1. Мемлекеттiң, "Alemsystem" қаржылық-инвестициялық корпорациясының, жекеменшiк кәсiпкерлiк құрылымдардың, шетелдiк фирмалардың қатысуымен жабық акционерлiк қоғам түрiндегi "Азия-лизинг" көп салалы лизинг компаниясын (бұдан былай - Компания) құру туралы "Alemsystem" қаржылық-инвестициялық корпорациясының ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Компанияның жарғылық қорының 25 процентiнен аспайтын акциясының мемлекеттiк пакетiн ұстаушысы болып белгiленсiн.
3. Компанияға:
республиканың экономикалық мұқтаждықтарына сәйкес машиналық-техникалық импортты қамтамасыз ету;
өндiрiске жұмсалатын күрделi қаржылар жөнiндегi
кәсiпорындардың мүмкiндiктерiн ұлғайту жолымен инвестицияларды арттыруға және ұтымды етуге қолдау көрсету; өндiрiстiк салаға ауқымды шетелдiк инвестицияларды тарту құралы ретiнде халықаралық лизингтi пайдалану мiндеттерi жүктелсiн. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Компанияның басқа құрылтайшыларымен бiрлесе отырып, оны тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен құрылтайшы құжаттар пакетiн әзiрлейтiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi