Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Шығыс iшкi iстер көлiк басқармасының қосымша органдарын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 8 қыркүйек 1994 ж. N 1011

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүддесiн қамтамасыз ету, республика азаматтарының құқықтарын, бостандығы мен мүдделерiн қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының аумағымен өтетiн Орта Азия және Қырғыз темiр жол учаскелерiне жедел қызмет көрсететiн болуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi өзiнде бар штат саны есебiнен 134 адам бөлiп:
      - Оңтүстiк Қазақстан облысының Сарыағаш, Жетiсай станцияларында Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Шығыс iшкi iстер көлiк басқармасының тораптық бөлiмдерi мен Дарбаза, Жылға, Шардара станцияларында милицияның тораптық пункттерiн;
      - Жамбыл облысының Мерке, Шалдабар станцияларында Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Шығыс iшкi iстер көлiк басқармасы милициясының тораптық пункттерiн құратын болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi,

"Казконтракт" республикалық контракт корпорациясы" акционерлiк 
қоғамы iшкi iстер министрлiгiнiң өтiнiмi бойынша
материалдық-техникалық және көлiк құралдарының қажеттi санын
бөлсiн.
     3. Оңтүстiк Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкiмдерi 
қажеттi үй-жай бөлiп, құрылатын көлiк милициясы бөлiмшелерiнiң
қызметкерлерiн пәтерлермен қамтамасыз етуге көмек көрсетсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады