Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04 N 406 Қаулысымен.
"Көмiр" өнеркәсiбiн басқару жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 28 маусымдағы N 1773
U941773_
Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi "Көмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы өкiлдерiнiң қатысуымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсуi бойынша тарату комиссиясын құрсын. Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi таратылатын "Көмiр" компаниясының мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң заңды мұрагерi болып табылады деп анықталсын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Көмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамына енген көмiр өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу орталықтарының, институттардың, мемлекеттiк кәсiпорындары мен ұйымдарының бағыныстылығы туралы мәселенi шешетiн болсын.
3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Көмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 қазандағы N 1002 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1993 ж., N 41, 478-бап);
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 23 сәуiрдегi N 433 қаулысының 2-тармағы.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi