Мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылға ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн сатып алу көлемiн көрсетпеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 8 тамыз 1994 ж. N 883. Ескерту. ҚРМК-нiң 1994.10.04. N 1105 қаулысын қараңыз.

      Қалыптасқан қаржы-кредит жағдайын ескере отырып, агроөнеркәсiп кешенiнде нарықтық қатынастардың ауқымын кеңейту, селолық тауар өндiрушiлердi қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылы ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу және беру туралы" 1994 жылғы 10 қаңтардағы N 48 P940048_ қаулысының N 2 қосымшасында көзделген, бюджеттiң қаражат және банк кредитi есебiнен сатып алынатын 5 миллион тонна мөлшерiндегi дәндi дақылдардан басқа, Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылға ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу көлемiн көрсетпеу жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, "Астық", "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компанияларымен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. Мемлекеттiк тапсырыс берушi "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылға дәндi дақылдар сатып алу көлемi және оның облыстар бойынша бөлiнуi N 1 және 2 қосымшаларға сәйкес белгiленсiн.
      3. "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы облыстардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып тауар өндiрушiлер мен дайындаушы ұйымдар арасында 1994 жылы астық сатып алу мен беруге қайтадан контракттар жасауды қамтамасыз етсiн. Бұл ретте мемлекет мұқтажы үшiн астық сатып алу мен беруге фьючерлiк контракттар мен бұрын жасалған мәмiлелер және олар бойынша жүргiзiлген есеп айырысулар үстiмiздегi жылы күшiн сақтайтын болады.
      Аталған мақсатқа астық желiлiк кәсiпорындарына барынша жеткiзiлетiн болсын.
      4. "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына тауар өндiрушiлермен уағдаласқан бағада тiкелей шарттар бойынша спирт және сыра қайнату өнеркәсiбi үшiн астық, сондай-ақ майлы дақылдар мен қант қызылшасын сатып алуға рұқсат етiлсiн.
      5. "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының дайындау ұйымдары тауар өндiрушiлерден мемлекет мұқтажы үшiн дақылдар сатып аларда қолданылатын негiзгi сатып алу бағасы N 3 қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      Аталған негiзгi бағалар астық сату кезiнде iшкi биржалық рынокта қалыптасатын баға бойынша түзету енгiзудi ескергенде мемлекет мұқтажына сатып алынатын астықтың еркiн шарттық бағасын белгiлейтiн шаруашылықтар мен дайындау ұйымдары үшiн бағдар болып табылады.
      6. "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы осы қаулымен белгiленген баға бойынша тауар өндiрушiлерге оларға 1994 жылғы ақпан-сәуiр айларында қолданылған негiзгi баға бойынша фьючерлiк контракт жасалған дақылдардың төленбеген көлемiнiң құнына төлем жасауды қамтамасыз етсiн.
      7. Форвардтық (фьючерлiк) мәмiле шартымен мемлекет мұқтажы үшiн картоп, көкөнiс, қант қызылшасы мен майлы дақылдар тұқымын сатып алуға дайындаушылар мен тауар өндiрушiлер арасында бұрын жасалған шарттар жойылатын болсын.
      Осы мақсатқа бюджеттен бөлiнген қаражатты аталған өнiмдердi 1994 жылдың өнiмiмен сатып алу аванспен ресiмделiп, кейiннен қант қызылшасы мен майлы дақылар бойынша - 1994 жылғы 31 желтоқсанға дейiн, ал картоп пен көкөнiс бойынша - 1995 жылғы I мамырға дейiн дайындау ұйымдары тарапынан республикалық бюджетке қайтарылатын болсын.
      8. "Жемiс" Республикалық жемiс-көкөнiс құрамалары бiрлестiгi арнаулы тұтынушылар үшiн 34 мың тонна картоп, 16,7 мың тонна көкөнiс сақтайтын болсын.
      9. "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кәсiпорындары шарттығы бойынша 15 мың тонна ет және 6 мың тонна мал майын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резервiне жинауды қоса отырып, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылы сатып алынатын мал шаруашылығы өнiмдерiн беру туралы" 1994 жылғы 21 ақпандағы N 203 қаулысында және Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1994 жылғы 7 қаңтардағы N 18-2 өкiмiнде тұтынушылар үшiн көзделген ет, сүт және жұмыртқа ресурстары мен берiлiмдерiн қалыптастыру кредит ресурстары және өнiмдер жөнелтiлетiн тұтынушылардың дер кезiнде төлем жасауы есебiнен жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
      10. Өндiрiлген өнiм ресурстарын игеру және қалалар мен өнеркәсiп орталықтарының халқын тағам өнiмдерiнiң барлық түрлерiмен жабдықтау үшiн жауапкершiлiк жергiлiктi әкiмдерге және осы қалалар мен орталықтарда бағынысты кәсiпорындары мен ұйымдары бар министрлiктер мен ведомстволардың басшыларына жүктелсiн.
      11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемлекеттiк ресурсқа астық сатып алу үшiн "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына бюджетте көзделген қаражатты бөлудi жеделдетсiн.
      12. Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен, Қаржы министрлiгiмен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен және мемлекеттiк акционерлiк және холдингтiк компаниялармен бiрлесе отырып бюджеттiк қаражатпен қамтамасыз етiлмеген ауыл шаруашылық өнiмдерiн мемлекеттiк ресурсқа сатып алу үшiн "Астық", "Береке", "Тағам", "Жеңiлөнеркәсiп" мемлекеттiк акционерлiк және холдингтiк компанияларына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне кредит желiлерiн ашу туралы ұсынысты пысықтап, Үкiметтiң қарауына енгiзетiн болсын.
      13. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылы ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу және беру туралы" 1994 жылғы 10 қаңтардағы N 48 қаулысының 7-тармағындағы төртiншi-алтыншы абзацтары, 8-тармағы, "Легпром" мемлекеттiк холдинг компаниясы" бөлiмiн қоспағанда, 1-қосымшасы және N 2 қосымшасы;

     Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет
мұқтажы үшiн 1994 жылы ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу және
беру туралы" 1994 жылғы 10 қаңтардағы N 48 қаулысына өзгертулер
мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 ақпандағы N 160 қаулысының
9-абзацы.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы   
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 8 тамыздағы
                                           N 883 қаулысына
                                            N 1 қосымша
     
            Мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылға бюджет
        қаражаты мен банк кредитi есебiнен сатып алынатын
                  дәндi дақылдар сатып алудың
                         Көлемi
     
                   "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы
                   -------------------------------------------
                                                       (мың тонна)
Дәндi дақылдар - барлығы                                     5000
оның iшiнде тұқымдық                                          300
Дақылдар бойынша:              
 бидай - барлығы (III кластан төмен емес)                    4000
 оның:
 жұмсағы                                                     3780
 қаттысы                                                      220
 қара бидай                                                    65
 тары                                                         150
 қарақұмық                                                     60
 жүгерi - барлығы                                             300
 оның iшiнде тұқымдық                                         100
 арпа (II кластан төмен емес)                                 215
 бұршақтылар                                                   10
 күрiш                                                        200
--------------------------------------------------------------------


                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 тамыздағы N 883 қаулысына N 2 қосымша


             Мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылға облыстар бойынша

             бюджет қаражаты мен банк кредитi есебiнен сатып
                  алынатын дәндi дақылдар сатып алудың
                            көлемi                      (мың тонна)
--------------------------------------------------------------------
 Облыстар         ! Дән! Дақылдар бойынша сатып алынатын
                  ! дi !    астықтың жалпы көлемiнен
                  ! дақ!--------------------------------------------
                  ! ылд! бидай          ! қа! та! қа! жү! ар! бұ! кү
                  ! ар !----------------! ра! ры! ра! ге! па! рш! рi
                  ! бар!бар!    оның    ! би!   ! құ! рi!   ! ақ! ш
                  ! лы !лығ!------------! да!   !мық!бар!   !тұқ!
                  ! ғы !ы  !жұмсағ!қатты! й !   !   !лығ!   !ымд!
                  !    !   ! ы    ! сы  !   !   !   !ы  !   !ас !
--------------------------------------------------------------------
Ақмола             600  590  550     40   -   -   -   -  10   -   -
Ақтөбе             310  220  210     10  10  40   -   -  40   -   -
Алматы             120   20   20     -    -   -   -   90  -   -  10
Шығыс Қазақстан    140  100  100     -   10   -  20   -   -   10  -
Жамбыл             200  130  130     -    -   -   -   70  -   -   -
Жезқазған           50   50   50     -    -   -   -   -   -   -   -
Батыс Қазақстан    290  200  200     -   30  40   -   -  20   -   -
Қарағанды          160  160  160     -    -   -   -   -   -   -   -
Қызылорда          140   -    -      -    -   -   -   -   -   -  140
Көкшетау           530  520  470     50   -   -   -   -  10   -   -
Қостанай           850  825  780     45   -  15   5   -   5   -   -
Павлодар           230  150  150     -    -  50  20   -  10   -   -
Солтүстiк Қазақстан450  385  355     30   -   -   -   -  65   -   -
Семей              120   70   70     -   15   5   15  -  15   -   -
Талдықорған        170   85   85     -    -   -   -   70  5   -   10
Торғай             480  445  400     45   -   -   -   -  35   -   -
Оңтүстiк Қазақстан 160   50   50     -    -   -   -   70  -   -   40

     Жиыны        5000 4000 3780   220   65  150  60 300 215  10 200
--------------------------------------------------------------------


                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 тамыздағы N 883 қаулысына N 3 қосымша

            Дәндi дақылдарды сатып алу кезiнде қолданылатын
          негiзгi сатып алу бағасы (қосылған құнға салықсыз)
--------------------------------------------------------------------
    Дақылдардың атауы                          ! Тоннаға теңгемен
--------------------------------------------------------------------
                 1                             !         2
--------------------------------------------------------------------
Қатты бидай
        I класты                                      3600
        II класты                                     3100
        III класты                                    2900
        IV класты (жармалық-)                         1900
        V класты                                      1400

Жұмсақ бидай
        жоғарғы класты                                4000
        I класты                                      3600
        II класты                                     3100
        III класты                                    2900
        IV класты                                     1900
        V класты                                      1400
        
Дәндiк күрiш
        Жоғары класты                                 4400
        I класты                                      4000
        II класты                                     3500
        III класты                                    2900
        
Тары
        I класты                                      3000
        II класты                                     2400
        III класты                                    2200
        
Арпа
        I класты                                      2700
        II класты                                     1900
        сыра қайнататын арпа                          2900

Сұлы
        I класты                                      2700
        II класты                                     1900
        III класты                                    1700
        IV класты                                     1400

Қара бидай
        А тобы (I, II, III класты)                    2700
        Б тобы (IV класты)                            1600

Қарақұмық
        I класты                                      4300
        II класты                                     4000
        III класты                                    3400

Жүгерi
        I класты                                      5600
        II класты                                     5200
        III класты                                    4800

Бұршақ
        I класты                                      3600
        II класты                                     3100
        III класты                                    2700
  
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады