Көмiр өнеркәсiбiн басқару жүйесi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 28 маусым 1994 ж. N 1773. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Республиканың көмiр өнеркәсiбiн басқаруды жетiлдiру мақсатында қаулы етемiн: 
      1. "Көмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы белгiленген тәртiп бойынша таратылсын. 
      2. "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291  Жарлығына  /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ , 1993 ж., N 22, 274-бап/ қосымшаның 10-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде қажеттi шешiмдер қабылдайтын болсын. 
      4. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      Алматы, 1994 жылғы 28 маусым
            N 1773

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады