"Атакент" еркiн сауда аймағының мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 23 тамыз 1994 ж. N 950. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Атакент" еркiн сауда аймағы туралы" 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 1663 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Мыналар бекiтiлсiн: 
      "Атакент" еркiн сауда аймағының Әкiмшiлiк кеңесi туралы Ереже; 
      <*> 
        Ескерту. 1-шi тармақтың 2-шi абзацы алынып тасталды - ҚРМК-нiң 1995.10.13.  N 1327  қаулысымен.  
      2.<*> 
       Ескерту. 2-шi тармақ алынып тасталды - ҚРМК-нiң 1995.10.13. 
N 1327 қаулысымен.  
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығы "Атакент" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн еркiн сауда аймағы қызмет атқаратын мерзiмiнiң iшiнде басқару және пайдалану құқығын "Атакент" еркiн сауда аймағының Әкiмшiлiк кеңесiне белгiленген тәртiппен табыс етсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Атакент" еркiн сауда аймағының Әкiмшiлiк кеңесiнiң қатысуымен бiр ай мерзiмде кеден бөлiмшелерi мен пункттерiн құрсын, әрi олардың қызметiнiң және оларды ұстаудың тәртiбiн анықтасын.      

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы      
Министрлер Кабинетiнiң      
1994 жылғы 23 тамыздағы      
N 950 қаулысымен         
Бекiтiлген             

            "Атакент" еркiн сауда аймағының Әкiмшiлiк
                      кеңесi туралы
                         ЕРЕЖЕ     

                   I. Жалпы ережелер

      1. "Атакент" еркiн сауда аймағының (бұдан былай - "Атакент" ЕСА) Әкiмшiлiк кеңесi осы еркiн сауда аймағының дамуы мен қызметi үшiн жауап беретiн оның аумағындағы жоғары басқару органы болып табылады. 
      Әкiмшiлiк кеңес "Атакент" ЕСА құрылымдық бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлер, олардың iшiнде "Атакент" ЕСА аумағында тiркелген және қызмет атқаратын субъектiлермен өзара қарым-қатынасын реттеуге жәрдемдеседi. 
      2. Әкiмшiлiк кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Атакент" еркiн сауда аймағы туралы" 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 1663 Жарлығында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басқа да шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
      3. Әкiмшiлiк кеңестiң негiзгi мiндеттерi: 
      "Атакент" ЕСА дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеу және оларды жүзеге асыру тетiктерiн анықтау; 
      "Атакент" ЕСА аумағында халықаралық маңызы бар бiртұтас сауда экономикалық және экспозициялық-ақпараттық кешен құру, әрi осы мақсат үшiн белгiленген тәртiппен отандық және шетелдiк инвестициялар мен кредиттердi тарту; 
      "Атакент" ЕСА аумағында тiркелген және қызмет атқаратын шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерге өзара тиiмдi iскерлiк ынтымақтастық орнатуға, тауар ресурстарының келiп түсуiн молайтуға және өнеркәсiптiк-технологиялық кооперацияны жолға қоюға жәрдемдесетiн жағдай туғызылуын қамтамасыз ету; 
      ноу-хау, озық технологиялар енгiзуге, өнiмдер шығаруға бағдарланған өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы және басқа өндiрiстердi дамыту жобаларына сараптамалар ұйымдастыру; 
      ұйымдастыру тәжiрибесiн дәйектеу, жинақтау және оларды республиканың басқа өңiрлерiнде қолдану үшiн нарықтық қатынастардың экономикалық-құқықтық нормаларын жетiлдiру; 
      "Атакент" ЕСА аумағында инжиниринг, ақпарат, консалтинг, маркетинг және өзге сервис қызметiн қамтитын қызмет көрсету индустриясын ұйымдастырып, дамыту болып табылады. 
      4. Әкiмшiлiк кеңес барлық шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлермен, соның iшiнде "Атакент" ЕСА аумағында тiркелген және қызмет атқаратын субъектiлермен өзiнiң қарым-қатынасын шарттардың негiзiнде құрады. 

 
               II. Әкiмшiлiк кеңестiң негiзгi функциялары 

 
      5. "Атакент" ЕСА Әкiмшiлiк кеңесi өзiнiң негiзгi мiндеттерiне сүйенiп: 
      "Атакент" ЕСА дамуының ағымдағы және перспективалық бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыруды қамтамасыз етедi; 
      "Атакент" ЕСА бюджетiн қарап бекiтедi; 
      "Атакент" ЕСА мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiне басшылық етедi; 
      (бесiншi абзац)<*> 
      "Атакент" ЕСА-ын дамыту, оның объектiлерiн қайта жаңарту мен салу үшiн отандық және шетелдiк инвестициялар мен кредит қаражатын тарту жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 
      "Атакент" ЕСА қорларын және басқа қаржы ресурстарын құру мен пайдалану жөнiнде шешiм қабылдайды; 
      шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлердiң "Атакент" ЕСА бюджетiне алымдар мен төлемдердi уақтылы енгiзуiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады; 
      мемлекеттiк және басқа органдарда "Атакент" ЕСА-ның мүддесiн бiлдiредi, мемлекеттiк органдарға "Атакент" ЕСА қызметiнiң экономикалық және құқықтық режимiн өзгерту жайында ұсыныстар енгiзедi; 
      "Атакент" ЕСА аумағындағы мемлекет меншiгiндегi объектiлердi мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне ұсыныстар енгiзедi; 
      "Атакент" ЕСА аумағында табиғат қорғау қызметiн ұйымдастырады және тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етедi; 
      өз қызметiн "Атакент" ЕСА бюджетiнiң есебiнен жүзеге асырады. 
       Ескерту. 5-шi тармақтың бесiншi абзацы алынып тасталды - 
ҚРМК-нiң 1995.10.13. N 1327 қаулысымен

 
                III. Әкiмшiлiк кеңестiң құзыретi  

 
      6. Өзiне жүктелген функцияларды орындау үшiн Әкiмшiлiк кеңестiң: 
      "Атакент" ЕСА-ның аумағында өзiн өзi ақтау мен өзiн өзi қаржыландыру принциптерi негiзiнде қызмет атқаратын құрылымдық бөлiмшелер, дербес ұйымдар, оның iшiнде шетел капиталы қатысатын ұйымдар жасақтауға; 
      "Атакент" ЕСА аумағында тiркелген және өзi қызмет атқаратын шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерден ағымдағы және перспективалық бағдарламаларды әзiрлеуге қажет жекелеген анықтамалық материалдар мен ақпаратты сұратып алдыруға; 
      "Атакент" ЕСА-ның қатысуымен жүзеге асырылатын аса маңызды проблемалары мен жобалар бойынша үйлестiру, ғылыми-техникалық және сараптау комиссиялары мен топтарын құруға; 
      "Атакент" ЕСА аумағында тiркелген және өз қызметiн жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлер басшыларының ЕСА дамуының бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру, олардың қабылдаған мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi мәселелер бойынша есептерiн тыңдауға; 
      шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлердiң табиғатты пайдалану және айналадағы орта мен инфрақұрылым объектiлерiн қорғау ережелерiн сақтауына бақылауды жүзеге асыруға; 
      ЕСА аумағында тiркелген және қызмет атқаратын шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiне белгiленген тәртiппен тиiстi бақылаушы органдарды қатыстыру арқылы бақылау мен тексерудi жүзеге асыруға; 
      "Қазақстан Республикасының заңдарын, "Атакент" ЕСА-ның нормативтiк актiлерiн, құрылтайшы құжаттар мен контракттарда баянды етiлген мiндеттемелердi, сондай-ақ осы Ереженi бұзған жағдайда шаруашылық жүргiзушi немесе өзге субъектiнiң қызметiнiң жекелеген түрлерiн кiдiрту, тыйым салу немесе бүкiл қызметiн доғарту туралы шешiм қабылдауға құқығы бар.<*> 
      Әкiмшiлiк кеңестiң шешiмi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiппен жойылуы мүмкiн. 
       Ескерту. 6-шы тармақтың сегiзiншi абзацындағы сөздер алынып 
тасталды - ҚРМК-нiң 1995.10.13. N 1327 қаулысымен. 
      7. Әкiмшiлiк кеңес шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлердiң шаруашылық, қаржы және өзге қызметiне, егер бұл қызмет "Атакент" ЕСА аумағында қолданылатын Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, араласа алмайды. 
      8. Әкiмшiлiк кеңес "Атакент" ЕСА аумағында тiркелген және шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерге Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Атакент" еркiн сауда аймағын құру туралы" 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 1663 Жарлығына сәйкес ынталандыратын жағдайлар туғызу мен жеңiлдiктер беру тәртiбiн, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлерге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалға жер беру құқығын табыстау тәртiбiн анықтайды. 

 
             IV. Әкiмшiлiк кеңестiң қызметiн ұйымдастырудың 
                        негiзгi мәселелерi  

 
      9. Әкiмшiлiк кеңеске Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын Төраға басшылық етедi. 
      Әкiмшiлiк кеңес төрағасының үш орынбасары болады. 
      Әкiмшiлiк кеңес мүшелерiнiң арасындағы мiндеттердi Төраға бөледi және бекiтедi. 
      10. Әкiмшiлiк кеңестiң төрағасы "Атакент" ЕСА-на жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуы үшiн жеке дара жауап бередi, төраға орынбасарларының және құрылымдық бөлiмшелер басшыларының ЕСА қызметiнiң жекелеген бағыттарына басшылығы үшiн жауапкершiлiк деңгейiн белгiлейдi. 
      Әкiмшiлiк кеңестiң төрағасы: 
      өз құзырының шегiнде оған бағынысты барлық құрылымдардың орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарып, нұсқаулар бередi; 
      өзiнiң орынбасарларын, әкiмшiлiк кеңестiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 
      атқарушы дирекцияның және басқа бөлiмшелердiң штатын, құрылымын, еңбекке ақы төлеу шарттарын бекiтедi; 
      оның Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Ережеге сәйкес басқа да құқықтары болады. 
      11. Әкiмшiлiк кеңесi 11 адамнан құрылады, оның құрамына Төраға мен оның лауазым бойынша орынбасарлары, "Атакент" ЕСА аумағында тiркелген және өз қызметiн жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлердiң басшылары, әрi мемлекеттiк басқару органдарының өкiлдерi кiредi. 
      Әкiмшiлiк кеңестiң дербес құрамын Әкiмшiлiк кеңес төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. 
      12. Әкiмшiлiк кеңестi қажетiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет төраға немесе оның тапсыруы бойынша орынбасарларының бiрi шақырып отырады. Кеңестiң мәжiлiсiне қажет болған жағдайларда талқыланып отырған мәселелерге тiкелей қатысы бар шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлердiң, мемлекеттiк органдардың басшылары, ғалымдар мен мамандар қатысады. 
      Әкiмшiлiк кеңестiң мәжiлiстерiнде қаралған мәселелер қаулымен ресiмделедi және кеңес мүшелерiнiң үштен екiсi жақтап дауыс берген жағдайда шешiм қабылданды деп саналады. 
      Әкiмшiлiк кеңестiң өз құзырының шегiнде қабылдаған шешiмдерi ЕСА аумағында тiркелген және өз қызметiн жүзеге асыратын барлық шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлердiң орындауы үшiн мiндеттi. 
      13. "Атакент" ЕСА-ның басқарушы жұмыс органы Әкiмшiлiк кеңес жасақтайтын атқарушы дирекция болып табылады. 
      Атқарушы дирекцияға бас директор басшылық етедi, ол сонымен қатар Әкiмшiлiк кеңес төрағасының бiрiншi орынбасары болып табылады. 
      Атқарушы дирекцияның және бас директордың құқықтары мен мiндеттерiн Әкiмшiлiк кеңес бекiтетiн Ереже анықтайды. 
      14. Әкiмшiлiк кеңес пен шаруашылық жүргiзушi және өзге субъектiлер арасындағы даулар Қазақстан Республикасының сот және төрелiк сот органдарында немесе тараптардың уағдаласуы бойынша аралық сотта қаралады. 
      15. "Атакент" ЕСА Әкiмшiлiк кеңесiнiң есеп айырысу шоты, қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрi болады. 

Қазақстан Республикасы       
Министрлер Кабинетiнiң       
1994 жылғы 23 тамыздағы       
N 950 қаулысымен           
Бекiтiлген               

       "Атакент" еркiн сауда аймағы аумағында шаруашылық
        жүргiзушi субъектiлердi тiркеу тәртiбi туралы 
                      Ереже 

       Ескерту. Бұл Ереженiң күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.10.13. 
N 1327  қаулысымен.  

Вопpосы свободной тоpговой зоны "Атакент"

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 23 августа 1994 г. N 950. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

     Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 18 апреля 1994 г. N 1663 U941663_  "О свободной торговой зоне "Атакент" Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
     1. Утвердить:
     Положение об Административном совете свободной торговой зоны "Атакент";
     (Абзац третий исключен - постановлением Правительства РК от 13 октября 1995 г. N 1327)
     2. Пункт 2 исключен - постановлением Правительства РК от 13 октября 1995 г. N 1327.
     3. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу передать в установленном порядке Административному совету свободной торговой зоны "Атакент" право управления и пользования государственным пакетом акций в акционерном обществе Казахстанский центр делового сотрудничества "Атакент" на период действия свободной торговой зоны.
     4. Министерству финансов Республики Казахстан с участием Административного совета свободной торговой зоны "Атакент" в месячный срок образовать таможенные подразделения и пункты с определением порядка их функционирования и содержания.

    Премьер-министр
  Республики Казахстан

                              УТВЕРЖДЕНО     
                    постановлением Кабинета Министров
                          Республики Казахстан
                       от 23 августа 1994 г. N 950

                            ПОЛОЖЕНИЕ
         об Административном совете свободной торговой зоны
                            "Атакент"

                       I. Общие положения


     1. Административный совет свободной торговой зоны "Атакент" (далее - СТЗ "Атакент") является высшим органом управления на территории свободной торговой зоны, ответственным за ее развитие и функционирование.
     Административный совет содействует урегулированию взаимоотношений структурных подразделений СТЗ "Атакент" с органами государственного управления Республики Казахстан, а также с хозяйствующими и иными субъектами, в том числе зарегистрированными и действующими на территории СТЗ "Атакент".
     2. Административный совет в своей деятельности руководствуется Конституцией и законодательством Республики Казахстан с учетом особенностей, предусмотренных Указом Президента Республики Казахстан от 18 апреля 1994 г. N 1663 "О свободной торговой зоне "Атакент", и другими решениями Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан, а также настоящим Положением.
     3. Основными задачами Административного совета являются:
     разработка основных направлений развития СТЗ "Атакент" и определение механизмов их реализации;
     создание на территории СТЗ "Атакент" единого торгово-экономического и экспозиционно-информационного комплекса международного значения и привлечение для этих целей отечественных и иностранных инвестиций и кредитов в установленном порядке;
     обеспечение условий хозяйствующим и иным субъектам, зарегистрированным и действующим на территории СТЗ "Атакент", способствующим установлению взаимовыгодного делового сотрудничества, увеличению притока товарных ресурсов и налаживанию промышленно-технологической кооперации;
     организация экспертизы проектов развития промышленных, сельскохозяйственных и других производств, ориентированных на внедрение ноу-хау, передовых технологий, выпуск продукции;
     отработка, накопление организационного опыта и совершенствование экономико-правовых норм рыночных отношений для их использования в других регионах республики;
     организация и развитие на территории СТЗ "Атакент" индустрии услуг, включающей инжиниринговое, информационное, консалтинговое, маркетинговое и иное сервисное обслуживание.
     4. Административный совет строит свои взаимоотношения со всеми хозяйствующими и иными субъектами, в том числе с зарегистрированными и действующими на территории СТЗ "Атакент" на основе договоров.

             II. Основные функции Административного совета

     5. Исходя из своих основных задач, Административный совет СТЗ "Атакент":
     обеспечивает разработку и реализацию текущих и перспективных программ развития СТЗ "Атакент";
     рассматривает и утверждает бюджет СТЗ "Атакент";
     руководит деятельностью СТЗ "Атакент" и ее структурных подразделений;
     (Абзац пятый исключен - постановлением Правительства РК от 13 октября 1995 г. N 1327.)
     организовывает работу по привлечению отечественных и иностранных инвестиций и кредитных средств для развития СТЗ "Атакент", реконструкции и строительства ее объектов;
     принимает решение о создании и использовании фондов и других финансовых ресурсов СТЗ "Атакент";
     принимает меры по своевременному внесению в бюджет СТЗ "Атакент" сборов и платежей хозяйствующими и иными субъектами;
     представляет интересы СТЗ "Атакент" в государственных и других органах управления, вносит предложения в государственные органы об изменении экономического и правового режима своей деятельности;
     вносит предложения по разгосударствлению и приватизации объектов государственной собственности на территории СТЗ "Атакент" в Государственный комитет Республики Казахстан по государственному имуществу;
     организовывает природо-охранную деятельность и обеспечивает сохранность историко-культурных ценностей на территории СТЗ "Атакент";
     осуществляет свою деятельность за счет бюджета СТЗ "Атакент".

             III. Компетенция Административного совета

     6. Для выполнения возложенных функций Административный совет имеет право:
     образовывать структурные подразделения, самостоятельные организации, в том числе и с участием иностранного капитала, функционирующие на территории СТЗ "Атакент" на принципах самоокупаемости и самофинансирования;
     запрашивать от хозяйствующих и иных субъектов, зарегистрированных и осуществляющих свою деятельность на территории СТЗ "Атакент", отдельные справочные материалы и информацию, необходимые для разработки текущих и перспективных программ;
     создавать координационные, научно-технические и экспертные комиссии и группы по важнейшим проблемам и проектам, реализуемым с участием СТЗ "Атакент";
     заслушивать руководителей хозяйствующих и иных субъектов, зарегистрированных и осуществляющих свою деятельность на территории СТЗ "Атакент", по вопросам реализации программ и проектов развития СТЗ, выполнения ими принятых на себя обязательств;
     осуществлять контроль за соблюдением хозяйствующими и иными субъектами правил природопользования и охраны окружающей среды, объектов инфраструктуры;
     осуществлять контроль и ревизию финансово-хозяйственной деятельности хозяйствующих и иных субъектов, зарегистрированных и действующих на территориии СТЗ, с привлечением соответствующих контролирующих органов в установленном порядке;
     принимать решения о приостановлении, запрещении отдельных видов деятельности хозяйствующего или иного субъекта или прекращении всей его деятельности, нормативных актов СТЗ "Атакент", обязательств, закрепленных в учредительных документах и контрактах, а также настоящего Положения.<*>
     Решения Административного совета могут быть отменены в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
     Сноска. В абзаце восьмом исключены слова - постановлением Правительства РК от 13 октября 1995 г. N 1327.
     7. Административный совет не может вмешиваться в хозяйственную, финансовую и иную деятельность хозяйствующих и иных субъектов, если эта деятельность не противоречит законодательству Республики Казахстан.
     8. Административный совет определяет порядок предоставления хозяйствующим и иным субъектам, зарегистрированным и осуществляющим хозяйственную деятельность на территории СТЗ "Атакент", стимулирующих условий и льгот в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 18 апреля 1994 г. N 1663 "О свободной торговой зоне "Атакент", а также порядок предоставления хозяйствующим и иным субъектам прав на аренду земли в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

              IV. Основные вопросы организации деятельности
                            Административного совета

     9. Административный совет возглавляется председателем, назначаемым Президентом Республики Казахстан.
     Председатель Административного совета имеет трех заместителей.
     Распределение и утверждение обязанностей между членами Административного совета производится председателем.
     10. Председатель Административного совета несет персональную ответственность за выполнение возложенных на СТЗ "Атакент" задач и функций, устанавливает степень ответственности заместителей председателя и руководителей структурных подразделений по руководству отдельными направлениями СТЗ.
     Председатель Административного совета:
     в пределах совей компетенции издает приказы и дает указания, обязательные для исполнения всеми подчиненными ему структурами;
     назначает и освобождает от должности своих заместителей, руководителей и их заместителей структурных подразделений Административного совета;
     утверждает штаты, структуру, условия оплаты труда исполнительной дирекции и других подразделений;
     имеет другие права в соответствии с законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением.
     11. Административный совет формируется в количестве 11 человек, в его состав входят председатель и его заместители по должности, руководители хозяйствующих и иных субъектов, зарегистрированных и осуществляющих свою деятельность на территории СТЗ "Атакент", и представители органов государственного управления.
     Персональный состав Административного совета утверждается Кабинетом Министров Республики Казахстан по представлению председателя Административного совета.
     12. Административный совет созывается председателем или по его поручению одним из его заместителей по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал. В заседаниях Совета в необходимых случаях участвуют руководители хозяйствующих и иных субъектов, государственных органов, ученые и специалисты, имеющие непосредственное отношение к обсуждаемым вопросам.
     Вопросы, рассматриваемые на заседаниях Административного совета, оформляются постановлением и решение считается принятым, если за него проголосовало не менее 2/3 членов Совета.
     Решения Административного совета, принятые в пределах его компетенции, обязательны для исполнения всеми хозяйствующими и иными субъектами, зарегистрированными и осуществляющими свою деятельность на территории СТЗ.
     13. Рабочим органом управления является исполнительная дирекция, формируемая Административным советом.
     Исполнительная дирекция возглавляется генеральным директором, который одновременно является первым заместителем председателя Административного совета.
     Права и обязанности исполнительной дирекции и генерального директора определяются Положением, утвержденным Административным советом.
     14. Споры между Административным советом и хозяйствующими и иными субъектами рассматриваются в органах суда и арбитражного суда Республики Казахстан или по договоренности сторон в третейском суде.
     15. Административный совет СТЗ "Атакент" имеет расчетный счет, печать со своим наименованием на казахском и русском языках.

                              УТВЕРЖДЕНО
                     постановлением Кабинета Министров
                           Республики Казахстан
                       от 23 августа 1994 г. N 950

                           ПОЛОЖЕНИЕ

        о порядке регистрации хозяйствующих субъектов на
          территории свободной торговой зоны "Атакент"<*>
    Сноска. Положение признано утратившим силу - постановлением Правительства РК от 13 октября 1995 г. N 1327.