1. Абай /Ибраhим/ Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуын атап өтуге байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң 1994 жылы мерейтойлық күмiс ақша жиынтығын әзiрлеп және оны Ұлттық банктiң теңге сарайында соғу туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне әлемдiк рынокта
қымбат металдан жасалған бақыр ақшаны сатуда Қазақстан Республикасының мүддесiн көздейтiн шетелдiк фирманы тендерлiк негiзде анықтау ұсынылсын. 3. Әрбiр бақыр ақша мен оның жиынтығының нақты құнын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi анықтайды деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi