ақпанда 50 млн. теңге мөлшерiнде алған несиесiн өтеу мерзiмiн 1994 жылғы 1 қыркүйекке дейiн ұзартсын;
      1994 жылғы 16 наурызда "Қарағандыкөмiр" өндiрiс бiрлестiгiнiң "Ақтас" шахтасындағы аварияны жою кезiнде қаза тапқан әскерилендiрiлген тау-кен құтқару бөлiмi жауынгерлерiнiң отбасыларына материалдық көмек көрсету үшiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резерв қорынан 8 млн. теңге мөлшерiнде қаражат бөлсiн;
      көмiрдiң экспортына салынатын салық және валюта қаржысының бiр бөлiгi мiндеттi түрде сату мерзiмiн ұзарту туралы республика Заңының жобасын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
      3. Қарағанды облысы әкiмiнiң, "Қарағандыкөмiр" өндiрiс бiрлестiгi және Көмiршiлер кәсiподағы орталық комитетiнiң 1994 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша осы бiрлестiктiң құрамына кiретiн "Қарағандыкөмiр" өндiрiс бiрлестiгiнiң кәсiпорындары мен құрылымдық бөлiмшелердiң негiзiнде "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы ұсынысы құпталсын.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiмде "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясын белгiленген тәртiп бойынша құратын болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi, "Қарағандыкөмiр" және "Екiбастұзкөмiр" өндiрiс бiрлестiктерi 1994-2000 жылдары көмiр өндiру мен оны ұқсатудың өзiндiк құны жөнiндегi шығынды азайту бағдарламасын бiр ай мерзiмде әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң келiсуi бойынша бекiтсiн, сондай-ақ 1994-1995 жылдары объектiлердi салу бағдарламасы мен көмiр өндiруге және оны ұқсатуға байланысты емес өзге де қаржы шығындарын қайта қарасын.
      5. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi инспекторлық құрамға арналған қазiргi жеңiлдiктердi сақтай отырып Мемкенқадағалаукомның жергiлiктi органдарын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы туралы" 1994 жылғы 23 наурыздағы N 293 қаулысына (N 2 кесте) сәйкес еңбекақы төлеуге көшiру туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен пысықтайтын болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен, Еңбек министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, басқа да мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып, 1994 жылғы 16 наурызда "Ақтас" шахтасындағы аварияны жою кезiнде әскерилендiрiлген тау-кен құтқару бөлiмi жауынгерлерiнiң қаза табу жағдаятын қарастырсын және кен өндiрiсiнде қауiпсiздiктi арттыру жөнiнде шұғыл шаралар қолданылғаны туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
      7. Салалық тау-кен бөлiмдерi туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеудi жеделдету орынды болады деп саналсын.
      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне 1994 жылғы II тоқсанда "Қарағандыкөмiр" және "Екiбастұзкөмiр" өндiрiс бiрлестiктерiне айлықақы төлеуге арнап алты ай iшiнде өтеу мерзiмiмен тиiсiнше 150 млн. теңге және 50 млн. теңге мөлшерiнде басым тәртiппен мақсатты кредит бөлудi қарастыру ұсынылсын.
      9. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгiмен бiрлесе отырып 1994 жылғы 1 маусымға дейiн республика тұтынушыларына Қазақстан Республикасы шегiнде көмiр тасуға арналған жеңiлдiктi темiр жол тарифтерiн енгiзу туралы мәселенi пысықтайтын болсын.
      10. "Қарағандыкөмiр" және "Екiбастұзкөмiр" өндiрiс бiрлестiктерi мен шахта құрылысы комбинаттары Украинамен және Ресеймен тауар айырбасы шарттары негiзiнде жасалатын клирингтiк операцияларының тiзбесiне енгiзу үшiн жабдықтар мен материалдық-техникалық ресурстардың тiзiмiн Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi мен Экономика министрлiгiне табыс етсiн.
      11. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Энергия ресурстарының бағасын ырықтандыру және жекелеген қызмет түрлерiнiң тарифтерiн реттеу туралы" 1994 жылғы 23 наурыздағы N 288 қаулысына  N 1 қосымшаның көмiрдiң бағасына қатысты бөлiгiнiң күшi 1994 жылғы 1 мамырдан бастап жойылған деп танылсын.
      12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Ә.М.Қажыгелдинге жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

О дополнительных мерах по стабилизации работы предприятий угольной промышленности

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 мая 1994 года N 482. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 17 марта 2003 г. N 258

      В целях стабилизации финансово-экономического положения угольной промышленности Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Осуществлять с 10 мая 1994 г. реализацию угля предприятиями угольной промышленности по свободным (договорным) ценам, определяемым исходя из затрат производства.
      Установить, что свободные цены на уголь определяются на условиях франко-станция отправления.
      Сноска. Абзац первый пункта 1 - с изменениями, внесенными постановлением Правительства Республики Казаъстан от 5 марта 1996 года N 280.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан:
      предоставить отсрочку до 1 октября 1994 г. угледобывающим объединениям и шахтостроительным комбинатам по всем видам платежей в бюджет по состоянию на 1 апреля 1994 г., кроме подоходного налога с заработной платы и отчислений в местный бюджет;
      продлить до 1 сентября 1994 г. срок погашения ссуд, полученных производственным объединением "Карагандауголь" в феврале 1994 г. в сумме 150 млн. тенге и производственным объединением "Экибастузуголь" в декабре 1993 г. и феврале 1994 г. в сумме 50 млн. тенге;
      выделить из резервного фонда Кабинета Министров Республики Казахстан средства в сумме 8 млн. тенге для оказания материальной помощи семьям бойцов военизированной горноспасательной части, погибших при ликвидации аварии на шахте "Актасская" производственного объединения "Карагандауголь" 16 марта 1994 г.;
      подготовить и внести в Кабинет Министров Республики Казахстан проект закона республики об отсрочке налога на экспорт угля и обязательной продажи части валютных средств.
      3. Согласиться с предложением главы Карагандинской областной администрации, производственного объединения "Карагандауголь" и Центрального комитета профсоюза угольщиков о создании Государственной холдинговой компании "Карагандауголь" на базе предприятий и структурных подразделений производственного объединения "Карагандауголь", входящих в состав этого объединения по состоянию на 1 апреля 1994 г.
      Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу в месячный срок создать в установленном порядке Государственную холдинговую компанию "Карагандауголь".
      4. Министерству энергетики и топливных ресурсов Республики Казахстан, производственным объединениям "Карагандауголь" и "Экибастузуголь" в месячный срок разработать и по согласованию с Министерством экономики и Министерством финансов Республики Казахстан утвердить программу снижения затрат по себестоимости на добычу и переработку угля на 1994-2000 годы, а также пересмотреть в 1994-1995 годах программу строительства объектов и иных финансовых расходов, не связанных непосредственно с добычей и переработкой угля.
      5. Государственному комитету Республики Казахстан по надзору за безопасным ведением работ в промышленности и горному надзору проработать с Министерством труда и Министерством финансов Республики Казахстан вопрос о переводе местных органов Госгортехнадзора на оплату труда в соответствии с постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 23 марта 1994 г. N 293 "О должностных окладах работников органов государственного управления" (таблица N 2) с сохранением действующих льгот для инспекторского состава.
      6. Государственной комиссии Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям совместно с Министерством энергетики и топливных ресурсов, Министерством труда, Министерством финансов, Министерством здравоохранения Республики Казахстан, Государственным комитетом Республики Казахстан по надзору за безопасным ведением работ в промышленности и горному надзору, другими заинтересованными организациями рассмотреть обстоятельства гибели бойцов военизированной горноспасательной части при ликвидации аварии на шахте "Актасская" 16 марта 1994 г. и внести в Кабинет Министров Республики Казахстан предложения о принятии неотложных мер по повышению безопасности в горном производстве.
      7. Считать целесообразным ускорить подготовку проекта Закона Республики Казахстан об отраслевых горноспасательных частях.
      8. Рекомендовать Национальному банку Республики Казахстан рассмотреть вопрос о выделении в приоритетном порядке целевых кредитов на П квартал 1994 г. производственным объединениям "Карагандауголь" и "Экибастузуголь" в размере соответственно 150 млн. тенге и 50 млн. тенге на выплату заработной платы со сроком погашения в течение шести месяцев.
      9. Министерству экономики Республики Казахстан совместно с Министерством транспорта Республики Казахстан до 1 июня 1994 г. проработать вопрос о введении льготных железнодорожных тарифов на перевозку угля в пределах Республики Казахстан для республиканских потребителей.
      10. Производственным объединениям "Карагандауголь" и "Экибастузуголь" и шахтостроительным комбинатам представить в Министерство энергетики и топливных ресурсов и Министерство экономики Республики Казахстан список оборудования и материально-технических ресурсов для включения их в перечень клиринговых операций с Украиной и Россией, проводимых на условиях товарообмена.
      11. Признать утратившим силу с 1 мая 1994 г. приложение N 1 к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 23 марта 1994 г. N 288 "О либерализации цен на энергоресурсы и регулировании тарифов на отдельные виды услуг" в части цен на угли.
      12. Контроль за реализацией данного постановления возложить на Первого заместителя Премьер-министра Республики Казахстан Кажегельдина А.М.

      Премьер-министр
      Республики Казахстан