Министрлер Кабинетiнiң Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiндегi Өкiлдiгi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 шiлде 1994 ж. N 755

      "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және үкiметтiң Жоғарғы Кеңесте заң шығарушылық инициативасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесiнде Министрлер Кабинетiнiң Өкiлдiгi институты енгiзiлсiн.
      2. Өкiлдiкке атқарушы өкiмет органдарының парламентарийлермен өзара iс-қимылын ұйымдастыру мiндетi, Министрлер Кабинетiнiң қызметi жөнiнде депутаттарға шұғыл хабарлап отыру, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Жоғарғы Кеңестiң қарауына ұсынатын заң жобаларын және басқа материалдарды талқылау барысына талдау жасау жүктелсiн.
      3. Өкiлдiк аппаратының саны 4 адам болып белгiленсiн және

ол еңбекке ақы төлеу мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету
жағдайлары жөнiнен Министрлер Кабинетi Iс басқармасының бөлiмiне
теңестiрiлсiн.
     4. Iс басқарушысы Өкiлдiктiң құрылымы мен штаттық кестесiн
бекiтсiн.
     5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары
Министрлер Кабинетi Өкiлдiгiнiң Қазақстан Республикасының
Парламентiндегi қызметiне жәрдем көрсететiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады