Әскери, әскери-әуе және әcкери-теңiз атташелерiнiң аппараты туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 11 тамыз 1994 жылғы N 892 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 671 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 671 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қытай Халық Республикасындағы, Ресей Федерациясындағы, Америка Құрама Штаттарындағы және Түрiк Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшiлiктерi жанынан әскери атташелер лауазымының енгiзiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Осыған қосылған Әскери, әскери-әуе және әскери-теңiз атташелерi туралы Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат санына мыналар қосымша енгiзiлсiн:
      Қытай Халық Республикасында - әскери атташе лауазымы және құрамында әскери атташенiң көмекшiсi мен аудармашы бар аппарат;
      Ресей Федерациясында - әскери атташе лауазымы және құрамында әскери атташенiң көмекшiсi бар аппарат;
      Америка Құрама Штаттарында - әскери атташе лауазымы және құрамында әскери атташенiң көмекшiсi бар аппарат;
      Түрiк Республикасында - әскери атташе лауазымы және құрамында әскери атташенiң көмекшiсi бар аппарат.
      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қытай Халық Республикасындағы, Ресей Федерациясындағы, Америка Құрама Штаттарындағы, Түрiк Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшiлiктерiндегi әскери атташелер мен олардың аппаратының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шығыс сметасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне табыс етсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi аталған мақсатқа қажеттi қаржы бөлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi ведомстволық актiлер мен нұсқауларға осы қаулыға сәйкес өзгерiстер мен толықтырулар енгiзсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 11 тамыздағы
                                           N 892 қаулысымен
                                            Бекiтiлген

        Әскери, әскери-әуе, әскери-теңiз атташелерi туралы
                               Ереже

                        I. Жалпы ережелер

       1. Әскери, әскери-әуе, әскери-теңiз атташелерi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен қызметке тағайындалады және өздерi барған мемлекеттегi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң ресми өкiлi болып табылады. Әскери атташелер Қазақстан Республикасының елшiлiгi ашылған мемлекеттiң тиiстi әскери ведомствосы жанында тiркеледi және өзiнiң мәртебесi бойынша Қазақстан Республикасы елшiлiгiнiң дипломатиялық қызметкерiне жатқызылады.
      Бұдан былай - әскери атташелер.
      2. Дипломатиялық дәрежесi жөнiнде әскери атташелер Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң әскери мәселелер бойынша кеңесшiсi болып табылады.
      3. Әскери атташе Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiне, ал атқаратын жұмысына қатысты бөлiгiнде - өзi тағайындалған мемлекеттегi Қазақстан Республикасының Елшiсiне бағынады.
      4. Негiзгi функциялары бойынша әскери атташелер өздерi тағайындалған мемлекетте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң өкiлi болып табылады, өздерi тағайындалған мемлекеттiң әскери, әскери-экономикалық, әскери-техникалық саясатын зерделеп, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне хабарлап отырады, өздерi тағайындалған елдiң Қарулы Күштерi мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi арасында достық қарым-қатынас орнатады және оны нығайтады, сондай-ақ ақпараттық-өкiлдiк жұмыс жүргiзедi.
      5. Әскери атташелер дипломатиялық қарым-қатынас туралы 1961 жылғы Вена конвенциясында көзделген және өздерi тағайындалған мемлекет елшiлiктiң дипломатиялық қызметкерлерiне беретiн артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
      6. Әскери атташелердiң өз аппараты болуы мүмкiн. Әскери атташелер аппаратының санына шет елдегi Қазақстан Республикасы елшiлiгi (өкiлдiгi) қызметкерiнiң жалпы саны шегiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi.
      Аппарат құрамына әскери атташенiң орынбасарлары мен көмекшiлерi (дипломатиялық қызметкерлер), сондай-ақ әскери атташелер аппаратының аудармашы, машинисшi, жүргiзушi және т. б. (әкiмдiк-техникалық және қызмет көрсетушi адамдары) функциясын атқарушы қызметкерлерi кiредi.
      Әскери атташелердiң, олардың аппаратының, сондай-ақ отбасы мүшелерiнiң өздерi барған елде болу мерзiмi, ұлттық және шетелдiк валютадағы айлықақысы, шет елдегi ауыр климат жағдайындағы жұмысы үшiн арнаулы үстемақы, мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру, медициналық жәрдем, тұрғын жаймен қамтамасыз ету және басқа қамтамасыз ету түрлерi Шет елдегi еңбек жағдайлары туралы ережелерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң басқа да нормативтi актiлерi мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң бұйрықтарына сәйкес белгiленедi.
      7. Қазақстан Республикасының сол мемлекетпен қарым-қатынасының деңгейiне қарай онда әскери атташе, әскери-әуе атташесi және әскери-теңiз атташесi немесе олардың кейбiреуi ғана тiркелуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi командованиесiнiң ұйғаруы бойынша осындай атташелердiң бiреуiне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң барлық түрлерiнiң өкiлi болу жөнiндегi функцияны жүктеуге болады.
      8. Жекелеген жағдайда әскери атташелер бiр елде тұрғылықты тұрып, екi немесе одан да көп елде тiркелуi мүмкiн.
      9. Әскери атташелер ресми қызметiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң басшылығымен оның сыртқы байланыс органдары арқылы жүзеге асырады.
      10. Әскери атташелер мен олардың аппаратының офицерлерi өздерi тағайындалған мемлекетке барар алдында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi ұйымдастырған арнайы дайындықтан өтедi.
      11. Тағайындалған елде болу мерзiмi аяқталғаннан кейiн, ал қажет болған жағдайда мерзiмiнен бұрын, әскери атташелер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен қызметiнен керi шақырып алынады, бұл жайында олар тағайындалған елдiң Сыртқы iстер министрлiгiне немесе тараптар анықтағанындай бiр басқа министрлiкке хабарланады.
 
                    II. Өкiлдiк жұмыс 
 
      12. Әскери атташелер мен олардың аппараты офицерлерiнiң өкiлдiк жұмысына өздерi тағайындалған мемлекеттiң әскери ведомстволарымен ресми байланыс орнату және оны қолдау, әскери саладағы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ хаттама шараларды жүргiзу жөнiндегi қызметi енгiзiледi. Әскери өкiлдiк жұмысты ұйымдастыру мен жүргiзу үшiн жауапкершiлiк әскери атташелерге жүктеледi.
      13. Өкiлдiк жұмысында әскери атташелер Қазақстан Республикасының заңдарын, Қорғаныс министрiнiң, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабы бастығының бұйрықтары мен директиваларын басшылыққа алады. Тағайындалған мемлекеттегi өкiлдiк жұмыс мәселелерiн әскери атташелер Қазақстан Республикасының Елшiсiмен келiсiп отырады.
      14. Өз мемлекетi Қарулы Күштерiнiң өкiлдiгiн жүзеге асыра отырып, әскери атташелер:
      өзi тағайындалған мемлекеттiң Қарулы Күштерi командованиесiмен ресми қарым-қатынас орнатып, оған қолдау көрсетедi, жергiлiктi әскери өкiметтiң шақыруымен парадтарға, байқауларға, салтанаттарға, әскери жаттығулар мен маневрлерге қатысады, әскери объектiлерге және әскери-оқу орындарына барады, ел iшiндегi сапарларға қатысады; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi командованиесiнiң нұсқауы бойынша ЕҚЫК-нiң құжаттарына сәйкес бақылаушы функциясын атқаруға тартылуы мүмкiн;
      өзi тағайындалған мемлекеттiң үкiметi және әскери басшылығы, дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған шет ел мемлекеттерiнiң елшiлiктерi мен әскери өкiлдерi ұйымдастырған қабылдаулар мен ресми шараларға қатысады;
      өзi тағайындалған елге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабының бастығы мен оның орынбасарларының сапарын дайындауға қатысады, оларды қарсы алып, сапар кезiнде ерiп жүредi;
      өзi тағайындалған мемлекетте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң басқа да лауазымды адамдары мен әскери қызметшiлер тобының болу бағдарламасының жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi.
      15. Елшiнiң нұсқауы бойынша әскери атташелер елшiлiктiң жылдық баяндамасының өзi тағайындалған мемлекеттiк әскери саясаты мен қарулы күштерi туралы бөлiмiн дайындайды.
      16. Әскери атташелер ай сайын, ал қажет болған жағдайда дереу, өзi тағайындалған елдегi әскери-саяси жағдай туралы дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне хабарлайды.
 
                    III. Ақпараттық жұмыс 
 
      17. Әскери атташелердiң ақпарат жұмысы Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын қамтамасыз ету жөнiндегi қызмет бабындағы жұмысының құрамдас бөлiгi болып табылады.
      18. Ақпараттық жұмыс Елшiнiң басшылығымен дербес шаралар нысанында, сондай-ақ хаттама-өкiлдiк қызмет кезiнде жоспарланып, жүргiзiледi.
      Бұл қызметтiң негiзгi нысандары:
      жергiлiктi, соның iшiнде әскери аудитория алдында лекция, баяндама жасау, әңгiме өткiзу;
      радио, теледидар арқылы сөз сөйлеп, баспасөзде жариялым жасау (Қазақстан Республикасы Елшiсi мен Қорғаныс министрлiгiнiң келiсуi бойынша);
      елшiлiк өкiлдерiмен бiрлесiп шет ел журналистерiне арналған баспасөз конференцияларына қатысу;
      әскери-дипломатиялық корпус өкiлдерiне арналған көркем және деректi фильмдер мен бейнетаспаларды байқап көру;
      фотокөрмелер ұйымдастыру.
 

Об аппаратах военных, военно-воздушных и военно-морских атташе

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 11 августа 1994 г. № 892. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2015 года № 671

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 671 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В связи с введением должностей военных атташе при посольствах Республики Казахстан в Китайской Народной Республике, Российской Федерации, Соединенных Штатах Америки и Турецкой Республике Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемое Положение об аппаратах военных, военно-воздушных и военно-морских атташе.
      2. Ввести дополнительно в штатную численность Посольства Республики Казахстан в:
      Китайской Народной Республике - должность военного атташе и аппарат в составе помощника военного атташе и переводчика;
      Российской Федерации - должность военного атташе и аппарат в составе помощника военного атташе;
      Соединенных Штатах Америки - должность военного атташе и аппарат в составе помощника военного атташе;
      Турецкой Республике - должность военного атташе и аппарат в составе помощника военного атташе.
      3. Министерству обороны Республики Казахстан в месячный срок разработать и представить на утверждение в Кабинет Министров Республики Казахстан смету расходов по обеспечению деятельности военных атташе и их аппаратов в посольствах Республики Казахстан в Китайской Народной Республике, Российской Федерации, Соединенных Штатах Америки, Турецкой Республике.
      4. Министерству финансов Республики Казахстан выделить необходимые ассигнования на указанные цели.
      5. Министерству иностранных дел, Министерству обороны Республики Казахстан внести в ведомственные акты и инструкции изменения и дополнения в соответствии с настоящим постановлением.
Премьер-министр Республики Казахстан
 

                                    Утверждено

                           постановлением Кабинета Министров

                                Республики Казахстан

                             от 11 августа 1994 г. N 892

 
                    Положение
         об аппаратах военных, военно-воздушных
              и военно-морских атташе
 
               I. Общие положения
 
      1. Военные, военно-воздушные и военно-морские атташе назначаются на должности приказом Министра обороны Республики Казахстан и являются официальными представителями Вооруженных Сил Республики Казахстан в государствах пребывания. Военные атташе аккредитуются при соответствующем военном ведомстве государства, в котором открыто посольство Республики Казахстан, и по своему статусу относятся к дипломатическому персоналу посольства Республики Казахстан.
      Сноска. В дальнейшем военные атташе.
      2. По своему дипломатическому рангу военные атташе являются советниками Посла Республики Казахстан по военным вопросам.
      3. Военные атташе подчиняются Министру обороны Республики Казахстан, а в части проводимой ими работы - Послу Республики Казахстан в стране пребывания.
      4. По своим основным функциям военные атташе представляют Вооруженные Силы Республики Казахстан в государстве пребывания, изучают и информируют Министерство обороны Республики Казахстан о военной, военно-экономической, военно-технической политике государства пребывания, устанавливают и укрепляют дружественные отношения между Вооруженными Силами страны пребывания и Вооруженными Силами Республики Казахстан, а также ведут информационно-представительскую работу.
      5. Военные атташе пользуются привилегиями и иммунитетами, предусмотренными Венской конвенцией о дипломатических отношениях 1961 года, и предоставляемыми государством пребывания дипломатическому персоналу посольства.
      6. Военные атташе могут иметь свои аппараты. Численность аппаратов военных атташе устанавливается Кабинетом Министров Республики Казахстан в пределах общей численности посольства (представительства) Республики Казахстан за рубежом.
      В состав аппаратов входят заместители и помощники военных атташе (дипломатический персонал), а также сотрудники аппаратов военных атташе, выполняющие функции переводчиков, машинисток, шоферов и др. (административно-технический и обслуживающий персонал).
      Сроки пребывания, заработная плата в национальной и иностранной валютах, специальные надбавки за работу за границей в тяжелых климатических условиях, государственное социальное страхование, медицинская помощь, предоставление жилых помещений и другие виды обеспечения военных атташе, их аппаратов, а также членов их семей в стране пребывания устанавливаются в соответствии с Правилами об условиях труда за границей, а также другими нормативными актами Кабинета Министров Республики Казахстан и приказами Министра обороны Республики Казахстан.
      7. В зависимости от уровня отношений Республики Казахстан с государством пребывания в нем могут быть аккредитованы военный атташе, военно-воздушный атташе и военно-морской атташе или некоторые из них. По решению командования Вооруженных Сил Республики Казахстан на одного из таких атташе могут возлагаться функции по представлению всех видов Вооруженных Сил Республики Казахстан.
      8. В отдельных случаях военные атташе могут аккредитовываться в двух и более странах с постоянным местом пребывания в одной из них.
      9. Военные атташе осуществляют официальную деятельность под руководством Министерства обороны через его органы внешних связей.
      10. Военные атташе и офицеры их аппаратов перед выездом в страну пребывания проходят специальную подготовку, которая организуется Министерством обороны Республики Казахстан.
      11. Военные атташе отзываются в занимаемой должности приказом Министра обороны Республики Казахстан по окончании срока пребывания в стране предназначения, а при необходимости и досрочно, о чем извещается Министерство иностранных дел страны пребывания или какое-либо другое, определенное сторонами, министерство.
 
                    II. Представительская работа
 
      12. Представительская работа включает в себя деятельность военных атташе и офицеров их аппаратов по установлению и поддержанию официальных связей с военными ведомствами государства пребывания, развитию отношений в военной области, а также проведение протокольных мероприятий. Ответственность за организацию и ведение военной представительской работы возлагается на военных атташе.
      13. В представительской работе военные атташе руководствуются законодательством Республики Казахстан, приказами и директивами Министра обороны, Начальника Главного штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан. Вопросы представительской работы в государстве пребывания военные атташе согласовывают с Послом Республики Казахстан.
      14. Осуществляя представительство Вооруженных Сил своего государства, военные атташе:
      устанавливают и поддерживают официальные сношения с командованием Вооруженных Сил государства пребывания, присутствуют по приглашению местных военных властей на парадах, смотрах и церемониях, военных учениях и маневрах, посещают военные объекты и военно-учебные заведения, участвуют в поездках по стране; по указанию командования Вооруженных Сил Республики Казахстан военные атташе могут привлекаться к выполнению функций наблюдателей в соответствии с документами СБСЕ;
      посещают приемы и другие официальные мероприятия, устраиваемые правительством, военным руководством страны пребывания, иностранными посольствами и военными представителями государств, с которыми имеются дипломатические отношения;
      участвуют в подготовке визитов в страну пребывания, встречают и сопровождают Министра обороны Республики Казахстан и его заместителей, начальника Главного штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан и его заместителей;
      обеспечивают осуществление программы в принимающем государстве других должностных лиц Министерства обороны Республики Казахстан, групп военнослужащих.
      15. По указанию Посла военные атташе готовят раздел о военной политике и вооруженных силах государства пребывания в годовой доклад посольства.
      16. Военные атташе ежемесячно, а при необходимости немедленно докладывают по дипломатическим каналам Министерству обороны Республики Казахстан о военно-политической обстановке в стране пребывания.
 
                    III. Информационная работа
 
      17. Информационная работа военных атташе является составляющей частью их служебной деятельности по обеспечению внешнеполитического курса Республики Казахстан.
      18. Информационная работа планируется и проводится под руководством Посла в форме самостоятельных мероприятий, а также в ходе протокольно-представительской деятельности.
      Основными формами деятельности являются:
      выступление перед местной, в том числе военной аудиторией с лекциями, докладами, беседами;
      выступление по радио, телевидению и в печати (по согласованию с Послом и Министерством обороны Республики Казахстан);
      совместное участие в пресс-конференциях для иностранных журналистов с представителями посольства;
      кино- и видеопросмотры документальных и художественных фильмов для представителей военно-дипломатического корпуса;
      организация фотовыставок.