1. ЮНЕСКО iстер жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының жаңа құрамы бекiтiлсiн /қоса тiркелдi/.
(2-тармақ) <*> .
Ескерту. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.04.28. N 578
қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "ЮНЕСКО" iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының жаңа құрамын бекiту туралы" 1993 жылғы 6 шiлдедегi N 576 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 26 323-бап/ күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 шiлдедегi N 794 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиясының ҚҰРАМЫ Жүкеев Төлеген Тiлекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер- министрiнiң орынбасары /комиссияның төрағасы/ Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң бiрiншi орынбасары /төрағаның орынбасары/ Әшляев Серiк Сопыжанұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрi /төрағаның орынбасары/ Сәрсенбаев Алтынбек - Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрi /төрағаның орынбасары/ Есыров Олег Анатольевич - Қазақстан Республикасы Бiлiм министрiнiң орынбасары /төрағаның орынбасары/ Комиссия Мүшелерi: Әбдiлдин Жабайхан Мүбәрәкұлы - Қазақ мәдениет қорының төрағасы Абдрахманов Сауытбек - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Iс басқармасының Мәдениет және қоғамдық бiрлестiктер мен байланыс бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары Әйтiмова Бiрғаным Сарықызы - Қазақстан Республикасы Жастар iсi, туризм және спорт министрi Атрушкевич Павел Александрович - Қазақ мемлекеттiк құрылыс-сәулет академиясының ректоры Ахметов Әдiл Құрманжанұлы - Қазақ мемлекеттiк әлем тiлдерi университетiнiң ректоры Байпақов Карл Молдахметұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Археология институтының директоры Бекетова Лейла Қалыбекқызы - "Қазақстанның телевизиясы мен радиосы" республикалық корпорациясының президентi Бельгер Герольд Карлович - жазушы Данаев Нарбота Тұрсынбайұлы - Қарағанды металлургия комбинатының бас директоры Дәукеев Диас Кенжебекұлы - Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технология министрiнiң орынбасары Ерғожин Едiл Ерғожаұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президентi Исағалиев Қайрат - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң баспасөз, мәдени, гуманитарлық байланыс және ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi басқармасының бастығы /комиссияның жауапты хатшысы/ Қалиев Жекен - Қазақстанның сыртқы саясат ассоциациясының президентi, республикалық "Кiтап" қоғамы төрағасының бiрiншi орынбасары Күленов Ахат Сiләмхатұлы - "Алтай-ТМ" мемлекеттiк холдинг компаниясының төрағасы - Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының бас директоры Мағауин Мұхтар Мұқанұлы - жазушы Мұсақожаева Айман - Қазақстан Республикасының халық артисi, "Солистер академиясының" көркемдiк жетекшiсi Нәрiбаев Көпжасар - Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университетiнiң ректоры Наурызбаев Жұмағали Жөкейұлы - Жезқазған облысы әкiмiнiң орынбасары Нұрахметов Досмұхамед - Әл-Фараби атындағы жас таланттарды Нұрахметұлы қолдау қорының президентi Сейсенбаев Роллан Шәкенұлы - жазушы Смайлов Нұрлан Камалұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң архивтердiң мәдени және гуманитарлық саладағы байланыстары басқармасының бөлiм меңгерушiсi Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты /келiсiм бойынша/ Төлебаев Рүстем Ақайдарұлы - "Балқашмыс" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң бас директоры Хан Гурий Борисович - Қазақтың менеджмент, экономика және болжау институтының саясаттану және әлемдiк саясат кафедрасының меңгерушiсi Шайжүнiсов Мәркен Жақияұлы - Семей облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары