Орал-Каспий балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының қарамағына беру жөнiнде

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 9 қараша 1994 ж. N 1252

      Балық шаруашылығын ғылыми қамтамасыз етудiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясы мен "Балық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының Орал-Каспий балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының қарамағына беру және оны Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Атырау бөлiмшесi етiп қайта құру жөнiндегi Атырау облысының әкiмiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      Ғылыми-зерттеу институтын қайта құру Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясына ғылыми-зерттеу жұмыстары үшiн бөлiнген бюджеттiк қаржылар мен басқа да лимиттер шегiнде жүргiзiлсiн.
      2. Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясы бiр айлық мерзiм iшiнде берiлген ғылыми мекеменiң ғылыми қызметiнiң негiзгi бағыттары мен ұйымдық құрылымын белгiлейтiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


О передаче Урало-Каспийского научно-исследовательского института рыбного хозяйства в ведение Казахской академии сельскохозяйственных наук

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 9 ноября 1994 г. N 1252

      В целях повышения эффективности научного обеспечения рыбного хозяйства Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Принять предложение Казахской академии сельскохозяйственных наук, Государственной акционерной компании "Балык", согласованное с Атырауской областной администрацией, о передаче в ведение Казахской академии сельскохозяйственных наук Урало-Каспийского научно-исследовательского института рыбного хозяйства и преобразовании его в Атырауское отделение Казахского научно-исследовательского института рыбного хозяйства.
      Преобразование научно-исследовательского института произвести в пределах бюджетных ассигнований и других лимитов, выделенных Казахской академии сельскохозяйственных наук на научно-исследовательские работы.
      2. Казахской академии сельскохозяйственных наук в месячный срок определить основные направления научной деятельности и организационную структуру передаваемого научного учреждения.
        Премьер-Министр
     Республики Казахстан