Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық авиакомпаниясының шет елдердегi өкiлдiктерi туралы" 1994 жылғы 29 сәуiрдегi N 440
қаулысына
сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "Қазақстан әуе жолы" авиакомпаниясының шет елдердегi өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң шетел валютасымен төленетiн лауазымдық жалақылар схемасы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Өкiлдiктер қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары сауда өкiлдiктерiнiң шетелдiк валютамен төленетiн жалақыларына сүйенiп бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы 1994 жылғы 1 шiлдеден күшiне енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 11 шiлдедегi
N 776 қаулысына
Қосымша
"Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк
авиакомпаниясының шет елдердегi өкiлдiктерi
қызметкерлерiнiң шетел валютасымен төленетiн
лауазымдық жалақыларының
Схемасы
--------------------------------------------------------------------
Лауазым атауы ! Шет ел валютасымен төленетiн ! лауазымдық жалақылар деңгейi
! (Сауда өкiлдiктерi жалақыла-
! рының процентiмен)
--------------------------------------------------------------------
"Қазақстан әуе жолы" компаниясы аймақтық
өкiлдiктерiнiң Бас директоры 93
"Қазақстан әуе жолы" компаниясы бас
өкiлдiктерiнiң директоры 90
Өкiлдiктер директоры 85
Бухгалтер-кассир, бухгалтер 69
Аға диспетчер (авиабилеттер сату мен
брондау бойынша) 57
Диспетчер (жолаушылар, жүк тасымалдау
жөнiнде авиабилеттер сату мен брондау
бойынша) 52
Авиатехник 59
Механик-жүргiзушi 45
Iс жүргiзушi-машинка басушы 40
-------------------------------------------------------------------
Ескерту: 1. Директор көмекшiсiнiң лауазымдық жалақысы тиiсiнше
директор жалақысының 80 процентi мөлшерiнде
белгiленедi.
2. Осы схемада көзделмеген кейбiр лауазымдар бойынша
лауазымдық жалақылар Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 ақпандағы N 154
қаулысында көрсетiлген сауда өкiлдiктерi
қызметкерлерiнiң лауазымына және лауазымдық
жалақыларына сәйкес белгiленсiн.