1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi өзiнде бар штат саны есебiнен 134 адам бөлiп:
- Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарыағаш, Жетiсай станцияларында Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Шығыс iшкi iстер көлiк басқармасының тораптық бөлiмдерi мен Дарбаза, Жылға, Шардара станцияларында милицияның тораптық пункттерiн;
- Жамбыл облысының Мерке, Шалдабар станцияларында Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Шығыс iшкi iстер көлiк басқармасы милициясының тораптық пункттерiн құратын болсын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi,
"Казконтракт" республикалық контракт корпорациясы" акционерлiк қоғамы iшкi iстер министрлiгiнiң өтiнiмi бойынша материалдық-техникалық және көлiк құралдарының қажеттi санын бөлсiн. 3. Оңтүстiк Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкiмдерi қажеттi үй-жай бөлiп, құрылатын көлiк милициясы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн пәтерлермен қамтамасыз етуге көмек көрсетсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi