Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 28 Нормативтік қаулысымен.
Осы категориядағы сот-төрелiк тәжiрибесiн қорытындылау төрелiк соттар зиянды өндiрiп алуға байланысты дауларды негiзiнен дұрыс шешетiндiгiн көрсеттi.
Сонымен қатар, талапкерге келтiрген зиян көлемi туралы оның есебi тексерiлмей, күткен табыстың нақтылығы анықталмай және шыққан шығын дәлелдерiн талап етпей iстi қараған жағдайлар орын алған.
Көп ретте зиянды өндiрiп алу талапкерлердiң өзiнiң зиянның болуына немесе өсуiне қаншалықты кiнәлi екендiгі ескерiлмей жасалады.
Жауапкердiң мiндеттемелерiн орындамауы нәтижесiнде талапкерден шығын болмағандығы әрқашан ескерiле бермейдi.
Жекелеген iстер бойынша шешiм заңға сүйенбей шығарылады.
Осы категориядағы даулардың алдын алу жұмыстары айтарлықтай дәрежеде тиiмдi жүргiзiлмейдi.
Шарт немесе басқа негiздер бойынша мiндеттемелердiң бұзылуынан келген зиянды өндiрiп алуға байланысты дауларды шешу тәжiрибесiнiң бiркелкiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғары Төрелiк Сотының Пленумы
қаулы етедi:
1. Шарт бойынша мiндеттемелердiң бұзылуынан келген зиянды өндiрiп алу туралы дауларды шешу кезiнде төрелiк соттар 31.05.91 жылы бекiтiлген КСР Одағы мен республикалардың азаматтық заңдар негiздерiнің 70, 71, 72-баптарында белгiленгендей және Қазақ КСР азаматтық кодексiнiң 205-216-баптарына және тараптар арасында жасалған келiсiм шарттары мен қарыздардың мiндеттемелерiне сүйенуге тиiс.
Зиянды, шарт қатынастары болмаған жағдайда да, атап айтқанда, зиян келтiргендегi мiндеттемелер бойынша; заңды ұйымның құқығын бұзған немесе басқа органның жарлығын орындау нәтижесiнде зиян келтiрiлсе; жоғары орган кәсiпорынға қатысты өзiнiң мiндеттемелерiн орындамау салдарынан; жәбiрленушi мүлкiн негiзсiз иелiгiне алу салдарынан; түптеп келгенде жарамсыз деп табылған жалған және өтiрiк мәмiле жасалса және басқа негiздер бойынша өндiрiп алуға болады.
2. Зиян деп талапкерден шыққан шығындар, мүлiктiң жоғалуы, не бүлiнуi, алынбаған табыс (айрылып қалған пайда) танылады. Зиянды өндiрiп алу кезiнде, талапкер iсi қаралған күнге дейiнгі iс жүзiндегi шығын (дауды сотқа дейiн реттеу жөнiнде шағым жасау тәртiбiн немесе талапкер бiлдiрген және сот қабылдаған өтiнiштi қоса алғанда) ескерiледi.
3. Егер зиян бiрнеше контрагент кiнәсiнен келтiрiлсе, онда олардың әрқайсысы өз кiнәсiне орай, ал оның шегiн ажырату мүмкiн болмаған жағдайда - теңдей жауапкершiлiкте болады. Төрелiк соттар жауапкер кiнәсi мәселесiне айрықша назар аударуы тиiс.
4. Тараптар арасындағы шартта зиянның орнын толтыру мiндеттемесi бұзылғаны үшiн нақты қаржы белгiленген жағдайда, талапкерлер орны толтырылуға тиiс зиян мөлшерiн дәлелдеуге мiндеттi емес.
5. Талапкер шығармаған (мысалы, тасымалдау, сақтау, дайындау шығындары т.б.) жауапкер мiндеттемесiн орындамау себебiнен болмаған басқа шығындар алынып тасталуы тиiс.
6. Мiндеттеме орындалмау не талапкердiң заңмен қорғалатын азаматтық құқы бұзылу себебiнен болған зиянды өндiрiп алудың барлық жағдайларында төрелiк сот жауапкердiң зиян мен мiнез-құлқы (әрекетi не әрекетсiздiгi) арасындағы себеп-салдарларды анықтауы тиiс. Бұл ретте контрагенттер кiнәсi зиянды өндiрiп алудан бас тартуға себеп бола алмайды.
7. Егер сатып алушы (тапсырыс берушi) жасалған шартқа сай жеткiзушiге (жасаушыға, сатушыға) шарт бойынша алдын ала төлем аударса, онда соңғысы өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда оны тапсырыс берушiге (сатып алушыға) шарт бойынша контрагент талабымен ғана емес, сондай-ақ өз еркiмен дереу қайтаруға мiндетті.
8. Талапты қанағаттандыру туралы төрелiк соттың ұйғарымы орындалмағандықтан талапкерге жауапкер кiнәсiнен келген зиянды өндiрiп алуды, наразылық бiлдiру және мемлекеттiк баж салығын төлемей шешiм шығарып отырған соттың өзi талапкер өтiнiшi бойынша жасайды.
Осындай ретпен жауапкер, талап қабылданған жағдайда, талапкер арызы негiзiнде талапты қанағаттандыру туралы шараларды қолданудан келген зиянды талапкерлерден өндiрiп алуға хұқылы.
9. Егер талапкер (несие берушi) әдейi немесе андамай зиянның көбеюiне себепшi болса және оны азайтуға шара қолданбаса, онда қарыздардың жауапкершiлiгі азаюға тиiс. Төрелiк сот зиянды өндiрiп алу туралы дауларды қарау кезiнде, талапкер зиянды болдырмауға немесе азайтуға қандай шара қолданғанын анықтауға мiндеттi.
10. Қазақ КСР Азаматтық кодексiнiң 206-бабы мен республикалардың және КСР Одағы азаматтық заңдар Негiзiнiң 70-бабында белгiленгендей, мiндеттеме орындалмау салдарынан келген зиянның айып пұлдан (айып, өсiм) қалған бөлiгi төленуге тиiс. Айыпты өндiрiп алу үшiн iс мерзiмiн өткiзiп алған тарап, оны зиян ретiнде өндiрiп алуға құқық жоқ.
11. Тауар, жұмыс, қызмет үшiн дер кезiнде төленбей немесе ақша мiндеттемелерiнiң орындалмауы салдарынан келген зиянды өндiрiп алу кезiнде талапкер, егер шартта басқаша көзделмесе, республика Мемстатком мәлiмет негізiнде ақша бiрлiгінiң сатып алушылық қабiлетi түсуi (өсiм, айыптың есептi сипатын ескере отырып) салдарынан келген зиянды өндiрiп алу туралы мәселенi де көтеруiне болады.
Тараптар шартта номализм принципiнен (ұқсас ақша бiрлігiмен төлем) бас тартуына және құнсызданудан сақтану ретiнде шартта индекстiк ескертпенi, ақша бiрлiгiнiң басқа тұрақты бiрлiкпен және басқаларымен де ара қатынасын алдын ала қарастыруларына болады. Бұл жағдайда есеп айырысу келiсiм шарттарына сай жасалады.
12. Азаматтық заң негiздерiнiң 66-бабы (3 т.) қарастырғандай, егер 5 процент жылдық төлем ретiнде ақшалай мiндеттеме дер кезiнде орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк, тараптардың арасында шарт болғанда ғана қолданылады. Бұл жағдайда қарыздардың ақшалай мiндеттемесiнің орындалу мерзiмi КСР Одағы мен одақтас республикалар Азаматтық заң негiздерiнiң 63-бабы 3-тармағы, 75-баптың 2-тармағына сәйкес есептелуi тиiс.
13. Егер арнайы нормативтiк актiде нақты санкция мөлшерi мен мiндеттемелердi орындамау салдарынан болған зиянды осы санкциядан артық өндiрiп алуды және тараптар өз қарым-қатынастарында осы нормативтiк актiнi басшылыққа алуды қарастырса, онда төрелiк зиянды да, айыпты да өндiрiп алдыруы тиiс. Егер шартта немесе тараптар сiлтеме жасап отырған ондағы Ерекше шарттарда нормативтiк актiге сай келмейтiн айыптың жоғары мөлшерi белгiленген болса, онда Негiздердiң 70-бабы, Республика азаматтық кодексiнiң 206-бабы белгіленген айып сипатын есепке жатқызбау туралы арнайы ескертпе болғаннан басқа жағдайда айыптың жалпы, есептiк принципiн қолдану керек.
14. Зиянды өндiрiп алу кезiнде төрелiк сот мiндеттеменiң Негiздер мен Азаматтық кодекс нормаларына сай орындалуын қамтамасыз ету жолында талапкер қандай шаралар (кепiл, кепілдік, кепілге алу кепілдеме) қолданғанын анықтап, зиян орнын толтыру туралы мәселенi қамтамасыз ету шараларын ескере отырып шешуге тиiс.
15. Егер несие алушы ақша қаражатын жеткiзушiге аудару үшiн банкiден процентпен несие алғаны туралы дәлелдi көрсетсе, соңғысы ақшаны алғаннан кейiн өз мiндеттерiн орындамаса, онда одан банкi шығыны ретiнде төленген, шарт бойынша мiндеттi орындау мерзiмi бiткен күннен (немесе шартта уағдаласқан авансты қайтару мерзiмiнен) есептелетiн проценттi өндiрiп алуға жатады. Несие алушы жеткiзушi (жасаушы, сатушы) кiнәсiнен банкiге несиенi қайтару уақытын өткiзiп алғаны үшiн жоғары процент төлесе, оларды да қарызданушыдан (несие алушы зиянның алдын алуға немесе азайтуға шаралар қолданғаны туралы дәлелдердi көрсеткен жағдайда) шығын ретiнде өндiрiп алуға жатады. Өндiрiп алудың басқа тәртiбi шартпен қарастырылуы мүмкiн.
Қарызданушы мiндеттерiн орындамау себебiнен банкир төленген несие процентiн өндiрiп алу кезiнде өндiрiп алуға жататын несие берушi толық алмаған табыс сомасы тиiсiнше азайтылады.
16. Қарызданушыға берiлген несие қаржысы бойынша банкi процентi мен несие мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн өсiмдi төлеуден келген зиянды өндiрiп алу кезiнде төрелiк сот, бұл жағдайда, ақша қаражаты өндiрiп алушыда болмағанын және инфляциядан ол зиян шекпегенiн ескеруi керек.
Талапкер несие қарыздарын өтеген уақыттан бастап ақша қаражаты өндiрiп алушының иелiгiнде болады және инфляциядан келген зиянды өндiріп алу туралы мәселенiң қаралуы мүмкiн.
17. Банкiге өсiм мен жоғары банк процентiн төлегендiгi дәлелi ретiнде, соттар несиелiк келiсiмдi ғана емес, сондай-ақ төлемнiң банкiге аударылғаны туралы талапкерлердiң төлем құжатын (соның iшiнде N 2 картотекасында), банкiнiң талап ету құқын қайта жасағанын және т.б. талап етуi керек.
18. Өкiмет пен басқару органдарының заңсыз шешiмдерiн орындағаннан келген зиянды өндiрiп алу кезiнде төрелiк соттар өндiрiп алушыдан заңсыз актiге шағым беру немесе наразылық бiлдiру дәлелдерiн талап етуге міндетті.
19. Жұмыстарды орындау шартынан зиянды өндiрiп алу кезiнде төрелiк шоттар азаматтық заң Негiздерiнiң 70-бабын басшылыққа алулары керек және қарызданушы белгiлi бiр жұмысты жасау мiндеттерiн орындамаған жағдайда, несие алушы ол жұмысты өзi орындауға немесе оны орындауды үшiншi тұлғаға тапсыруға құқылы, өйткенi заңда немесе шартта басының жоқтығы ескерiледi, зиян орнын толтыруды талап ете алады. Талапкер осы баптағы талаптарды орындағаны туралы дәлелдердi көрсетуі тиiс.
20. Айрылып қалған пайда, алынбаған табыстар түрiндегi зиянды өндiрiп алу кезiнде төрелiк соттар, егер несие алушы зиянды азайту үшiн қажеттi шаралар қолданса, оның зиянға отырмауы да мүмкiндiгiн, несие берушiнiң оның орнын толтыруды талап етуге құқы жоқтығын ескеруi тиiс. Несие алушы зиянды өндiрiп алуға талап етiп отырған мөлшердi және қарызданушының жөнсiз мiнез-құлқымен оның себебiнiң байланысын, шарт бойынша күткен пайдасын дәлелдеуге мiндеттi.
21. Соттар, шартты бұзушылық сипатына қарамастан, заңда немесе шартта зияннан артық айып көзделгеннен басқа жағдайларда, егер шарт лайықты орындалған болса, жәбiрленушi тарапты сол жағдаймен салыстырғанда тиiмдiрек жағдайда болатындай қатарға қоймауы керек.
22. Азаматтық заң негiздерiнiң 131-бабына сәйкес зиян келтiрушiнiң заңсыз әрекеттерiнен келген моральдық зиян орнын толтыру туралы талапты сотқа жеке тұлға беруi мүмкiн.
Заңды ұйым тартқан моральдық зиянның орнын толтыру туралы талапты сотқа жеке тұлға беруi мүмкiн.
Несие берушiнiң iскерлiк атағына заңсыз iс-әрекеттерден келген зиянның орнын толтыру жөнiндегі талап, оның мөлшерi мен себепті байланысы кiнәлiнiң мiнез-құлқына қатыстылығы дәлелденсе жалпы негiздер бойынша өндiрiлiп алынуы мүмкiн.
23. Осы категориядағы дауларды шешу кезiнде төрелiк соттар жеке ұйғарымдар шығару арқылы заңды бұзудың алдын алу, келтiрiлген зиянға кiнәлi лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн заңды өрескел бұзу фактiлерi туралы прокуратура органдарына хабарлама жiберу шараларын қолдануы тиiс.