1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесiнде Министрлер Кабинетiнiң Өкiлдiгi институты енгiзiлсiн.
2. Өкiлдiкке атқарушы өкiмет органдарының парламентарийлермен өзара iс-қимылын ұйымдастыру мiндетi, Министрлер Кабинетiнiң қызметi жөнiнде депутаттарға шұғыл хабарлап отыру, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Жоғарғы Кеңестiң қарауына ұсынатын заң жобаларын және басқа материалдарды талқылау барысына талдау жасау жүктелсiн.
3. Өкiлдiк аппаратының саны 4 адам болып белгiленсiн және
ол еңбекке ақы төлеу мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағдайлары жөнiнен Министрлер Кабинетi Iс басқармасының бөлiмiне теңестiрiлсiн. 4. Iс басқарушысы Өкiлдiктiң құрылымы мен штаттық кестесiн бекiтсiн. 5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары Министрлер Кабинетi Өкiлдiгiнiң Қазақстан Республикасының Парламентiндегi қызметiне жәрдем көрсететiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi