1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылы ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу және беру туралы" 1994 жылғы 10 қаңтардағы N 48 P940048_ қаулысының N 2 қосымшасында көзделген, бюджеттiң қаражат және банк кредитi есебiнен сатып алынатын 5 миллион тонна мөлшерiндегi дәндi дақылдардан басқа, Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылға ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу көлемiн көрсетпеу жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, "Астық", "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компанияларымен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
2. Мемлекеттiк тапсырыс берушi "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылға дәндi дақылдар сатып алу көлемi және оның облыстар бойынша бөлiнуi N 1 және 2 қосымшаларға сәйкес белгiленсiн.
3. "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы облыстардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып тауар өндiрушiлер мен дайындаушы ұйымдар арасында 1994 жылы астық сатып алу мен беруге қайтадан контракттар жасауды қамтамасыз етсiн. Бұл ретте мемлекет мұқтажы үшiн астық сатып алу мен беруге фьючерлiк контракттар мен бұрын жасалған мәмiлелер және олар бойынша жүргiзiлген есеп айырысулар үстiмiздегi жылы күшiн сақтайтын болады.
Аталған мақсатқа астық желiлiк кәсiпорындарына барынша жеткiзiлетiн болсын.
4. "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына тауар өндiрушiлермен уағдаласқан бағада тiкелей шарттар бойынша спирт және сыра қайнату өнеркәсiбi үшiн астық, сондай-ақ майлы дақылдар мен қант қызылшасын сатып алуға рұқсат етiлсiн.
5. "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының дайындау ұйымдары тауар өндiрушiлерден мемлекет мұқтажы үшiн дақылдар сатып аларда қолданылатын негiзгi сатып алу бағасы N 3 қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
Аталған негiзгi бағалар астық сату кезiнде iшкi биржалық рынокта қалыптасатын баға бойынша түзету енгiзудi ескергенде мемлекет мұқтажына сатып алынатын астықтың еркiн шарттық бағасын белгiлейтiн шаруашылықтар мен дайындау ұйымдары үшiн бағдар болып табылады.
6. "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы осы қаулымен белгiленген баға бойынша тауар өндiрушiлерге оларға 1994 жылғы ақпан-сәуiр айларында қолданылған негiзгi баға бойынша фьючерлiк контракт жасалған дақылдардың төленбеген көлемiнiң құнына төлем жасауды қамтамасыз етсiн.
7. Форвардтық (фьючерлiк) мәмiле шартымен мемлекет мұқтажы үшiн картоп, көкөнiс, қант қызылшасы мен майлы дақылдар тұқымын сатып алуға дайындаушылар мен тауар өндiрушiлер арасында бұрын жасалған шарттар жойылатын болсын.
Осы мақсатқа бюджеттен бөлiнген қаражатты аталған өнiмдердi 1994 жылдың өнiмiмен сатып алу аванспен ресiмделiп, кейiннен қант қызылшасы мен майлы дақылар бойынша - 1994 жылғы 31 желтоқсанға дейiн, ал картоп пен көкөнiс бойынша - 1995 жылғы I мамырға дейiн дайындау ұйымдары тарапынан республикалық бюджетке қайтарылатын болсын.
8. "Жемiс" Республикалық жемiс-көкөнiс құрамалары бiрлестiгi арнаулы тұтынушылар үшiн 34 мың тонна картоп, 16,7 мың тонна көкөнiс сақтайтын болсын.
9. "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кәсiпорындары шарттығы бойынша 15 мың тонна ет және 6 мың тонна мал майын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резервiне жинауды қоса отырып, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылы сатып алынатын мал шаруашылығы өнiмдерiн беру туралы" 1994 жылғы 21 ақпандағы N 203 қаулысында және Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1994 жылғы 7 қаңтардағы N 18-2 өкiмiнде тұтынушылар үшiн көзделген ет, сүт және жұмыртқа ресурстары мен берiлiмдерiн қалыптастыру кредит ресурстары және өнiмдер жөнелтiлетiн тұтынушылардың дер кезiнде төлем жасауы есебiнен жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
10. Өндiрiлген өнiм ресурстарын игеру және қалалар мен өнеркәсiп орталықтарының халқын тағам өнiмдерiнiң барлық түрлерiмен жабдықтау үшiн жауапкершiлiк жергiлiктi әкiмдерге және осы қалалар мен орталықтарда бағынысты кәсiпорындары мен ұйымдары бар министрлiктер мен ведомстволардың басшыларына жүктелсiн.
11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемлекеттiк ресурсқа астық сатып алу үшiн "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына бюджетте көзделген қаражатты бөлудi жеделдетсiн.
12. Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен, Қаржы министрлiгiмен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен және мемлекеттiк акционерлiк және холдингтiк компаниялармен бiрлесе отырып бюджеттiк қаражатпен қамтамасыз етiлмеген ауыл шаруашылық өнiмдерiн мемлекеттiк ресурсқа сатып алу үшiн "Астық", "Береке", "Тағам", "Жеңiлөнеркәсiп" мемлекеттiк акционерлiк және холдингтiк компанияларына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне кредит желiлерiн ашу туралы ұсынысты пысықтап, Үкiметтiң қарауына енгiзетiн болсын.
13. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылы ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу және беру туралы" 1994 жылғы 10 қаңтардағы N 48 қаулысының 7-тармағындағы төртiншi-алтыншы абзацтары, 8-тармағы, "Легпром" мемлекеттiк холдинг компаниясы" бөлiмiн қоспағанда, 1-қосымшасы және N 2 қосымшасы;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылы ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу және беру туралы" 1994 жылғы 10 қаңтардағы N 48 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 ақпандағы N 160 қаулысының 9-абзацы. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 тамыздағы N 883 қаулысына N 1 қосымша Мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылға бюджет қаражаты мен банк кредитi есебiнен сатып алынатын дәндi дақылдар сатып алудың Көлемi "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы ------------------------------------------- (мың тонна) Дәндi дақылдар - барлығы 5000 оның iшiнде тұқымдық 300 Дақылдар бойынша: бидай - барлығы (III кластан төмен емес) 4000 оның: жұмсағы 3780 қаттысы 220 қара бидай 65 тары 150 қарақұмық 60 жүгерi - барлығы 300 оның iшiнде тұқымдық 100 арпа (II кластан төмен емес) 215 бұршақтылар 10 күрiш 200 --------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 тамыздағы N 883 қаулысына N 2 қосымша
Мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылға облыстар бойынша
бюджет қаражаты мен банк кредитi есебiнен сатып алынатын дәндi дақылдар сатып алудың көлемi (мың тонна) -------------------------------------------------------------------- Облыстар ! Дән! Дақылдар бойынша сатып алынатын ! дi ! астықтың жалпы көлемiнен ! дақ!-------------------------------------------- ! ылд! бидай ! қа! та! қа! жү! ар! бұ! кү ! ар !----------------! ра! ры! ра! ге! па! рш! рi ! бар!бар! оның ! би! ! құ! рi! ! ақ! ш ! лы !лығ!------------! да! !мық!бар! !тұқ! ! ғы !ы !жұмсағ!қатты! й ! ! !лығ! !ымд! ! ! ! ы ! сы ! ! ! !ы ! !ас ! -------------------------------------------------------------------- Ақмола 600 590 550 40 - - - - 10 - - Ақтөбе 310 220 210 10 10 40 - - 40 - - Алматы 120 20 20 - - - - 90 - - 10 Шығыс Қазақстан 140 100 100 - 10 - 20 - - 10 - Жамбыл 200 130 130 - - - - 70 - - - Жезқазған 50 50 50 - - - - - - - - Батыс Қазақстан 290 200 200 - 30 40 - - 20 - - Қарағанды 160 160 160 - - - - - - - - Қызылорда 140 - - - - - - - - - 140 Көкшетау 530 520 470 50 - - - - 10 - - Қостанай 850 825 780 45 - 15 5 - 5 - - Павлодар 230 150 150 - - 50 20 - 10 - - Солтүстiк Қазақстан450 385 355 30 - - - - 65 - - Семей 120 70 70 - 15 5 15 - 15 - - Талдықорған 170 85 85 - - - - 70 5 - 10 Торғай 480 445 400 45 - - - - 35 - - Оңтүстiк Қазақстан 160 50 50 - - - - 70 - - 40 Жиыны 5000 4000 3780 220 65 150 60 300 215 10 200 --------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 тамыздағы N 883 қаулысына N 3 қосымша
Дәндi дақылдарды сатып алу кезiнде қолданылатын негiзгi сатып алу бағасы (қосылған құнға салықсыз) -------------------------------------------------------------------- Дақылдардың атауы ! Тоннаға теңгемен -------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 -------------------------------------------------------------------- Қатты бидай I класты 3600 II класты 3100 III класты 2900 IV класты (жармалық-) 1900 V класты 1400 Жұмсақ бидай жоғарғы класты 4000 I класты 3600 II класты 3100 III класты 2900 IV класты 1900 V класты 1400 Дәндiк күрiш Жоғары класты 4400 I класты 4000 II класты 3500 III класты 2900 Тары I класты 3000 II класты 2400 III класты 2200 Арпа I класты 2700 II класты 1900 сыра қайнататын арпа 2900 Сұлы I класты 2700 II класты 1900 III класты 1700 IV класты 1400 Қара бидай А тобы (I, II, III класты) 2700 Б тобы (IV класты) 1600 Қарақұмық I класты 4300 II класты 4000 III класты 3400 Жүгерi I класты 5600 II класты 5200 III класты 4800 Бұршақ I класты 3600 II класты 3100 III класты 2700