Қазақстан Республикасының металлургия өнеркәсiбiне арналған техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталықтарын құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 9 қараша N 1238. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.07.28. N 1154 қаулысымен. ~P001154

      Республика металлургия өнеркәсiбiндегi жұмыстардың қауiпсiздiгiнiң проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер және сараптау жүргiзу, апаттан және зақымданудан сақтандыру жөнiндегi басқа да алдын алу шараларын жүзеге асыру қажеттiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Шикiзатты кешендi өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығының Химия-металлургия институты (Қарағанды қаласы) жанынан қара металлургия кәсiпорындарына арналған Техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Минералды шикiзатты кешендi өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығының Шығыс түстi металдар ғылыми-зерттеу институты (Өскемен қаласы) жанынан түстi металлургия кәсiпорындарына арналған техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы құрылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау комитетiне ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметiне әдiстемелiк және жедел басшылық ету, осы орталықтардың ережесi мен құрылымын, олардың жұмысын реттейтiн өзге де нормативтiк құжаттарды пысықтау мен келiсу жүктелсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен. P961031_
      4. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау комитетi мен Химия-металлургия институты және Шығыс түстi металдар ғылыми-зерттеу институты үш ай мерзiмде аталған ғылыми-зерттеу орталықтарының ережелерi мен құрылымын әзiрлеп, бекiтсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен.
      5. Металлургия өнеркәсiбiндегi жұмыстың қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-техникалық орталықтар қызметiнiң мынадай негiзгi бағыттары белгiленсiн:
      еңбек қауiпсiздiгi талаптарының шарттарын негiзге алып, техникалық құжаттамаға мемлекеттiк сараптауды жүзеге асыру, жаңадан әзiрленген, жаңартылған шетелдiк металлургия жабдықтары мен бақылау-өлшеу приборларын сынау және сертификаттау;
      техника қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша металлургия кәсiпорындарының объектiлерiн салу, қайта жаңарту және жоюға (тарату) арналған жобалық құжаттамаға нысаналы сараптама жүргiзу;
      техника қауiпсiздiгi бойынша корпорациялармен, компаниялармен, концерндермен, бiрлестiктермен, кәсiпорындармен бiрге ереже жобаларын және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттама жасау, сондай-ақ металлургия объектiлерiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзу мәселелерi бойынша келiсiмдер мен қорытындылар беретiн құжаттарды әзiрлеу;
      техника қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзiрлеуге қатысу.
      6. Ғылыми-зерттеу орталықтарын қаржыландыру барлық меншiк түрiндегi металлургия өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарымен тiкелей жасалған шарттар бойынша шаруашылық есеп негiзiнде, ал перспективалық және ұзақ мерзiмдi сипаттағы ғылыми-зерттеулер металлургия кәсiпорындарының техника қауiпсiздiгi проблемалары жөнiндегi мақсатты ғылыми зерттеулерге бөлiнген аударымдарының есебiнен құрылған Қазақстан Республикасы Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау комитетiнiң орталықтандырылған қорынан жүзеге асырылсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен.
      7. Ғылыми-зерттеу орталықтары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу қолданып жүрген заңдар мен нормативтiк актiлерге сәйкес, контракт және шаруашылық есеп негiзiнде белгiленсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, мемлекеттiк корпорациялар, концерндер, компаниялар, бiрлестiктер мен кәсiпорындар ғылыми-техникалық және ғылыми тәжiрибе базасын жасауда ғылыми-зерттеу орталықтарына жәрдем беретiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


О создании научно-исследовательских центров по технической безопасности для металлургической промышленности Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 9 ноября 1994 г. N 1238. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 28 июля 2000 г. N 1154 ~P001154

      В связи с необходимостью проведения научных исследований и экспертизы по проблемам безопасности работ в металлургической промышленности республики, осуществления других профилактических мер по предупреждению аварийности и травматизма Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Создать при Химико-металлургическом институте Национального центра Республики Казахстан по комплексной переработке минерального сырья (г. Караганда) научно-исследовательский центр по технической безопасности для предприятий черной металлургии.
      2. Создать при Восточном научно-исследовательском институте цветных металлов Национального центра Республики Казахстан по комплексной переработке минерального сырья (г. Усть-Каменогорск) научно-исследовательский центр по технической безопасности для предприятий цветной металлургии.
      3. Возложить на Комитет по надзору за безопасным ведением работ в промышленности и горному надзору Республики Казахстан методическое и оперативное руководство деятельностью научно-исследовательских центров, проработку и согласование нормативных документов, регламентирующих работу этих центров. <*>
      Сноска. В пункте 3 исключены слова - постановлением Правительства РК от 20 августа 1996 г. N 1031 P961031_ .
      4. Комитету по надзору за безопасным ведением работ в промышленности и горному надзору Республики Казахстан, Химико-металлургическому институту и Восточному научно-исследовательскому институту цветных металлов в трехмесячный срок разработать и утвердить положения и структуру указанных научно-исследовательских центров. <*>
      Сноска. В пункте 4 исключены слова - постановлением Правительства РК от 20 августа 1996 г. N 1031 P961031_ .
      5. Установить следующие основные направления деятельности научно-исследовательских центров по безопасности работ в металлургической промышленности:
      проведение государственной экспертизы технической документации, испытание и сертификация вновь разработанного, модернизированного и зарубежного металлургического оборудования и контрольно-измерительных приборов, исходя из условий требований безопасности труда;
      проведение целевой экспертизы проектной документации на строительство, реконструкцию и консервацию (ликвидацию) объектов металлургических предприятий по вопросам технической безопасности;
      разработка с корпорациями, компаниями, концернами, объединениями, предприятиями проектов правил и другой нормативно-технической документации по технике безопасности, а также подготовка документов для согласования и выдачи заключений по вопросам безопасного ведения работ на металлургических объектах;
      участие в разработке проектно-сметной документации по вопросам технической безопасности.
      6. Финансирование научно-исследовательских центров осуществлять на хозрасчетной основе по прямым договорам с предприятиями металлургической промышленности всех форм собственности, а научные исследования перспективного и долгосрочного характера - из централизованного фонда Комитета по надзору за безопасным ведением работ в промышленности и горному надзору Республики Казахстан, образуемого за счет отчислений металлургических предприятий на целевые научные исследования по проблемам технической безопасности. <*>
      Сноска. В пункте 6 исключены слова - постановлением Правительства РК от 20 августа 1996 г. N 1031 P961031_ .
      7. Оплату труда работников научно-исследовательских центров установить в соответствии с действующим законодательством и нормативными актами на контрактной и хозрасчетной основе.
      8. Министерству промышленности и торговли Республики Казахстан, государственным корпорациям, концернам, компаниям, объединениям и предприятиям оказать содействие научно-исследовательским центрам в создании научно-технической и экспериментальной базы.
        Премьер-Министр
     Республики Казахстан