Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк Республикасындағы Елшiлiгiн орналастыру үшiн республиканың меншiгiне үй сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 5 қыркүйек 1994 ж. N 994

      Бонн қаласында жылжымайтын мүлiк рыногындағы қолайлы конъюнктураны, сондай-ақ "Бергманн" фирмасымен өтем негiзiнде қаржыландыру туралы қол жеткен уағдаластықты ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк Республикасындағы Елшiлiгiн орналастыру үшiн республиканың меншiгiне Обервинтер селосы (Бонн), Рейнхохенвег көшесiндегi аумағы 0,4 га учаскесi бар N 79 үйдi сатып алу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi С.Т.Тұрсыновқа сатып алу-сату шартына қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Экономика министрлiгi 1994 жылдың екiншi жартысында республикадан 3 мың тонна мыс беру туралы 1994 жылдың 1 қазанына дейiн "Бергманн" фирмасымен контракт жасасып, онда Қазақстан Республикасының Елшiлiгi үшiн аталған үйдi сатып алудың өзара есеп айырысуға қажеттi шарттарын көздейтiн болсын.
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi iшкi бағамен 3 мың тонна мыс сатып алу үшiн аталған контракт бойынша түскен валюталық түсiмнiң бiр бөлiгiн белгiленген тәртiппен теңгеге айналдыратын болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1994 жылдың

1 қазанына дейiн экспортқа берiлетiн басқа өнiмдердi кемiту
есебiнен 3 мың тонна мыс шығару үшiн квота бөлiнуiн қамтамасыз
етсiн.
     5. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi
1994 жылдың 1 қазанына дейiн экспортқа 3 мың тонна мыс шығаруға
лицензия беретiн болсын.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады