1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк Республикасындағы Елшiлiгiн орналастыру үшiн республиканың меншiгiне Обервинтер селосы (Бонн), Рейнхохенвег көшесiндегi аумағы 0,4 га учаскесi бар N 79 үйдi сатып алу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi С.Т.Тұрсыновқа сатып алу-сату шартына қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Экономика министрлiгi 1994 жылдың екiншi жартысында республикадан 3 мың тонна мыс беру туралы 1994 жылдың 1 қазанына дейiн "Бергманн" фирмасымен контракт жасасып, онда Қазақстан Республикасының Елшiлiгi үшiн аталған үйдi сатып алудың өзара есеп айырысуға қажеттi шарттарын көздейтiн болсын.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi iшкi бағамен 3 мың тонна мыс сатып алу үшiн аталған контракт бойынша түскен валюталық түсiмнiң бiр бөлiгiн белгiленген тәртiппен теңгеге айналдыратын болсын.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1994 жылдың
1 қазанына дейiн экспортқа берiлетiн басқа өнiмдердi кемiту есебiнен 3 мың тонна мыс шығару үшiн квота бөлiнуiн қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi 1994 жылдың 1 қазанына дейiн экспортқа 3 мың тонна мыс шығаруға лицензия беретiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi