Мемлекеттiң қатысуымен "Азия-лизинг" лизинг компаниясын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 10 қазан 1994 ж. N 1136

      Өндiрiстi техникалық және технологиялық жағынан қайта жарақтандыруды жандандыру, экономиканы құрылымдық қайта құру, жекеменшiк капиталды машиналық-техникалық импортты қаржыландыруға тарту, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметтiң жаңа түрiнде тәжiрибе жинақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiң, "Alemsystem" қаржылық-инвестициялық корпорациясының, жекеменшiк кәсiпкерлiк құрылымдардың, шетелдiк фирмалардың қатысуымен жабық акционерлiк қоғам түрiндегi "Азия-лизинг" көп салалы лизинг компаниясын (бұдан былай - Компания) құру туралы "Alemsystem" қаржылық-инвестициялық корпорациясының ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Компанияның жарғылық қорының 25 процентiнен аспайтын акциясының мемлекеттiк пакетiн ұстаушысы болып белгiленсiн.
      3. Компанияға:
      республиканың экономикалық мұқтаждықтарына сәйкес машиналық-техникалық импортты қамтамасыз ету;
      өндiрiске жұмсалатын күрделi қаржылар жөнiндегi

кәсiпорындардың мүмкiндiктерiн ұлғайту жолымен инвестицияларды
арттыруға және ұтымды етуге қолдау көрсету;
     өндiрiстiк салаға ауқымды шетелдiк инвестицияларды тарту
құралы ретiнде халықаралық лизингтi пайдалану мiндеттерi жүктелсiн.
     4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi Компанияның басқа құрылтайшыларымен
бiрлесе отырып, оны тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен құрылтайшы
құжаттар пакетiн әзiрлейтiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады