Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумы қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 28 Нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасында төрелік соттар жүйесінің жойылуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының мынадай қаулыларының:

      1) "Шығындарды өндіру туралы дауларды қараудың тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1994 жылғы 21 шілдедегі N 5 қаулысының ;

      2) "Азаматтық заңнаманың негізін Қазақстан Республикасы төрелік соттарының қолдануымен байланысты кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1994 жылғы 21 шілдедегі N 6 қаулысының ;

      3) "Төрелік соттарға даулардың ведомстволық бағыныстылығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1994 жылғы 21 шілдедегі N 7 қаулысының ;

      4) "Мемлекеттік мүлікті жекешелендірумен және мемлекеттіліктен айыру туралы заңнамаларды қолданумен байланысты дауларды шешу тәжірибесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1995 жылғы 8 ақпандағы N 3 қаулысының ;

      5) "Банк қызметімен байланысты дауларды шешу кезінде заңнамаларды Қазақстан Республикасы төрелік соттарының қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1995 жылғы 8 ақпандағы N 4 қаулысының ;

      6) "Сапасы төмен тауарлар мен өнімдерді жеткізумен және сатумен байланысты дауларды шешу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1995 жылғы 8 ақпандағы N 5 қаулысының ;

      7) "Кепілдік міндеттемелерімен байланысты дауларды шешу кезінде заңнамаларды қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1995 жылғы 4 тамыздағы N 4 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады